Кейбір оқушылар Мәтін мазмұнын дамытып айтады
Тілдік мақсат
Сыныптағы диалог (жазылым) үшін пайдалы тілдік бірліктер: Берілген сөздердің дыбыстарын өзгерту арқылы басқа сөздер құрастыра алады
Талқылауға арналған тармақтар: Мақал-мәтелдер туралы түсінік. Орындалатын тапсырмалар арқылы бір - бірін тыңдауға, сыйлауға дағдыланады.
Айтылым бойынша ұсыныстар: Оқушылардың сауаттылығы артады, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа үйренеді.
Алдыңғы оқу дауысты дыбыс туралы түсінік беру, алған білімдерін бекіту
«Ыстық орындық» тәсілі бойынша сұрақтарға жауап беру
І. Ұйымдастыру кезеңі (психологиялық дайындық)
Мақсатымыз – білім алу,
Міндетіміз – еңбектену.
Еңбек етіп жұмыла
«5-ке» қолды жеткізу.
1. Үй тапсырмасын сұрау
Тақтада сандар сиқырлы сандар солардың сиқырын ашайық.
(1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 – цифрлардың артындағы сұрақтарға жауап беру)
1) Сөз туралы не білесіңдер? (сөз дыбыстан құралады, бір-бірімізбен сөйлесіп түсінісеміз, ойымызды жеткіземіз)
2) Сөз мағынасына қарай нешеге бөлінеді (үшке)
3) Алыс-жақын, ащы-тұщы, сараң-жомарт қандай сөздер (қарсы мәндес-антоним)
4) Мәндес сөздерге мысал келтір. Олар қалай аталады? (синоним)
6) Дара сөз деген не?
7) Дара сөз мағынасы мен жасалуына қарай нешеге бөлінеді? (негізгі, туынды)
3. Сабаққа зейіндерін аударту.
Мұғалімнің сөзі Ертегі «Айна мен Гүл»
Ертеде Айна өмір сүріпті, бірақ оның өмірі көңілсіз, әрі жалғызсырап жүріпті. Өмірден қатты түңіліп келе жатса, оның алдынан жайқалған гүл шығады.
- Айна, Айна сен неге сонша көңілсізсің?
- Жалғыздықтан жалықтым, өзіме лайық дос іздеп келемін.
- Мені елдің бәрі көркем әдемі дейді. Бірақ өзімнің әдемшілігімді ешқашан көрген емеспін, көргім келеді.
Менімен дос болшы?
- Алақай, алақай, мен өзіме лайық дос таптым.
Содан бері Айна мен Гүл дос болыпты. Қазақтар Айнагүл есімді қыз баланың атын қоя бастапты. Айна+гүл екі түбір сөзді біріктіріп бір сөз жасауға болады.
Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Біріккен сөз»
Қысқарған сөздер дегеніміз - күрделі атаулардың қысқартылып жазылған түрі. Мысалы: ТМД, АҚШ, см, ТУ-154.
Достарыңызбен бөлісу: |