Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



бет53/111
Дата22.11.2023
өлшемі2.02 Mb.
#484052
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   111
Bilim Bahisheva-Ped-jobalau (2)

Жобалау субъектісі және объектісі ұғымдары. Субъект ұғымына келсек, мысалы, біреуді субъект атанды, субьект болады деуге болмайды. Субъектілік–адамның сипаттамасы емес, ол оның іс-әрекетінің, өз әрекеті иесі екендігінің сипаттамасы. Егер адам өз бетімен, еркін әрекеттер орындау үстінде болса, осы жерде ол субъектілік әрекет иесі. Осыған орай, субъектіліктің орнын, субъектілік жағдайын белгілеуге болады.
Жобалау әрекетіндегі субъект ұғымы әрекет теориясы негізінде қарастырылуы тиіс. Оны кеңінен талдамастан, тақырып шеңберінде төмендегідей қысқаша түсіндіруге болады.
Біріншіден, әрекет субьектісі өзгеріп отырады. Оқытудағы жобалаудың бастамасында ондағы әрекеттердің субъектісі – педагог қана. Әрекет оқушыларға әлі берілген жоқ, өйткені, оқушы оны әзірше өзі құрастыра алмайды.
Жобалауды ұйымдастырудың алғашқы кезеңінде оқушы өз бетіндік әрекеттерді өзі ұйымдастыру деңгейін әлі игермегендіктен бұл педагогтың субъектілігін талап етеді.
Жобалау объектісі де өзгеріп отырады. Әрекет басында ол нақты белгіленеді, яғни мұғалім оқушыларға не істеу керек (мақсат), нені өзгерту, жасау (обьект) екенін анықтап береді. Одан әрі бұл элементтер нақтыланады, оқушылар сол объектіге қатысты мәліметтерді талдау, жағдайды бағалау арқылы күтілетін нәтижелерді одан әрі нақтылайды. Жоба субъектілігі де өзгере алады, бұл жерде екі жоба және екі субьект болатынын атап айту қажет болады. Біреуі-оқушылар жобасы, оның бастамасында балалар тек қатысушы ретінде болғанымен, одан әрі нақты әрекеттер орындау барысында жобалау субьектісі бола алады. Әр оқушыға жеке тапсырмалар беріліп, оның орындалуы оқушының өз тарапынан жүзеге асырылса, бұл – нақты оқушы субьектілігінің көрінісі. Ол тапсырма орындалмаса субъектілік жүзеге асырылмауы да мүмкін.
Субъектілік жағдайды кеңейтуге, дамытуға да болады, ол жобаны жеке немесе топпен орындаудағы өз бетіндік әрекеттердің нығаюы, қалыптасуы жүзеге асырылады. Жобалау әрекетін топпен орындаудың маңызы зор, өйткені, топтың субъектілігі жоғары болады. Өйткені, жобаны орындауда жобаның субъектілігі ретінде топтың қолдауы ерекше рөл атқарады.
Келесісі – педагогикалық (білім беру) жоба. Оның жобалау субъектісі әуел бастан педагог: педагог субъектілік болатын жағдайды жобалайды, педагог өз жобасын–оқушылардың жобалау әрекетін ұйымдастыруды жүзеге асырады, оқушылардың дамуын қамтамасыз ететін оқу жағдайын тудырады, басқарады. Жоғарыда кеңінен берілген екі жобаның объектілері де екі түрлі болады.
Оқушы жобасында бұл–пәндік ситуация, сол ситуацияға байланысты жобалау мақсаты, әрекеттері, идеясы жүзеге асырылады.
Ал, педагогикалық жобалаудың обьектісі– оқушылардың жобасы. Педагог бұл жағдайда ұйымдастырушылық қызмет атқарады. Айта кету керек, оқушылар жобасының көлеміне қарай педагогикалық басқару бір педагог шеңберінен шығып, мектепшілік қолдауды қажет етуі мүмкін. Мысалы, сабақ кестесін өзгерту, аудиториялар мен класс кеңістіктерін бөлу, ақпараттық ресурстардың қолжетілімділігін ұйымдастыру т.б. Ол жағдайда жобаның субъектілері–тұтас команда, педагогикалық ұжым да бола алады.
Жобалау әрекеті және оқыту мазмұны. Жобалау әрекетін оқыту мазмұнына сәйкестендіре жүргізу–мектеп әдістемесіндегі жаңа тұрғы. Өйткені, білім беру мазмұны өз заңдылығы бойынша жылдар бойында қалыптасқан тұтас білім беру жүйесінің маңызды бір компоненті. Мазмұндық компоненті ретінде ол оқыту әдістемесі, білім беруді ұйымдастыру кеңістігі мен уақыты, оқулықтар мен бағдарламалар, басқару мен қадағалау сияқты басқа да элементтермен үйлестіріліп, реттеліп отыратын тұтас құрылым немесе жүйеге қызмет етеді.
Сондықтан, білім беру мазмұнына өзгеріс ендіру білім беру жүйесінің барлық компоненттерін өзгертуді қажет етеді. Бұған қоса білім беруді басқару жүйесі, педагогтарды даярлау және қайта даярлау жүйесі құрылымдары да бұл жағдайда бұрынғы күйінде қала алмайды.
Бүгінгі білім беруге қойылатын жаңа талаптар оның мазмұнына өзгерістер ендіру қажеттігін тудырып отырғаны белгілі.
Барлығымызға белгілі, қазіргі білім пәндік принциппен құрылған, атап айтқанда, белгілі бір пәннің ғылыми–теориясы негізге алынып, ол мектеп бағдарламасына енгізілген. Оқушылар мектептен әр пәннің ғылыми негізін игеріп, өз таңдаулары бойынша одан әрі тереңірек, кеңірек білуге мүмкіндік алады.
Оқушының игеретін білімі оқулықтарда негізінен теориялық, білімдік тұрғыдан құрылып, алған білімдерін пайдаға асыру жолдарына берілетін уақыт шектеулі болып келеді. Мысалы, физика сабағынан ток өткізгіштік теориялары мен формулаларын өте жақсы игерген оқушы сол білімі негізінде радиоқабылдағыштарды қандай жағдай алады деу қиын. Яғни, оқушылар «таза» білім алады: газ туралы біледі, элементтер қасиеттерін игереді, атмосфералық қысымның ережелерін жатқа айта алады, текстерді жаттайды, физикадағы заңдарды жақсы біледі, т.б.
Жобалау әрекетінің білімдік тұрғыдағы әдістемелерден айырмашылығы сол, оның барысында оқушылар алған білімдерін тәжірибеде пайдаланады, яғни, білім алу, жатқа білу – мақсат емес, теориялық білім жобалау әрекетін жүргізудің құрамына айналады.
Сол себепті, жобалау әрекетін ұйымдастыру үшін білім мазмұны практикалық жұмысты ұйымдастыруға құрал ретінде қарастырылуы тиіс. Бұл өз кезегінде сыныптың – сабақтың оқыту жүйесіне де, оқулықтар мен бағдарламаға да, оқушылар мен мұғалімдердің өзара қарым–қатынасы да, бағалау мен бақылауға да, басқару жүйесіне де өзгерістер енгізуді қажет етеді.
Шынайы өмірдегі қалыптасқан жағдайды біле отырып, дәл бүгін осы өзгерістер бола қалады дей алмаймыз, өйткені, білім мазмұны стандарттар арқылы ендіріледі, ал елімізде 12–жылдық білім берудің құзыреттілікке бағытталған нәтижелерін көздейтін жаңа стандарттар 2015 жылдары дайын болады деп күтілуде.
Біз жарқын болашақтың келетініне сене отырып, дәл бүгінгі таңдағы білім мазмұны негізінде жобалау әрекетін ұйымдастырудың екі бағытын талдаймыз.
Біріншісі, мектептерде негізге алынып жүрген оқыту бағдарламаларының ішінен оқушылардың зерттеушілігін еркін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін тақырыптар таңдай білу. Яғни, жоба арқылы жүргізуге мүмкіндік беретін ауылдың, ауданның, қаланың ландшафттың картасын жасау немесе аудан, ауыл мақтанышы (адам, табиғат немесе ғимарат, т.б.) тақырыптарындағы жобалар пәндік мәселелерді шешумен қатар, оқушылардың сабақтағы игерген біліміне қоса (ландшафт туралы теория, карта туралы ұғымдар, шартты белгілер, өз ойын жаза білу, мәтін құру т.б.) өзіндік қажетті коммуникативтік, ақпараттық, т.б. қабілеттерін қалыптастыруға негіз болады.
Келесі бағыт–жобалаудың тұтас құрылымын орындауды мақсат етіп қоймастан, жобалауға тән – қалыптасқан жағдайды талдау, шағын тапсырмалар беру арқылы жаңа ақпаратты өз бетімен игеруге қызығушылық туғызу т.б. Яғни, бұл жерде тұтас жоба жасау маңыздылығынан гөрі, оқушының әрекетін ұйымдастыруға еркін кеңістік беру маңыздылығына көңіл аударылады. Оқушы берілген тапсырманы орындау барысында сабақта алған теориялық білімін тапсырманы орындау құралына айналғанда ғана оның тұлғалық дамуы жүзеге асырылады. Жоба шағын болуы мүмкін, бірақ ол біздің дәстүрлі түсініктегі жаттығу орындау, ереже жаттау емес. Жобаның өнімі қолмен ұстайтын, көрінетін де болмауы мүмкін, бірақ ол дәстүрлі сабақтан ерекше шығармашылық, еркіндік тұрғыдағы тапсырмалар болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   111




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет