Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



бет55/111
Дата22.11.2023
өлшемі2.02 Mb.
#484052
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   111
Bilim Bahisheva-Ped-jobalau (2)

Оқыту үдерісіндегі жобалау әрекетін ұйымдастыру біздің педагогикалық қауым үшін жаңа, үйренбеген жұмыс, өйткені, ол оқыту үдерісінің құрылымын түгелдей жаңаша құруға бағытталған. Жобалау әрекеті білім беру кеңістігі - әрекет субъектілерінің қарым–қатынасы, әрекеттері, әрекетке қатысушылар құралы мен әрекет ұйымдастырылатын бөлмені де құрайды.
Дәстүрлі білім беру жағдайында кеңістік мұғалімнің оқушыға тікелей білім беру мақсатына қызмет етеді, соған ыңғайластырады. Онда білім беруші, білім алушы рөлдері өте нақты болғандықтан, оның техникасы мен әдістемесі бір жақты болады.
Класс кеңістігінің ұйымдастырылу принципі педагогты басты тұлға ретінде ала отырып, оның көмекші құралдары тақта, демонстрациялық стол, соған қарама–қарсы отыратын оқушылар да мұғалімге ыңғайлы болуы үшін құрылады.
Оқушылардың қатар–қатар отыруы сабақ барысында бірлесіп әрекет етуге мүмкіндік бермейді, бұл кеңістік оқушы мен мұғалімнің қарым–қатынаста ғана қолайлы. Мұндай құрылымдық кеңістік дәстүрлі оқытудың міндеттеріне сай құрылған және онда оқушы сабақты түсіндіруші, балалар жазып алушы, орындаушы.
Парталардың орналасуы да мұғалімнің кез келген оқушыны кез келген уақытта дәптерлерін оқуға, қателерін қарап жүруге құрылған. Ал, жобалау әрекеті білім беру кеңістігінің басқаша түріне, атап айтқанда:

  • біріншіден, типпен жұмыс түріне лайық болуын қажет етеді;

  • екіншіден, әр топ өз жобасын орындайтын болғандықтан, әр топтың жұмыс орны бөлек болғаны жөн;

  • үшіншіден, жобаны орындауда ақпараттар, мәліметтер жинау және оларды талдау қажет болғандықтан, жұмыс орны компьютер желісіне, кітапханаға, медиатекаға т.б. ақпараттар көзіне шыға алатындай болуы керек;

  • төртіншіден, жобалау әрекеті негізінен белгілі бір өнім алумен байланысты болғандықтан, зертхана, шығармашылық шеберханасы, т.б. оқушылардың өз қолдарымен өнім жасауға мүмкіндік беретін орындар болғаны жөн;

  • бесіншіден, жобалау қызметі міндетті түрде өнімді, нәтижені презентация жасаумен аяқталады.

Сондықтан оқу коммуникациясының жаңа түріне конференц-залдар, байқаулар, есеп беру шараларын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін кеңістік қарастырылады. Жоба презентациясы басқа да оқушылар, педагогтардың жаппай қатысуын талап етеді.
Бүгінгі таңда мектептердің құрылымы класс – сабақ жүйесіне негізделгендіктен, аталған жобалау кеңістігін мектептегі бар мүмкіндік арқылы ұйымдастыру қажет болады. Мысалы, сабақ кестесіне өзгерістер, кітапхана мен зертханаларды жаңаша ұйымдастыру, т.б.
Қорыта айтқанда жобалау әрекеті барысында оқу әрекеттері дәстүрлі сынып кеңістігімен кеңірек жүргізіліп, сынып – сабақ жүйесін жаңаша құруға ықпал етеді.
Жобалау әрекетіндегі уақыттың ұйымдастырылуы
Оқытудың құрылымдық кеңістігінің тағы бір бөлігі – уақыт. Білім беруде уақыт өте нақты белгіленгені белгілі, мысалы, сабақтың сыныпта немесе үйде орындалу уақыты бар, мектепте және мектептен тыс орындалатын шаралар да уақыты, сабаққа даярлану уақыты, сондай–ақ жеке өзіне арналған уақыттары белгіленген. Тиімді ұйымдастырылған жобалау қызметінде қатысушылардың уақытты тиімді пайдалану жоспарланады. Өйткені, жобаға қызығу деңгейі жоғары болған жағдайда оқушылар беріле кірісіп, өз уақыттарының көбін оған арнауы мүмкін. Осы жағдайда оқушыларға уақытты пайдалану, өзге де маңызды істерді уақытында орындалуы қадағаланады.
Сондықтан, педагогтар жобаны орындаудағы компоненттері–жұмысты ыңғайлы кестемен орындау, уақытын, көлемін, ұзақтығын ескеруі қажет. Одан басқа, ресурс ретінде оның әрекеттері мен жобалау әрекеттерінің бірін–бірі толықтырып отыратын ерекшелігін пайдалануға болады.
Мысалы, жобаның барлық компоненттерін тұтас сақтау бастауыш мектептерде мүмкін емес. Ондағы басты мүдде–оқушыларға шағын шығармашылық тақырыптар беру арқылы сабақ оқуға маңызын арттыруға болады. Бұлар қысқа мерзімді тапсырмалар, мини–жобалар–кіші жастағылар үшін сабақ үстінде өткізіліп, оқу жоспарына енгізілсе – олар оқушыларды дамытуға мүмкіндік береді.
Негізгі мектепте 5–6 сыныптарда нақты жоба жасау басталады, олар жобаның өзін жасауға кіріседі. Міне, осы кезден бастап оқушылар үшін өз уақытын басқару қажеттігі пайда болады.
Жобалау барысындағы уақытты басқару талаптары негізінен жоспарлау және бақылауды орындауда қойылады. Мысалы, белгілі бір әрекеттерді орындауда жүргізілетін мониторинг кейбір жұмыстардың өз мерзімінде аяқталмайтынын, кейбір әрекеттердің бірін–бірі қайталауға әкелетіні, ал кейбірін орындауға аз уақыт қажет болатыны, яғни, тәжірибеде тиімсіз деп табылған істерді өзгерту керектігі анықталады. Одан кейін тиімділікпен ұйымдастыру қарастырылып, жаңа нұсқамен жұмыс істеуге болады.
Оқушылардың жобалау әрекетінің бірнеше қарапайым ережелері оқушыларға түсіндірілсе, олардың игеріп алуына жағдай жасалады.
Біріншісі, ең алғашқы жасайтын жобаларынан бастап, оның орындалу мерзімін анықтап алу қажет. Соңғы нәтиже (өнім) тек қана белгіленген мерзімде қабылданады, кешігу болуы тиіс емес. Педагогтар оқушыларға жоба мерзімінен кешіксе олардың бағалары төмендейтінін ескертуі керек;
Екіншісі, жобалау кезеңдерін белгілеп, оның әр кезеңінің аяқталу уақыттары анықталады. Сонымен қатар, осы жерде әрбір кезеңнің нәтижесі белгіленеді (мысалы, жоба идеясын қорғау, эскизін қорғау, орындалу құралдарын таңдау, т.б.);
Үшіншісі, оқушыларға педагогтан көмек, кеңес алу мүмкіндігі беріліп, оның кестесі де күні бұрын келісіліп, белгіленеді;
Төртіншісі, бұл педагогтың міндеті–оқушылардың жоба жұмысын бастан–аяқ қадағалап отыру, топпен жұмысты бақылау, пән бойынша немесе басқа адамдармен қарым–қатынасы жобалау барысы, т.б. түгел қамтылып отыруы тиіс, қажет болған жағдайда, араласу, қолдау қажет;
Жалпы алғанда, жобалық жұмыс сабақ үстінде, сабақтан тыс, бос уақыттарын да қамтып, кеңей беретін әрекет екенін түсінгенде оның уақыттық талаптарын сақтауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   111




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет