28
тілдесім)
өзінің
мақсатына
қарай еркін
қолдана алу мүмкіндіктерінің
қалыптасқан жүйесі.
Сұхбаттық
тапсырмалар
диалогтан
тұрады.
Бастауыш
сынып
оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда диалогты
таңдауымыздың себебі ол күнделікті өмірде қолданылатын ауызша сөйлеу
тілінің ең көп тараған және тілдік қатынастың табиғи түрі. Диалогтың
жағдаяттылығы,
алдында
және
артындағы
айтылған
жалпы
ойға
байланыстылығы, алдын ала дайындықсыз іске асатын сөйлесім әрекетінің түрі
екені ескерілді.
Диалогтік сөйлеуге үйретуде дайындық жаттығулары
мен шартты сөйлеу
жаттығулары ұсынылады. Мұнда күнделікті өмірде жиі кездесетін жағдаяттар
алынады. Оқушыларға дайын үлгілерді кезекпен бірнеше мәрте оқытып,
диалогтің сөздерін қайталатып, рөлге бөліп оқытылады.
Мысалы:
- Сен бүгін театрға барасың ба?
- Жоқ, бара алмаймын.
- Неге?
- Ауылдан апам келеді. Сол кісіні күтіп алуға автобекетке барамыз.
- Кіммен барасың?
- Мен, бауырым мен қарындасым, әкем –төртеуіміз.
- Анаң ше?
- Ол үйде апама дастархан жайып, ас мәзірін даярлайды.
-Жарайды, жақсы.
Оқушылларды тек жауап беруге, яғни мәліметті хабарлауға ғана үйретпей,
қарсы сұрақ қоюға, қайталап сұрауға да үйрету аса маңызды. Диалогтің
осындай түрлері де ұсынылды.
Диалогтік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың диалогтік
сөйлеудегі қарапайым
дағдылары қалыптасып, сұрақ беру, өтініш айту,
таңдану, бұйыруды
қолдану, бір-бірімен
әңгімелесе білу, мәліметтерді
нақтылап сұрау, тыңдап отырып қайта сұрақ беру,
келіспеушілік, толықтыру,
тілдік материал көлемінде өзара пікір алыса білу дағдылары дамып, диалогтік
тілді үйретуде соңғы нәтиже болып табылатын әңгімелесе білу біліктіліктері
жетіледі.
«Мұражайға саяхат» тақырыбында мынадай тапсырма орындалды.
Достарыңызбен бөлісу: