Оқулық " Экология"мамандығы


Популяцияның репродуктивті потенциалы мен өсуі



бет56/125
Дата28.09.2022
өлшемі7.62 Mb.
#461545
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   125
treatise95823

Популяцияның репродуктивті потенциалы мен өсуі.
Сурет 32 Популяцияның табиғи өсуі (А) ешқашан экспоненциалды үлгі түрінде жүзеге аспайды (Б, А), Популяция өсімінің логистикалық үлгісі (S – тәрізді қисық), Әрбір 4 сағатта бөлінетін бір жасушалы организмдер популяциясы санының өсуінің экспоненциалды үлгісі. (А.М. Пелярова бойынша 1980, ариф школа).
Популяция өсіуінің логистикалық үлгісі сандардың табиғи өсімін көрсетеді, онда уақыт өткен сайын сандардың өзгеруі S – тәрізді қисықпен сипатталып, оның формасы сыртқы жағдайлармен сандардың шектелген жоғарғы табалдырығы жағдайында туылым не өлімнің арақатынасындағы сандар шамасына тәуелді анықталады.
Логистикалық қисықтың теңдеуі (Г уақыт аралығында популяция санының өсу динамикасы) :
d N fK-N
------------------------------------------------ = Tmax NJ --- ----------L,
dt y K
Мұнда Tmax – бастапқы сандар жағдайында қарқынды өсу жылдамдығы артқан сайын «лезде» өсу жылдамдығының (Г) мәні азаяды: N – сандын ал K – оның шектік шамасын көрсетеді Қоректік және басқа да орта ресурстарының болуымен сәйкес туылым және өлім процессерінің теңдесуіне әсер ететін соңғы деңгей.
САНДАР ДИНАМИКАСЫ МЕН ПОПУЛЯЦИЯЛЫҚ ЦИКЛДАР.
Сандар өзгергіштілігінің заңдылығы түрге тән және түрдің биологиялық ерекшеліктерімен, оның физиологиясымен және табиғи экожүйедегі орнымен тығыз байланысты. С.А. Северцов (1941, 1942) сүтқоректілер үшін тұрғындар динамикасының мынандай түрлік ерекшеліктерге байланысты 7 түрін ажыратты: өмір сүру ұзақтығы жыныстық жетілу мерзімі, жылдағы төлдер саны және төлдердегі ұрпақ саны эпизоотияға душарлығы мен жыртқыштарға жемтік болудың орташа деңгейі.
Осы толық нұсқа ретінде тұрғындар динамикасының үш негізгі түрімен сипатталады.
1)Тұрақты түрі төменгі амплетудамен және сандар ауытқуының ұзақ кезеңімен сиптталады. Бұл түр ұзақ өмір сүретін, табиғи өлімнің төменгі нормасымен кеш жыныстық жетілетін, жиі тұқымдылығы (төмен) қолайсыз факторлар әсеріне бейімделгіштіктің тиімді механизмдері бар) ірі жануарларға тән.Тұқылар, киттәрізді ірі бүркиттер, кейбір рептилиялар және т.б. мысал болады.
2)Динамикалық лабилдік түрі жылдар сайын сандардың заңды атуқушылығымен және өте жоғары амплетудамен ерекшеленеді (сандары реттеліп өзгереді). Молшылықтың маусымдық өзгерістері, көбеюдің мезгілдігіне тән. Динамиканың осы түрі өмір сүру ұзақтығы қысқа, жыныстық ерте жетілу, тұқымдығы өте жоғары майда жануарларға тән. Өлім – жітімнің орташа түрлік нормасында жоғары. Сүтқоректілердің ірі кеміршіктер, қоянтәрізділер, кейбір жыртқыштар көптеген құстар балықтар, даму циклі ұсақ жәндіктер мен т.б. осы динамика түріне жатады.
3)Динамиканың құбылмалы түрі кезінде сандар өте тұрақсыз дипрессия өте жоғары, сағат сайын сандар саны жүз еселеп көбейді. Осының ауытқуы минимумнан максимумға дейін өте жылдам жүзеге асады.
Циклдің жалпы ұзындығы 4 – 5 жылға дейін жетеді. Даралар саны өте жоғары дәрежеге бейімделгіштік механизмдері жетілмеген жай өлімнің нормасы жоғары жануарларға тән. Осы жануарлардың тұқымдылығы жоғары, кеміргіштерге, даму циклі қысқа көптеген жәндіктерге тән.
С.А. Северцов қалаған сызба жануарлардың жеке түрлерінің және топтардың биологиясымен байланысты сандар динамикасын жақсы көрсетеді, ортаның абиотикалық, биотикалық және антрапогенді факторлармен сандар өзгерісінің тікелей өзара тығыз байланыстылығын да көрсетеді.
Динамиканың әр түрлі түрлері әр түрлі тіршілік стратегияларын көрсетеді. Осы ұғын Р. Макартур мен Э. Уилсон (1967) қалаған экологиялық стратегия концепциясы негізінде жатыр және қазіргі экологияда кеңінен қолданыс тапқан. Түрлердің қарқынды көбеюі немесе бейімделгіштік бәсекеге қабілеттілікті жетілдіру ұдайы өндіре немесе сәтті өмір сүру концепцияның негізгі мағынасы, бұл даралардың жоғары өлімін орын толтырады және қауіпті жағдайда сандар санын тез қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Өсімдіктер де осындай тіршілік стратегиялары тән. (Ременский, 1938; В.М. Миркин, 1938).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет