Объединение юридических лиц в форме ассоциации



Pdf көрінісі
бет18/199
Дата28.02.2023
өлшемі3.95 Mb.
#470155
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   199
1 3 ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ НАУКИ

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2020: CENTRAL ASIA» 
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, FEB-MARCH 2020 
 
18 
УДК 373.1 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН 
ДАМЫТУДА КОГНИТИВТІ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ 
 
Карина Мархаббат Махамбетовна 
М. Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты
Ғылыми жетекшісі – Хасанова Инкар Утебаевна 
М. Өтемісов атындағы БҚМУ доценті, п.ғ.к. 
Қазақстан, Орал
Аннотация: Мақалада бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі сабағында сөйлеу 
дағдыларын дамытуда когнитивті оқытудың ерекшілігі жайында сөз етіледі. 
Кілттік сөздер: Сөйлеу тілі, сөйлеу дағдылары, когнитивті оқыту, танымдық әрекет, 
когнитология ғылымы, когнитивті тіл білімі, тілдік ойлау, ұлттық таным. 
Бастауыш мектебінің қазақ тілі сабағында оқушының алған білім, біліктерін өмір 
жағдайларында қолдана алуға мүмкіндік беретін сөйлеу дағдыларын дамыту өзекті 
мәселеге айналып отыр. Бұл мәселені шешуде сөйлеу дағдыларын дамытатын әдістемелік 
зерттеу жұмыстары мен тиімді құралдар дайындау қажеттілігі туындайды. 
Соңғы жылдардағы тілші, әдіскер-ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесіне 
сүйенсек, мектеп оқушыларының әдеби кітаптарды оқымауы, тесттік білім көрсеткішінің 
басымдық танытуы, тиімді әдіс-тәсілдердің мақсатқа сай қолданбауы салдарынан 
көпшілігінің сөздік қоры жұтаң, сөз тіркестерін, сөйлем және мәтін құрауда дәрменсіздік 
таныту, ойын жүйелі түрде жеткізе алмауы т.с.с. кемшіліктердің белең алып бара 
жатқанын көреміз. Сондықтан мектептің бастауыш сатысынан бастап қазақ тілінің білім 
мазмұнын меңгертуде тиімді әдістерді қолдану қажеттілігі өзектендіріледі. Яғни, 
бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін қажетті тілдік 
дағдыларды дамытуға қатысты ұғымдарды, олардың түрлері мен қызметі, мазмұны мен 
әдіс-тәсілдерін ғылыми, әдістемелік тұрғыдан нақтылауды қажет етеді.
Жалпы тіл мәселесі, тілдік қатынас, сөйлеу әрекеті, олардың түрлері, оқушылардың 
сөйлеу әрекеттерін дамытудың теориялық және әдістемелік мәселелері шетелдік және 
қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Елімізде бастауыш сынып 
оқушыларының сөйлеу дағдыларын дамытудың дидактикалық және әдістемелік 
аспектілерін А. Байтұрсынов, Ғ. Бегалиев, Р. Әміров, С.Р. Рахметова, Ф. Оразбаева, Ә.Е. 
Жұмабаева, Г.И. Уәйісова, Н. Оразахынова, Т. Әбдікәрімова, Б. Қабатай және т.б. 
ғалымдар еңбектерінде қарастырылған. Коммуникативтікке бағытталған оқыту туралы 
Б.В. Беляев, И.Л. Бим, Г.Е. Ведель, П.Б. Гурвич, И.А. Зимняя, В.П. Кузовлев, А.А. 
Леонтьев, Е.И. Пассов, В.Л. Скалкин, Б.В. Царьков, Э.П. Шубин, М.Р. Львов, С.Р. 
Рахметова, Ф. Оразбаева сияқты ғалымдардың еңбектерінде зерттелгендігін көруге 
болады. 
Коммуникативтікке бағытталған оқытумен бірге, бастауыш сынып оқушыларының 
сөйлеу дағдыларын когнитивті оқыту арқылы да дамытудың өзектілігі туындауда. Бұл 
жағдайда қазақ тілін оқыту үдерісі танымдық (когнитивтік) негізде ұйымдастырылады. 
Сөйлеу дағдыларын меңгертуде қолданылатын мәтін мазмұны мен мәтінмен жұмыстану 
танымдық 
тұрғыда 
қарастырылады. 
Сол 
себепті 
жаңартылған 
білім 
беру 
бағдарламасындағы оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту жолдарының ғылыми
әдістемелік қырын кеңінен, жан-жақты қарастыру туралы мәселенің қажеттілігі осы 
тұрғыдан айқындалады.
Адамның танымдық әрекетін когнитология ғылымы зерттейді, ал когнитивті тіл 
білімі адам танымының жемісі болатын оның тілінде орныққан күрделі құрылымдарды 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет