Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет27/295
Дата11.04.2022
өлшемі2.49 Mb.
#456656
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   295
Экономикалык теория

Аралас ұдайы өндіріс – бұл бір уақытта экономикалық 
ресурстардың санын арттыру және техника мен технологияны 
жетілдіру есебінен өндіріс ауқымын кеңейту үдерісі.
2.2. Негізгі экономикалық түсініктер: қажеттіліктер, 
ресурстар, игіліктер. Маслоу пирамидасы
Экономикалық ғылымның жоғарыда аталған негізгі үш мәселесіне 
жауап бере алатын басты ұғымдар орын алады. Бұл ұғымдар 
экономикалық теорияның базалық түсініктері болып табылады, яғни 
олар:
1. Қажеттіліктер;
2. Ресурстар;
3. Игіліктер.
Енді осыларға кеңірек тоқтауымыз қажет.
Кез келген экономикалық мәселелер қажеттіліктерді зерттеуден 
басталады. Экономикалық ғылымның бастамасы ең алдымен, 
экономикалық қажеттіліктер және олардың қанағаттандырылу 
тәсілдері болып табылады.
Қажеттіліктер – бұл экономиканың субъектілеріне белгілі бір 
экономикалық қызметті атқаруға итермелейтін ішкі ниеттер мен 
ынта-жігерлер немесе басқаша сөзбен айтқанда, адамның өмір 
сүруін қамтамасыз етуге және жеке бір индивидтің, фирманың және 
тұтастай қоғамның дамуына қажетті заттар мен нәрселерге деген 
жетіспеушіліктен туындайтын мұқтаждықтар.
Қажеттіліктер қанағаттандыруды талап етеді, өмір сүруді және 
организмді дамытуды қамтамасыз етеді, адамның жеке басын 
дамытуды қалайды. Адамдардың қажеттіліктері алуан түрлі болып 
табылады. Американдық ғалым, әрі социолог Абрахам Маслоу 
өзінің «қажеттіліктер пирамидасы» үлгісінде қажеттіліктерді 
кеңінен зерттейді. Бұл үлгіге сәйкес, «төменгі сатыдағы» материалдық 
қажеттіліктерден бастап, «жоғарғы сатыдағы» рухани қажеттіліктер 
төмендегідей орналасады:


36
1. Физиологиялық қажеттіліктер: тамақ, су, киім-кешек, баспана, 
ұрпақты өмірге әкелу, т.б.
2. Қауіпсіздікке деген қажеттіліктер: аурудан сақтану, дау-
жанжалдан, қорқыныш-үрейден сақтану, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   295




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет