Объединение юридических лиц в форме ассоциации


INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL



Pdf көрінісі
бет70/199
Дата28.02.2023
өлшемі3.95 Mb.
#470155
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   199
1 3 ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ НАУКИ

INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2020: CENTRAL ASIA» 
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, FEB-MARCH 2020 
 
67 
- білім беру мекемелерінің үлгісінде, білім беру мазмұнында, білім беру 
процестерінің деңгейінде білім берудің вариативтілік идеяларын жүзеге асыру мүмкіндігі;
-жоғаргы сыныптарда бейіндік оқытудың мазмұнын жүзеге асырушы мамандармен 
қамтамасыз ету; 
- орта білім беру денгейінін білім беру ұйымдары ретіндеri техникалық және 
кәсіптік білім беру мекемелерінде бейіндік оқытуды ұйымдастыру.
Сонымен, бейіндік оқыту - кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге дайындау, 
олардың кәсіптік бағдарлары үшін жағдай жасау, оқушылардың арнаулы бейімділігі мен 
қызығушылығын, танымдық қабілетін ескеруге бағытталған білім беру процесінің 
кұрылымы мен мазмұнын ұйымдастыру түрі, жоғары сыныптағылардың оқуын даралау 
мен саралап жіктеудің педагогикалық жүйесі.
Бейіндік оқытуды ұйымдастыру мақсаты:
1. Оқушылардың әлеуметтену мүмкіндігін кеңейтіп, Қазақстан азаматтарының 
сындарлы рөл ретінде базалық құзыреттер түріндегі білім беру жүйесінің ұлттық 
мақсаттарына жетуге мүмкіндік туғызу. 
2. Жалпы орта білім берудің жеке оку жоспарларын жобалау мен іске асыру 
мүмкіндігін, 11-12 сынып оқушыларының білім беру мазмұнын саралап жіктеу үшін 
нормативтік және ұйымдастырушылык педагогикалық жағдай жасау.
3. Оқушылардың сапалы білімге қол жеткізуін, олардың қабілеті мен 
қызығушылығын, танымдық және өмірлік қажеттіліктеріне, бейімділіктеріне сәйкес 
қамтамасыз ету.
4. Жоғарғы кәсіби және орта білім деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ету.
Мектептегі және педагогикалық ЖОО-дагы бейінді оқыту. 
Мектептегі 
бейіндік 
оқыту 
– 
оқушылардың 
өздерінің 
танымдық 
қызығушылықтарына, қабілеттілігіне, оқудағы жеткен жетістіктеріне және кәсіби 
ниеттеріне байланысты олардың оқыту бағдарын еркінше тандап алуға негізделген.
Ол оқушылардың белгілі бір тобына қатысты даралық тұрғыдан қарауды жүзеге 
асыруға бағытталған. 
Математиканы бейінді оқытудың негіздері. 
Оқушыларды бір бағдарлама бойынша негізгі үш деңгейде дайындау:
жалпы мәдени, қолданбалы, шығармашылық. 
«Казакстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту» 
концепциясы: жалпы орта білім беру жүйеcі жұмысының мазмұны мен құрылымына 
өзгерістер енгізу кажеттілігі. Экономикасы дамыған елдердегі білім беруді негізгі 
тенденциялары: міндетті білім берудің 12 жыл ұзақтығы бар әртүрлі елдердің білім беру 
жүйесіндегі ұқсас және ерекше проблемалар.
Бейіндік оқытудың қазіргі жағдайы. Бейіндік оқыту мәселелері жиі қойылатын 
сұрақтарды қарастырайық.
Бейінді оқыту деген не? 
Бейінді оқыту — орта мектептің жоғары сыныптарында негізгі жалпы білім беру 
базасында білімнің жеке салалары (ғылыми: жаратылыстану, гуманитарлық т.б.) бойынша 
пәндерден терең білім беру максатында ұйымдастырылатын арнайы дайындық.
Орта мектептің жоғары сатысында қанша және қандай бейінділіктер бөлінеді? 
Бейінді оқыту жүйесіне келесі бейінділіктер енетіні болжануда: 
- филологиялык, 
- әлеуметтік-экономикалық,
- элеуметтік-гуманитарлық, 
- акпараттық-технологиялық және басқалар. 
Осында (бейіндік емес) универсал мектептерде оку мүмкіндігі сақталып қалады.
Бейіналды дайындық деген не?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет