Оқу мақсаты: Бағалау критерийлері


Эволюция ілімінің қалыптасуы



бет3/4
Дата13.03.2024
өлшемі1.98 Mb.
#495177
1   2   3   4
Тұқым қуалайтын өзгергіштік мутация пен эволюция арасындағы өзара

Эволюция ілімінің қалыптасуы
  • Ағылшын геологі Ч.Лайельдің Жер ғаламшарының қалыптасуы туралы теориясы да эволюциялық ілімнің қалыптасуына ықпал етті.
  • 1859 жылы Ч.Дарвин эволюция теориясын қалыптастыру арқылы эволюциялық ілімнің негізін салды.
  • XX ғасырдың басында Г.Мендельдің тұқымқуалаушылық заңдары ашылды. Дарвиннен кейін молекулалық биология мен генетиканың жетістіктеріне байланысты жаңа деректер, жаңаша талдаулар жасала басталды.

Эволюция ілімінің қалыптасуы
  • ХХ ғасырдың 30-жылдарында микроэволюция және макроэволюция туралы қалыптасқан көзқарастар эволюцияның жасанды терориясы деп аталды. Оның негізгі қағидалары: тұқым қуалайтын өзгергіштік эволюцияның материалы, тіршілік толқыны, оқшаулану кездейсоқтық және бағытталмаған сипатта болатын гендердің дрейфі эволюцияның факторы, ал табиғи сұрыпталу эволюцияның қозғаушы күші болып табылады.
  • Жүйелік топтардың эволюциясы биологиялық прогресс және регресс арқылы жүруі мүмкін


Биологиялық прогресс – жүйелік топтағы даралар санының артуы, таралу аймақтарының кеңеюі, басқа да жүйелік топтарға ажырауы, популяция мен түрдің түрішілік ортасына бейімделуі.
Биологиялық регресс – дамудың кері кетіп, төмен қарай құлдырауы, яғни жүйелік топтағы даралар санының кемуі, таралу аймақтарының тарылуы.
Эволюция ілімінің қалыптасуы
Академиктер Алексей Николаевич северцов пен Иван Иванович Шмальгаузен биологиялық эволюцияның бағыттарын анықтады.
Идиоадаптация_Дегенерация_Биологиялық_эволюцияның_бағыттары__Аромарфоз'>Биологиялық эволюцияның бағыттары
Аромарфоз
Идиоадаптация
Дегенерация
Биологиялық эволюцияның бағыттары
  • Аромарфоз, оны кейде арогенез деп те атайды. Бұл кезде организмдердің құрылысында күрделі өзгерістер байқалады, яғни даралардың құрылым деңгейі күрделеніп, тіршілк етуге бейімділіг арта түседі. Аромарфоз тұқым қуалайтын өзгергіштік пен табиғи сұрыпталудың нәтижесінде пайда болады.
  • Идиоадаптация – организмнің құрылым деңгейі күрделенбей, өзгермей тіршілік үшін күресте белгілі бір орта жағдайда бейімделуі. Әрбір түр белгілі бір ортада тіршілік ететіндіктен, дәл сол ортаға тән бейімделушілік қалыптасады.
  • Дегенерация немесе морфофизиологиялық регресс – организмдердің тұрақты және қалыпты жағдайларға бейімделуінің нәтижесінде құрылысының қарапйымдалуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет