Оқулық " Экология"мамандығы



бет55/125
Дата28.09.2022
өлшемі7.62 Mb.
#461545
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   125
treatise95823

Бақылау сұрақтары:
Популяция гомеостазы механизмдерінің үш тобын атаңыз.
Жануарларда популяцияның кеңістік құрылымын қолдау механизмдері қандай?
Жануарларда популяцияның генетикалық құрылымының қолдау механизмдері қандай?
Популяциялық гомеостаздың жалпы қағидаларын сипаттаңыз.
5.5.ПОПУЛЯЦИЯ ДИНАМИКАСЫ.ПОПУЛЯЦИЯЛАРДЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДИНАМИКАСЫ.
Мекендеушілер құрамындағы организмдердің әртүрлі категорияларының санық қатынасы популяцияның демографиялық сандық қатынасымен қарастырылады. Ең алдымен жастық және жыныстық топтардың қатынасы қаралады; осы көрсетіштердің өзгеруіне уақыты жастық спектр өзгеріп отырады, негізінен әртүрлі жастық топтарда өлім деңгейінің айырмашылығымен байланысты.
Әртүрлі жастық топтарда өміршеңдік және өлім – жетім параметрін талдау нақты бір жас шағындағы даралардың өмір сүру ұзақтылын болжауға мүмкіндік береді. Негізгі демографиялық параметр бойынша құрастырылған өміршеңдік (life tables) кестесі популяциялық динамикаларды болжауға негіз болуы мүмкін.
Қасиеттері бойынша әртүрлі шоғырлар популяцияның өмірі мен динамикасында әркелкі қызмет атқарады.Популяцияның жастық құрылым популяцияның өмірі мен құрамындағы жастық топтардың (шоғыр) қатынасымен анықталады.
Популяцияның жыныстық құрылымы – жастық құрылымымен тығыз байланысқан популяциядағы жыныстардың (әр түрлі жынысты даралар) ара қатынасы. Жасқа байланысты бірінші екіншілік және үшінші жыныстар ара – қатынасы ажыратылады.
Біршінші жыныстар ара – қатынасы жыныс хромосомалардың (Х және 7 – хромосомалар) әр сапалығына негізделетін таза генетикалық механизмдермен анықталады.


Сурет 12.1. Популяцияны сипаттайтын жастық пирамиданың үш түрі.
А – жоғары, Б – қалыпты, В –саны аз жас даралардың ( %-бойынша)

Теориялық статистикада ұрықтану кезінде ұрпақтарда жыныстар ара – қатынасы тең, факторлар кешенін құрайтын әсері салдарынан пропорцияның араласуы байқалатын екінші жыныстар арақатынасы генетикалық детерминациядан ерекшеленеді. Үшіншілік жыныстар арақатынасы ересек жануалар арасындағы көрсеткіштерін сипаттайды және онтагенез барысында аталықтар мен аналықтардың дифференцирленген өлімі нәтижесінде қалыптасады.


В.Н. Большаков пен Б.С. Кубанцев (1984) жыныстық құрылым динамикасының 4 типін ажыратады:
1. Популяциялардың тұрақсыз жыныстық құрамы (өмір сүруі қысқа жануарларда).
2. Жыныстық құрамның ауытқуы кезінде аталықтардың басым болуы. (Ірі шоғыр түзбейтін жануарлар жыртқыштарда).
3. Екінші құрылымда жыныстар арақатынасында тең көрінісіндегі үшіншілік құрамында аналықтардың басым болуы. (Тұйықтылар ескекасықтылар).
4. Жыныстар құрамы салыстырмалы тұрақты, аталықтар мен аналықтардың саны тең дәрежеде (егеуқұйрық, борсық, жұпар тышқан).Сөйтіп, популяциялардың жыныстық құрылымы аталықтар мен аналықтар ара қатынасы орташа мөлшермен сипатталуы мүмкін. Әртүрлі жастық топтардағы жыныстар арақатынасымен ерекшеленеді және көбею қарқындылығымен бірге, популяцияның жалпы биологиялық потециалында да көрінеді: сандар барысы биомасса өнімділігі, популяциялық энергиялығынның деңгейі және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет