Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет151/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

метеорология деп атайды. Ауа райын болжау жергілікті ауа райы 
құбылыстарына жəне əуе-ғарыштық ақпараттар көмегімен жүзеге 
асады. 
Алғашқы Халықаралық метеорологиялық конгресс 1853 жылы 
ұйымдастырылды. Қазақстандағы гидрометеорология басқармасы 
1933 жылы құрылып, қазіргі кезде өз жұмысын халықаралық талап-
тар деңгейіне сəйкес дəрежеде жүргізіп келеді. 
1950 жылдың 23 наурызында Халықаралық Метеорологиялық 
ұйым құрылып, конвенция қабылданды, оның шешімімен осы 
мерзім Халықаралық метеорология күні деп белгіленді. 
Қазір осы ұйымға 121 ел мен 10 аумақ мүше болып отыр, 
Қазақстан да осы ұйымға мүше елдердің бірі. Бұл ұйымның бас-
ты міндеттеріне Жер атмосферасындағы барлық өзгерістер мен 
құбылыстарға бақылау жасау; метеорологиялық ақпараттардың 
бір орталықтандырылған жүйесін құру; өзара жылдам ақпарат 
алмасу; метеорологиялық зерттеу жұмыстарын жетілдіру; метеро-


213
логия саласындағы зерттеулерді қолдау жəне мамандар дайындау 
жұмыстары жатады.
Климаттық аудандастыру негіздері. Белгілі бір аумаққа тəн ауа 
райының ұзақ жылдар бойы қайталанып отыратын жиынтығы кли-
мат деп аталады. Жер шарының кез келген аймағындағы климаттың 
қалыптасуына əсер ететін жағдайлар – климат қалыптастырушы 
факторлар деп аталады (112-сурет). 
112-сурет. Климат қалыптастырушы факторлар
Аса маңызды климат қалыптастырушы факторларға география-
лық ендік немесе Күннің көкжиектен биіктігі, атмосфераның жалпы
циркуляциясы, жер бедері жəне оның ірі құрылымдарының орналасу 
бағыттары, жер бетінің төсеніш сипаты, сонымен қатар теңіздер мен 
мұхиттар, олардағы жылы жəне суық ағыстардың ықпалы себепші 
болады. 
Бұл факторлардың əсер ету дəрежесі барлық жерде бірдей бола 
бермейді. Сондықтан да Жер шарының климаттық белдеулері жəне 
əрбір белдеу ішіндегі айырмашылықтар да түрліше сипат алады. 
Жер шарындағы климаттың қалыптасу заңдылықтарын, климат 
пен оның жіктелуін жəне антропогендік əрекеттің климатқа əсерін 
зерттейтін географияның аса маңызды саласын климатология деп 
атайды. Климатты жалпы географиялық заңдылықтар тұрғысында 
зерттеу ХІХ ғасырдан басталған. Климатология ғылымының 
қалыптасып, дамуына А. И. ВоейковА. Гумбольдт жəне В. Кеппен 
зерттеулері негіз болды. 
ХХ ғасырда климатты аудандастыруға В. Кеппен мен Л. С. Берг 
алғашқы қадам жасады. В.Кеппен Жер шары климатын жіктеуде тем-
пература мен ылғалдың əркелкілігін негізге алған. Осыған сəйкес, 
ол Жер шарын (ыстық, құрғақ, қоңыржай жылы, қоңыржай салқын, 
суық) бес климаттық белдеуге бөлді. Бұл аудандастыру климаттың 
тек сыртқы белгілеріне негізделгендіктен, климат қалыптасуының 
заңдылықтарын толық түсіндіре алмайды. Ал Л. С. Берг климаттық 
аудандастыру барысында географиялық белдеулер мен зоналардың 
сыртқы белгілеріне (өсімдік пен топырақ сипаты) сүйенді. 


214
Климат қалыптастырушы заңдылықтарды ескеру негізінде


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет