Ќолдыњ топографиялыќ анатомиясы



бет9/85
Дата02.01.2022
өлшемі0.49 Mb.
#452250
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   85
Қайырбекова Қ.Қол мен аяқтың топографиялық анатомиясы және оперативтік хирургиясы

Иық аймағы

Шекаралары: жоғарыдан m. pectoralis majoria-ті және latissimus dorsi-дің төменгі жиегін қосатын сызықпен, төменнен иық сүйегінің және epycondylus-тен екі елі medialis жоғары өтетін сызықпен lateralis шектелген.

Қабаттары:


  1. Тері –ішкі бетінде, жұқа, артқы және сыртқы бетінде қалың.

  2. Тері асты клетчаткасы. Онда тері асты тамырлары мен жүйкелері орналасқан. Аймақтың сыртқы бөлігіне sulcus bicipitalis lateralis-ке сәйкес келеді, одан v. subclavia өтеді және v. cephalica-ға құяды. sulcus bicipitalis medialis-те v. basilica орналасқан. Иықтың ортаңғы бөлігінде v. brachialis-ке құяды.

  3. Беткі шандыр.

  4. Иық апоенврозы /fascia, s. aponeurosis brachii/. Одан иық сүйегіне екі бөлгіш шығады: 1. septum intermusculare laterale иықтың ортаңғы бөлігінде – m. brachioradialis пен m. triceps арасында жатады. 2. septum intermusculare mediale-m. brachialis-пен m. triceps-тің ішкі басының арасында жатады. Жазғыш және бүккіш бұлшық еттерге екі арна түзеді, сонымен қатар апоневроз тамыр-жүйке шоғырына қынап түзеді.

  5. Бұлшық еттер. Иықтың алдыңғы бетінде бүгетін бұлшық еттер тобы орналасқан: mm. Biceps, coracobrachialis, brachialis m. biceps беткей орналасқан, /екі басымен басталады – captum longum – tuberositas supraglenoidalis scapulae-дан басталып tuberositasradii-ге бекітіледі/. М. сoracobrachialis екі басты бұлшық еттің астында иықтың төменгі бөлігінде орналасқан. Осы бұлшық еттердің бәрін n. musculocutaneus /C V-CVII/ жүйкелендіреді.

  6. Тамырлар мен жүйкелер. Екі басты бұлшық еттің екі бетінде sulci bicipitales mediales және lateralis жүлгелерінде орналасқан. Осы жүлгелердің біріншісі арқылы басты тамыр-жүйке шоғыры екі венамен бірге a. a. brachialis және n. medianus өтеді. Иықтың жоғарғы үштен бірінде n. medianus артерияның сыртында, ортасында оны алдыңғы жағынан қиып, ал төменгі бөлігінде артерияның ішкі жағынан өтеді. N. ulnaris иықтың жоғарғы бөлігінде, a. brachialis-тің артында және ішкі жағында жатады, иықтың ортасында septum intermusculare mediale-ны тесіп өтіп, a. collateralis ulnaris superior және аттас веналармен бірге артқы бұлшық ет арасына өтеді. N. musculocutaneus иықта m. brachialis пен m. diceps арасында орналасқан. Артқы бұлшық ет арасында бір ғана бұлшық етпен толған m. triceps /ұзын басы tuberilitas intraglenoidalis scapulae-дан, ішкі және сыртқы басы иық сүйегінен басталып olecranon-ға бекітіледі/. N. radialis алдымен a. axillaris-тің артында, сосын a. profundae brachii-пен бірге, m. triceps пен иық сүйегі арасында орналасқан canalis hymeromuscularis-ке түседі және соңғысын дөңгеленіп артынан орап өтеді. Сүйекті айналып өтіп, жүйке иықтың сыртқы бетіне өтеді, ол жерге septum intermusculare laterale-ны тесіп өтіп, m. brachialis және m. brachioradialis арасында жатады.


Шынтық аймағы

Аймақтың шекарасы иық сүйегінің ішкі және сыртқы айдаршығын қосатын сызықтан екі елі жоғары және төмен жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет