Осы мақсатқа жету үшін алдымызға талапқа сәйкес келесі міндеттерді қойдық



бет2/16
Дата22.11.2022
өлшемі94.1 Kb.
#465465
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Ельдар Хамитов ООД

Өрт тактикасы - өртті сөндіру бойынша бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу және дайындау практикасы мен теориясы.
Өртті сөндіруадамдарды, мүліктерді құтқару мен өрттерді жоюға бағытталған жауынгерлік іс-қимылдар. Өрттерді сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Жауынгерлік іс-қимыл – негізгі жауынгерлік тапсырманы орындауға осы Жарғыда көрсетілген өртке қарсы қызметінің күштері мен құралдарын ұйымдасқан түрде пайдалану.
Өрт тактикасы зерттеуге, заңдылықтарды анықтауға, өртке қарсы қызметінің бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылдарды дайындауға және жүргізуге бағытталған, ең негізгісі - өрт сөндіруге. Сондықтан да ол өртке қарсы қызметі бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылдарының минималды мерзімде өрт сөндірудің қолайлы формалары мен әдістері теориясына мән береді.
Сонымен, өрт тактикасы өзара байланысқан екі негізгі тапсырманы шешеді:
заңдылықтарды білу және өртте адамдарды құтқару әдістері мен қимылдарын өңдеу;
заңдылықтарды білу және өртті сөндіру бойынша өртке қарсы қызметінің бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудің әдістері мен тәсілдері.
Өртке қарсы қызметі бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылдарының жаңа әдістері мен тәсілдерін өңдеу үшін, олардың тактикалық мүмкіндіктерін білу қажет, ол өрт тактикасының тапсырмасы болып табылады.
Өрт сөндіру бөлімшелерінің апатты, су тасқынын, жер сілкінуді жою кезіндегі және басқа да ерекше жағдайлардағы іс-қимылдары, сондай-ақ олардың басқа қызметтер және ведомстволармен өзара әрекеттесуі арнайы жетекшілік, нұсқаулар, тапсырмалармен ұйымдастырылады.

1Жедел-тактикалық қатынастағы нысанның сипаттамасы.


1.1. Жалпы сипаттамасы.

«Береке бірлік» ЖШС Селевина көшесінде орналасқан. ӨСБ-11 арақашықтығы 3 км. «Ірімшік зауыты» 2 қабатты ғимараттан тұрады. Қабырғалары күйген кірпіштен, қабаттар арасы темір бетоннан жабылған, темір плитадан, мраморлы ұнтақпен цементтелген. Ғимарат көлемі 24*60 м. Жарық көзі электрлі, орталықтандырылған жылу жүйесі, өртке төзімдігі 1 дәрежелі.«Береке бірлік» ЖШС-ның жалпы техника-экономикалық сипаттамасы.


«Береке бірлік» ЖШСнегізі – 1997 жылы құрылған. Ол көтерме және бөлшек сауда, автомобильдер мен мотоциклдерді жөндейтіналып кәсіпорындардың бірі.
Ірімшік зауыты 2 баспалдақ, 2 эвакуациялық шығатын есік бар. Ірімшік зауытында өртке қарсы дабылдау жүйесі орнатылған. Түтін тарату жүйесі қарастырылмаған.
Ғимаратты табиғи газбен жылыту орталықтандырылған,түнде ғимаратты 3 қызметкер күзетеді.
Өрт қауiпсiздiгiнде бiр маңызды көрсеткiш бақылаудағы нысандардағы өрттердің көрсеткiшi болып табылады. Бақылаудағы нысандардағы өрттерді төмендету әдеттегiдей алдын алу жұмыстарын тиiмдi жүргізу болып табылады. Осындай нысандардағы өрттерге мысал келтіре кетсек:
Экономикамыздың жылдан-жылға дамып, соның ықпалымен өрт күзеті гарнизондарының техникалық жарақтануы жаңа биіктерге көтерілгеніне қарамастан, сауда орындарында өртті ликвидациялау әлі де болса аса ауыр да күрделі болып қала береді.
Мұндай өрттерді сапалы түрде сөндіру үшін басқарушы құрамның және кезекші қарауылдың жеке құрамның тактикалық дайындығын жетілдіру керек сияқты. Менің ойымша мұны іске асыру үшін гарнизон масштабында өрт-тактикалық оқу-жаттығу шараларын және өрт-тактикалық шешімі бар сабақтар өткізу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет