Объединение юридических лиц в форме ассоциации


INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL



Pdf көрінісі
бет19/199
Дата28.02.2023
өлшемі3.95 Mb.
#470155
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   199
1 3 ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ НАУКИ

INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2020: CENTRAL ASIA» 
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, FEB-MARCH 2020 
 
19 
қарастырады, сондықтан когнитивті әдістеме адамға қатысты ой-әрекеттің, тілдік 
ойлаудың адам санасында орнығуын зерттейді. 
Ғалымдардың тілдің когнитивті аспектісіне зейін қоюы, яғни қазақтың ұлттық 
танымына сүйене отырып оқулық жазу Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов еңбектерінен 
бастау алады. Олар орыс, татар, башқұрт т.б. ұлттардың когнициясына емес, өз ұлтының 
дүниетанымына қарай әдіснамасын құра білді. Мәселен, аталмыш еңбегінің «Нәрселердің 
аттары. Зат есім» деп аталатын бөлімінде зат есімдерді туыстық атаулар (ата, әке, шеше, 
...), мамандық атаулары (ұстаз, дәрігер, егінші, ұста, ...), киім атаулары (төбетей, тақия, 
шапан, кебіс, мәсі, ...), төсек-орын атаулары (төсек, көрпе, киіз, ...), тамақ түрлері 
(қуырдақ, палау, нан, ...), сүтті тағамдар (ірімшік, қатық, сүт, ...), ауылдағы киіз үй 
құралдары (ауыл, киіз үй, кереге, уық, ...) т.б. [1, 93-99 бб.]. 
ХХ ғасырдың басында «Тіл – құрал» деген ұстанымды басшылыққа ала отырып, А. 
Байтұрсынов тілдің әлеуметтік, психологиялық, танымдық қызметтеріне назар аударды. 
Оның «Оқу құралы» (қазақша әліф-би) әліппесінде дыбыстарды оқыту кезінде 
жаттығулардан кейін оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік 
қорын байыту мақсатында танымдық деректер берілген. Бұл деректер – балалардың
дүниетанымын кеңейтетін өзін қоршаған айналадағы заттар мен құбылыстардың атауын 
білдіретін сөздер. Бұл еңбектің танымдық, этнографиялық, ұлттық-мәдени өзгешелігі 
ерекше. Біздің пікірімізше, таным көзін құраған тілдік материалдар сол кездің өзінде таза 
теориялық қағидаларға ғана емес, идеялық-рухани тәрбиеге де, халықтық дүниетанымға 
да арқау болған. Бұдан ғалымның бастауыш мектептен бастап оқушыларға тілді үйретіп 
қана қоймай, тілді таныту қажеттілігіне, әсіресе, ұлттық ойлау мен қабылдауға көңіл 
бөлгенін байқаймыз. 
Ұлттық тіл – ұлттық танымның (когниция) ең биік жемісі, яғни В. фон Гумбольдт 
айтқандай: «Тіл – сөйлеу арқылы ойды жеткізу үшін тұрақты қайталанып отыратын 
рухтың күші. Демек, әрбір ұлт өз тілінің шеңберімен қоршалған» [2, 349 б.]. «Когниция» 
термині таным ұғымын бергенімен, оның мазмұны танымға қарағанда кеңірек сипатта 
келеді. Жалпы когнитивтік ғылымға жаңа философиялық энциклопедияда: «Теориялы-
информациялық модельдерді қолдану негізінде сана мен жоғары ойлау процестерін 
зерттейтін жүйе» деп анықтама берілген [3, 264 б.]. Когнитивтік ғылымның зерттеу 
нысаны – санада бейнеленген ақпараттар мен білім [4, 180 б.]. Когнитивтік бағыттың 
басты мақсаты – дүниенің бейнесін белгілі бір тілдік жүйеде көрсету. Репрезентация 
(көрсету) – алғашқы түсініктен бастап, дамыған бай концептілік жүйедегі түсінікке дейінгі 
санадағы білімінің көрінісі [5, 15-16 бб.].
Когнитивті тіл білімі адамның ұлттық болмысқа негізделген танымдық деңгейінің 
тілдегі көріністерін зерттейді. Танымдық әрекеттің жүзеге асуы негізінде тек ана тілі 
арқылы ғана қалыптасатын тілдің қарапайым, іріленген концептілік жүйесінде бала 
санасында дамитын сөздер, сөз тіркестері, тұрақты тіркестер жатады. Бұл концептілік 
жүйе ғаламның тілдік бейнесінің қарапайым формасының көрсеткіші болғандықтан, өзі де 
күрделі мазмұнда болмайды. Бұл қарапайым мазмұн, жеңіл танымдық әрекетте ғана 
танылады, сондықтан баланың танымдық әрекетінің нәтижесі болады. Атап айтқанда
ғаламның тілдік бейнесі баланың тілінде қалыптасады. Бала ғаламды тіл арқылы таниды, 
сонда баланың тілінде ғаламның қарапайымдалған түрі көрінеді. Когнитивті 
лингвистиканың басты бірліктері, яғни категориялары когнитивті лингвистиканың 
негіздерін құраса, олардың бәрі осы танымдық әрекеттің жемісі деп білген жөн. Әрине, 
танымдық әрекет те индивид жеке тұлғаға айналған сайын күрделене береді де, оны тілдік 
тұлғаға ұластыруға өз әсерін тигізеді. Тілдік таным, яғни когниция терминінің мәніне 
жақын келетін осы қызмет адамды жеке тілдік тұлғаға көтеретін басты тетіктердің бірі 
болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет