оқытудың жүйелілігі мен бірізділігі ұстанымы жүзеге асырылады. Аталған
ұстаным оқытудың ғылымилығы ұстанымымен тығыз байланыста жүреді.
Оқытудың жүйелілігі мен сабақтастығын, бірізділігін қамтамасыз ету үшін
әрбір пән бойынша берілетін білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда
ұғымдық-ақпараттық
материалдардың
белгілі
бір
жүйемен
берілуін,
сабақтастығын,
біртіндеп
тереңдетілуін
және
кеңейтілуін,
сондай-ақ
оқушылардың
білімді меңгеру
әрекеті белгілі бір сатымен (мысалы:
ынталандыру, алғаш көру – байқау, қабылдау – түсіну, ұғым құру, есте сақтау,
қорытынды шығару немесе тұжырым жасау, т.б.) іске асырылуын ескеріп
отыру керек.
Оқушылардың
функционалдық
сауаттылығын
(жаратылыстанулық,
математикалық, оқу және жазу, т.б.) қалыптастыруда басты рөл атқаратын,
басты орында тұратын ұстаным – теория мен практиканың байланыста болуы ұстанымы. Оның мәні – оқушыларға теориялық білім беріп қана
қоймай, сол білім, білік, дағдыларын күнделікті жаңарып, өзгеріп жатқан
өмірде, кез келген жағдаятта емін-еркін қолдана білуін қамтамасыз ету. Ол
үшін күнделікті оқыту үдерісінде әрбір пәннен берілетін теориялық білімді
өмірдегі жағдайлармен байланыстырып, практикалық жағына бағыттап отыру
керек.
Сондықтан теория мен практиканың байланыста болуын қамтамасыз ету
үшін әрбір пән бойынша берілетін білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда
теориялық қағидалардың, заңдылықтар мен ережелердің, яғни ұғымдық-
ақпараттық материалдардың бала өмірінде кездесетін түрлі проблемалық
мәселелерді шешуге көмегі тиетіндей, бала оны
қолдана алатындай
практикалық маңызы ескерілуі тиіс. Сондай-ақ оқушылардың оқу материалын
25
тек жаттап қана алмай, оның мән-мағынасын терең түсінуін қамтамасыз ету
міндетті боп саналады.
Бастауыш
сынып
оқушыларының
жаратылыстану
ғылымындағы
сауаттылығын қалыптастыруда ерекше орын алатын ұстанымдардың бірі –