Оспанбеков ербол анарбекович



Pdf көрінісі
бет61/75
Дата03.01.2022
өлшемі1.98 Mb.
#450748
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   75
dis ospanbekov e a (1)

ҚОРЫТЫНДЫ 
 
Қазақстан  Республикасының  бәсекеге  қабілетті  елдер  қатарына 
қосылуының  және  педагогикалық  жоғары  оқу  орындарының  алдында  тұрған 
басты мақсаты – бәсекеге қабілетті, өз мамандығына деген ізденушілігі жоғары, 
өз мамандығын толық меңгерген, алған білімін кез келген жағдайларға қолдана 
алатын білікті де білгір маман қалыптастыру. 
Диссертациялық  жұмыс  «Атомдық  және  ядролық  физика»  курсын  орта 
мектепте  оқытуға  мұғалімдерді  даярлаудың  әдістемелік  негіздерін  көрсету 
мәселесіне арналған.  
Зерттеу жұмысын орындау барысында келесі міндеттер шешімін тапты: 
1.  Әдіскер  ғалымдардың  болашақ  мұғалімдерді  даярлау  мәселесіне 
арналған  еңбектеріне  талдау  жасау  негізінде  болашақ  физика  мұғалімдерін 
даярлаудың  практикалық  іс-әрекетке  негізделген  моделі  көрсетілді.    Болашақ 
физика  мұғалімдерін  даярлаудың  практикалық  іс-әрекетке  негізделген  моделі 
негізінде оқу практикасына енгізілген оқытудың психодидактикалық моделдері 
және білім беру моделдерін іске асыруға арналған психодидактикалық әдістері 
берілді.  
2. Орта мектептерде «Атомдық және ядролық физиканы» оқытудың қазіргі 
жағдайына  шолу  жасалды,  яғни  оқушылардың  білім  деңгейлерін  тексеру 
мақсатында,  бақылау  жұмыстары  мен  сауалнама  жүргізіліп,  олардың  талдау 
нәтижелері келтірілді. 
  3.  «Атомдық  және  ядролық  физика»  курсының  құрылымы  және 
мазмұндық  ерекшеліктері  талданып,  «Атомдық  және  ядролық  физика» 
курсының  бағдарламасы  көрсетілді.  5В011000  –  Физика  мамандығында 
оқылатын  «Атомдық  және  ядролық  физика»  курсы  мен  мектептің  9  және  11 
сыныптарының  физика  курсында  атомдық  және  ядролық  физика  бойынша 
оқытылатын мәселелердің мазмұны берілді. 
4.  Атомдық  және  ядролық  физиканы  оқытуды  ұйымдастыру  әдістемесі 
талданып,  атомдық  және  ядролық  физика  құбылыстары  мен  процестерін 
оқытуда  аудиовизуалды  техникалық  оқыту  құралын  пайдалану  әдістемесі 
берілді.  «Атомдық  және  ядролық  физика»  курсының  жұмыс  жоспарындағы 
зертханалық  жұмыстардың  құрамының  толықтырылу  көрсетіліп,  мектепте 
өткізілетін 
практикалық 
жұмыстарда 
анимациялық-компьютерлік 
технологияны пайдалану мен тренажер бағдарламасы көрсетілді. 
5.  «Атомдық  және  ядролық  физика»  курсын  орта  мектепте  оқытуға 
мұғалімдерді даярлаудың  әдістемелік негіздерінің  тиімділігінің педагогикалық 
эксперименте дәлелденуі мен нәтижелері берілді.  
Атомдық  және  ядролық  физиканы  оқытуды  ұйымдастыру  әдістемесі 
берілді.  Мектепте  атомдық  және  ядролық  физиканы  оқытуда  педагогикалық 
практиканың  маңызы  айшықталып,  атомдық  және  ядролық  физика  бойынша 
зертханалық  жұмыстар  мен  практикумдарды  өткізу  әдістемесі  көрсетілді. 
Зерттеу жұмысы нәтижелерінің қорытындысы эксперимент жүзінде дәлелденді. 
Эксперимент нәтижелері ұсынып отырған әдістеменің тиімділігін көрсетті. 


113
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет