Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Кіріспе



бет1/4
Дата05.12.2023
өлшемі17.31 Kb.
#485535
  1   2   3   4
stud.kz-44189


МАЗМҰНЫ


Кіріспе

1. Халықаралық қатынастар мен сыртқы саясат


2. Жаңаша саяси ойлау және халықаралық қатынастар
3. Қазақстанның сыртқы саясаты


Қорытынды


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе
Бұл тақырыпта жиі кездесетін, мағына жағынан жақын үш ұғым бар. Олар – сыртқы саясат, халықаралық саясат, халықаралық қатынастар. Сондықтан алдымен соларға түсініктеме беріп алайық. Жалпы, бұл ұғымдар саясаттануда жете зерттелмеген. Бірақ олардың арасында айтарлықтай айырма бар.
Сыртқы саясатқа жеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде жүргізген іс-әрекеттері жатады. Халықаралық саясатқа мемлекеттік не топтық мүдделерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер, жеке адамдар және т.б. арасындағы қоғамдық қатынастар кіреді. Халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси, экономикалық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйымдардың өзара қатынастарының жиынтығын айтады.
Халықаралық қатынастар мен сыртқы саясат
Халықаралық қатынастарға қатысушылардың, оларды іске асырушылардың (субъектілердің) көбеюіне байланысты. Мысалы, сыртқы саясатты жеке мемлекеттер жүргізеді. Ал халықаралық саясатқа мемлекеттік ұйымдармен қатар саяси партиялар мен қозғалыстар, әлеуметтік топтар мен жеке адамдар және т.б. мемлекеттік емес ұйымдар қатысуы мүмкін. Екіншіден, халықаралық қатынастарда сыртқы және халықаралық саясаттардың негізгі, түпкі бастамасы, принциптері қаланады. Бұл бағыт, бағдарламалар сыртқы және халықаралық саясаттар арқылы нақтыланады және жүзеге асырылады.
Қазіргі кезде әлемдік саясатты жүргізуде қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың белсенділігі артып келе жатыр дедік. Бірақ халықаралық қатынастарда негізгі рөлді мемлекет атқарады. Себебі, ол белгілі бір әлеуметтік топтың немесе саяси ұйымның емес, жалпы қоғамның мүддесін қорғайды. Сондықтан оған басқа елдермен сыртқы саясатты жүргізгенде келісім-шарттар жасау, соғыс ашу және т.б. заңды түрде іске асыруға өкілдіктер беріледі.
Мемлекеттік күштердің арасалмағымен байланысты «күш теңдігі» немесе «саяси теңдік» деген де ұғымдар бар. Халықаралық саясаттың маңызды құралы ретінде бұл ұғымдар XVII ғасырда енді. Сол кезде өмір сүрген Фенелон деген француз мемлекет өз көршілерінің күшеюіне жол бермеуі керек деген идеяны алға тартты. Себебі бір мемлекеттің көлемі мен қуаты «белгілі бір шектен шығып» кетсе, барлық басқа мемлекеттердің жалпы жүйесін өзгертуге әкеледі. Оның шамадан тыс өсуі көршілерін бағынышты етеді немесе жүдетіп-жадатады деді ол. Сондықтан, оның ойынша, көрші мемлекеттер өзара теңдік пен тепе-теңдікті сақтаулары керек. Сонда ғана тұрақтылық қамтамасыз етіледі.
Тағы бір мәселе – сыртқы және ішкі саясаттың өзара қатынасы. Марксизм мемлекеттің ішкі саясаты оның сыртқы саясатын анықтайды дейтін. Бірақ қазіргі таңда олай деу ағаттық болар еді. Себебі, соңғы кезде сыртқы саясат елдің ішкі саясатына көбірек әсерін тигізіп жүр. Оған бүкіл жер шарына жайылып кетерлік қаупі бар термоядролық соғысты болдырмау, экологиялық апаттардан сақтану (бір Чернобыль трагедиясының өзі көптеген елдерге зардабын тигізгені белгілі), қоғамға қарсы кұбылыстардың етек алуы (нашақорлық, «көлеңкелі экономика» , коррупция және т.б.), атом қаруының жайылуына шек қою, жер қазбаларының жеңіл өндірілетін қорларының, шикізаттардың азаюы және тағы басқа себептер әсер етеді. Бұл мәселелерді бір елдің көлемінде шешуге болмайды.
Сыртқы саясаттың қалыптасуына әр түрлі жағдайлар ықпал жасайды. Оның ішінде ең маңыздысы – мемлекеттің орналасқан географиялык, ортасы. Оған жер бедері, ауа райы, топырақ, жер қойнауының табиғи байлықтары, есімдіктер мен жануарлар дүниесі, табиғи қатынас жолдары және басқалар жатады. Географиялық орта өндіргіштерді орналастыруға, жалпы қоғам дамуына сан қилы әсер етеді. Айналадағы табиғи ортаның қоғам дамуына ететін әсерін зерттейтін географиялық бағыт деген теория пайда болды. Оның негізін салушы француздың белгілі фәлсафа-ағартушысы Ш.Монтескье. Ол халықтардың материалдық және рухани өмірі географиялық ортаның жағдайларына тәуелді деп санады. Бұл бағытты жақтаушылар қоғамдық өмірдің өзгеру себептерін, халықтар тарихын, адам психикасын географиялық ортаның ерекшеліктері туғызған өзгешеліктер арқылы тусіндірді. Географиялық бағытың негізінде географиялық саясат деген теория пайда болды. Напалеон қандай мемлекет болмасын саясатты өз географиясына байланысты жасайды деген. Географиялық саясат мемлекеттер, аймақтар, континенттер арасындағы қатынастарды зерттейді. Бұл саясатты жақтаушылар ұлттардың, мемлекеттердің жан-жақты дамып, тыныш өмір сүруі үшін «тіршілік кеңістігі» болуы керек дейді. Сондықтан бұл теорияны екінші дүниежүзілік соғыс алдында жаңа аумақтарды жаулап алу үшін Гитлер басшылыққа алған, ал қазір оны Израиль агрессорлары басқа араб елдеріне қарсы ту етіп көтеріп жүр.
Халықаралық саясатты қалыптастыруға идеологияның да қатынасы бар. Қай елде болмасын жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық, әділдік пен әділетсіздік, адамдар арасындағы қарым-қатынастар, қоғамның әлеуметтік даму заңдылықтары жөнінде өзіндік түсініктері, ой-пікірлері болады. Бұл көзқарастар сыртқы саясатқа да әсерін тигізеді. Мысалы, бұрынғы Одақ кезінде коммунистік идеология қоғамдағы құбылыстарды тап күресі тұрғысынан қарау керек деп үйретіп келді. Бұл талап сыртқы саясатқа да тікелей қатысатын. Соған орай дүние жүзін «социалистік әлем» мен «капиталистік әлемге» бөліп, олардың мүдделері ешқашан ымыраға келмейді дейтін. Сондықтан сыртқы саясатты да осыған сәйкес құрған болатын. Ал Америка Құрама Штаттары болса, өз кезегінде одан қалыса қойған жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет