«Орта білім берудің жаңартылған мазмұнының технологиясы» пәні бойынша Мультимедиялық презентациялар (дәріс) мамандығы: «6B01705-Шетел тілі: екі шетел тілі»


Мұғалімнің кәсіптік қызметінің құрамдас бөліктері



бет32/34
Дата25.11.2022
өлшемі1.4 Mb.
#465773
түріПрезентация
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Орта білім берудің жаңартылған мазмұнының технологиясы

Мұғалімнің кәсіптік қызметінің құрамдас бөліктері:
- Кәсіптік жаңашылдық қызметі;
- Біліктілігін көтеру;
- Кәсіптік тұлғасы;
- Әдістемелік жұмыстар;
- Сыныптан тыс жұмыстар;
- Педагогикалық қоғамдық қызметі.
Мұғалімнің біліктілігін жетілдіру екі бағытта жүргізілуі тиіс:
1. Мұғалімнің кәсіптік жұмысының мәнін үйлесімді өзгерту, яғни басты қызметтік нұсқауды орындау емес, күтетін нәтиже үшін оқу үрдісін шығармашылықпен үйлестіру;
2. Білім беру барысында мұғалімнің зерттеушілік бағытттағы қызметін күшейтуге байланысты мұғалімнен кәсіптілікті кеңейтуді талап ету.
Осы бағытта қазіргі таңда мұғалімдерге мынадай әдістемелік талаптар қойылады:
- педагогикалық – психологиялық деңгейін көтеру;
- оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын, әдістемелер мен тәсілдерді зерттеп, меңгеру және оны өзінің кәсіптік жұмысына қолдана білу;
- өз білімін көтеруге, шығармашылық жұмыс атқаруға ынталандыру, қажетті жағдайлар туғызу, педагогтарды ақпараттық жағынан қамтамасыз ету;
- авторлық бағдарламалар, курстар, құралдар, мақалалар ізденістер жасауға ұмтылдыру, қызықтыру, ынталандыру және ондай мұғалімдерге қолдау көрсету;
- педагогтардың жұмысында еңбекті ғылыми ұйымдастыруда әр мұғалімнің күнделікті ісіне енгізу.
Мұғалімнің кәсіби өсуінің өзекті мәселелері:
- кәсіптік даярлаудың сапасын жақсарту;
- біліммен қамтамасыз етудің ғылыми - әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың формалары мен әдістерінің түрлерін өзгерту;
- оқытудың алдыңғы қатарлы оқу – тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою;
- білімдегі жаңашылдықты саралау;
- білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның ролін арттыру;
- қазіргі заман техникасы мен технологиясын жоғары деңгейде қолдана білу.
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ФОРМАЛАРЫ:
 әдістемелік секциялар, мұғалімдер қауымдастығы;
 бір сынып мұғалімдерінің командалық жұмысы;
 параллель сынып мұғалімдерінің ынтымақтастығы;
 тіл пәндері мұғалімдерінің ынтымақтастығы;
 тіл пәндері мұғалімдерінің және тілдік емес пәндер мұғалімдерінің ынтымақтастығы;
 мұғалімдер мен мектеп әкімшілігінің ынтымақтастығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет