213
логия саласындағы зерттеулерді қолдау жəне
мамандар дайындау
жұмыстары жатады.
Климаттық аудандастыру негіздері. Белгілі бір аумаққа тəн ауа
райының ұзақ жылдар бойы қайталанып отыратын жиынтығы
кли-
мат деп аталады. Жер шарының кез келген аймағындағы климаттың
қалыптасуына əсер ететін жағдайлар –
климат қалыптастырушы
факторлар деп аталады (
112-сурет).
112-сурет. Климат қалыптастырушы факторлар
Аса маңызды климат қалыптастырушы факторларға география-
лық ендік немесе Күннің көкжиектен биіктігі, атмосфераның жалпы
циркуляциясы, жер бедері жəне оның ірі құрылымдарының орналасу
бағыттары, жер бетінің төсеніш сипаты, сонымен қатар теңіздер мен
мұхиттар, олардағы жылы жəне суық ағыстардың ықпалы себепші
болады.
Бұл факторлардың əсер ету дəрежесі барлық жерде бірдей бола
бермейді. Сондықтан да Жер шарының климаттық белдеулері жəне
əрбір белдеу ішіндегі айырмашылықтар да түрліше сипат алады.
Жер шарындағы климаттың қалыптасу заңдылықтарын, климат
пен оның жіктелуін жəне антропогендік əрекеттің климатқа əсерін
зерттейтін географияның аса маңызды саласын
климатология деп
атайды. Климатты жалпы географиялық заңдылықтар тұрғысында
зерттеу ХІХ ғасырдан басталған.
Климатология ғылымының
қалыптасып, дамуына
А. И. Воейков,
А. Гумбольдт жəне
В. Кеппен
зерттеулері негіз болды.
ХХ ғасырда климатты аудандастыруға
В. Кеппен мен
Л. С. Берг
алғашқы қадам жасады. В.Кеппен Жер шары климатын жіктеуде тем-
пература мен ылғалдың əркелкілігін негізге алған. Осыған сəйкес,
ол Жер шарын (ыстық, құрғақ, қоңыржай жылы, қоңыржай салқын,
суық)
бес климаттық белдеуге бөлді. Бұл аудандастыру климаттың
тек сыртқы белгілеріне негізделгендіктен,
климат қалыптасуының
заңдылықтарын толық түсіндіре алмайды. Ал Л. С. Берг климаттық
аудандастыру барысында географиялық белдеулер мен зоналардың
сыртқы белгілеріне (өсімдік пен топырақ сипаты) сүйенді.
214
Климат қалыптастырушы заңдылықтарды ескеру негізінде
Достарыңызбен бөлісу: