Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті



Pdf көрінісі
бет29/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

Ақуыздың атқаратын қызметіАқуыздын жасуша тіршілігінде-
гі атқаратын қызметі орасан зор: 1. Ақуыз құрылыс материалы балып 
табылады. Жасуша мен цитоплазма органоидтарының жарғақшалары 
ақуыздан  құралған.  Жануардардың  мүйізі,  тұяғы,  тырнағы,  қауыр-
сыны,  түктері,  сіңірлері,  шеміршектері, қан  тамырларының қабырға-
сы және т.б.негізінен, ақуыздан тұрады. 2. Көптеген ақуыз - фермент-
тер  катализаторлық  қызмет  атқарады.  Олар  жасушадағы  химиялық 
реакциялардың жүруін ондаған, жүздеген, тіпті миллион есе тездетеді 
(ақуыз бөлімін қара). Ферменттер бірімен-бірі әрекеттесетін қосылыс-
тармен уақытша байланысқа түсіп, реакцияның жүру жолын өзгерте-
ді.  Мысалы,  А  мен  Б  молекулаларынан  тұратын  күрделі  қосылысты 
былайыдыратады.  Реакцияға  түскен  АБ  →  А  +  Б  болып  қалай 
ыдырайды?  Мұндағы  ферменттің  рөлі  неде?  Осы  АБ  қосылысты 
ферментпен  араластырғанда  олардың  арасыңда  мынадай    реакция 
жүреді: АБ + Ф → АФБ. Фермент АБ қосылысының құрамынан Б-ны 
ығыстырып  шығарып,  онын  орнына  өзі  тұрады.  Пайда  болған 
уақытша  қосылыс  АФ  өте  тұрақсыз,  сондықтан  тез  ыдырап  кетеді: 
АФ→А+ Ф. Бұл реакция өте жылдам жүреді. Фермент реакциялардан 
еш  өзгеріссіз  шығады.  Сонымен  ферменттер  биологиялық  катализа-
тор  болып  табылады.  Бұл  әрекет  кәдімгі  катализаторлармен  салыс-
тырғанда тек ірі ағза денесіңде жүруімен ерекшеленеді. 
Ферменттердің  1000-ға  жуық  түрі  белгілі.  Олардың  құрамына 
ақуыздан  баска  Mg,  Fe,  Мn  металдары  және  дәрумендер  кіреді.  Әр 
реакция  өзінің  арнаулы  ферменттерімен  катализденеді.  Бұл  кезде 
реакцияға фермент толық қатынаспай, оның арнаулы бөлігі белсенді 
орталығы  ғана  қызмет  атқарады.  Зат  молекуласының  құрылымына 
ферменттің белсенді орталығының геометриялық сәйкес болуы, яғни 


32 
 
кілттің құлыпқа дәл келуі сияқты болады. Ферменттер белгілі бір тем-
пературада және pH - ортада ғана өз қызметін дүрысс аткара алады.  
3. Ақуыз қозғалысты қамтамасыз ету қызметін атқарады. Мәсел-
ен, адам мен жануарлардағы бұлшыкеттердің жиырылуы, талшықтар 
мен кірпікшелі кебісшенің қозғалысы, т. б.  
4. Ақуыз тасымалдау қызметін атқарады. Мысалы, қандағы гемо-
глобин ақуызы өкпеден сіңіріп алған оттегін дененің бүкіл ұлпалары 
мен мүшелеріне таратады.  
5. Ақуыздың қорғаныштық, қызметінің де маңызы зор. Антидене-
лер  деп  аталатын  арнайы  ақуыз  ағзаға  келіп  түскен  бөгде  заттарды 
залалсыздаңдыра алады.  
6. Ақуыздың ерекше бір қызметі - хабар беру. Жасуша жарғақша-
сының  сыртқы  қабатында  орналасқан  ақуыз  молекулалары  сыртқы 
орта  жағдайларының  жағымсыз  әсерінен  өздерінің  төртінші,  үшінші 
реттік  құрылымдарын  өзгерте  алады.  Мұны  сыртқы  орта  жайында 
жасушаға берілген хабар немесе бұйрық деп түсіну керек. 
7. Ақуыз, басқа да қосылыстар тәрізді, энергиялық, қызмет атқа-
рады.  Жасушадағы  ақуыз  аминқышкылдарына  дейін,  ал  аминқыш-
қылдарының біразы одан әрі өте қарапайым заттарға дейін ыдырайды 
Осының  нәтижесінде  ыдыраған  әр  грамм  ақуыздан17,6  кДж  энергия 
босап  шығады.  Акуыздың  осыншама  сан  алуан  қызмет  атқаруы 
олардың тіршілік, үшін аса маңызды органикалық қосылыстар екенін 
дәлелдейді.  Сондай  -  ақ  бақшадағы  топырақтың  құрамын  құнарлан-
дыратың  бактерия  жасушасндағы  биокатализатор  -  ақуыз  болып 
табылады. Ең алдымен, ақуыз азық түрінде қажет. Ол - біздің ағзамыз 
үшін  қуат  көзі,  ал  денсаулық  ақуыздің  мөлшеріне  тікелей  байла-
нысты. Ақуыздың тамақ құрамында жетіспеуі әр түрлі ауруға әкеліп 
соқтырады,  денсаулық  үшін  сапалы  ақуыз  керек.  Кұрамында  аса 
құнды аминқышқылдары болатын ақуыздар сапалы ақуыз деп атала-
ды. Өйткені аминқышқылдарыың бәрі адам денесіңде синтезделмей-
ді, оларды дайын күйіңде өсімдік және жануартекті азық-түліктерден 
қабылдайды.  Қорыта  келгенде,  ақуыздын  кызметін  былай  топтасты-
руға болады: 
-  жасушадағы  әр  түрлі  химиялық  реакцияларды  жүргізетін 
биокатализаторлар -ферменттер; 
-  жасуша  ішіндегі  белгілі  әрекеттерді  реттеуге  қатысатын  ақуыз 
— гормондар; 
-  жасушаны немесе ағзаны қорғайтын түрі; 


33 
 
-  сапасы жоғары коректік түрі; 
-  улы қасиеті бар — токсиндер; 
-  заттың тасымалдануын қамтамасыз ету; 
-  бұлшықеттің жиырылуың іске асыратын ақуыз
-  ДНҚ-ның 
“әкімшілік”  қызметін  реттейтін  және  вирус 
қабықшасын құрайтын түрлері болады. 
Демек,  тіршіліктің  тірегі  —  ақуыз  молекуласы  екеніне  жоғары-
дағы деректер толық дәлел бола алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет