«Өзін-өзі тану» ПӘнін оқытудағы интерактивті әдіс-тәсілдер интерактивті оқытудың мәні “Баланың ынтасын арттыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек” Ж. Аймауытов Қазақстан Республикасының «Білім туралы»


Өзін-өзі тануды оқытуда алатын орны



бет4/6
Дата26.11.2023
өлшемі28.33 Kb.
#484479
1   2   3   4   5   6
docx1582997633 (копия) (копия)

3. Өзін-өзі тануды оқытуда алатын орны
«Өзін-өзі тану» пәні тұлғаның рухани-адамгершілік білімі мен тәрбиесін қалыптастыру мақсатында білім беретін оқу пәні екені мәлім. Ендеше оқушыны жан-жақты саналы, өмірлік іскерліктерін қалыптасыру үшін интерактивті оқыту әдістерін пән сабақтарында қолданудың орны ерекше.
ИОӘ:
Оқу процесінің барысында мынадай қарым – қатынасқа түседі

  • Мұғаліммен (оқушы мұғалімнің сұрағына жауап бергенде);

  • Жұппен жұмыс істеу;

  • Шағын топпен;

  • Үлкен топпен (рөлдік ойындар,пікірсайыстар, сыныптағы пікірталас);

  • Техника түрлерімен (компьютермен);

ИОӘ жүргізуде оқушы білуі тиіс Алтын ережелер



  • Басқалар сөйлеп жатқанда сөзін бөлмеңіз.Өзіңіздің кезегіңізді күтіңіз.

  • Егер бірдеңе айтқыңыз келсе, қолыңызды көтеріңіз.Кімнің және қашан сөйлейтінін оқытушы таңдайды.

  • Идеяларды айтқан адамдарды емес, идеялардың өзін сынаңыз. (Жеке басқа тіл тигізбеңіз.)

  • Әркімнің де пікір білдіруге құқығы бар, сондықтан өте ұзақ сөйлемеңіз.

  • Кез келген пікірді қарсы алыңыз.

  • Кей жағдайда ең жақсы идеялар талқылау барысында туындайды.

  • Оқытушы біздің құқығымызды қорғайды және біздің жұмысымызға бағыт береді.

* Интерактивті әдістерді қолдануда кейбір ережелерді есте сақтау қажет:
Бірінші ереже. Жұмысқа балалар толығымен қатысуы керек.
* Екінші ереже. Балаларды психологиялық тұрғыдан дайындау, сабақ барысында сергіту сәті, балаларды белсенділігі үшін марапаттау, баланың өзін — өзі көрсетуіне жол беру.
* Үшінші ереже.Кабинет талапқа сай болуы қажет .
* Төртінші ереже. Жұмыс орнына назар аудару қажет. Оқу орны ыңғайлы және жайлы болуы қажет. Бала өз пікірін, көзқарасын білдіріп, дәлелдеп беруге мүмкіндік жасалуы қажет.
* Бесінші ереже. Оқу барысында процедураға және регламентке назар аудару қажет. Мысалы, белгіленген уақыттан асып кетпеу, бөгде кісінің пікірін сыйлау, сөзді бөлмеу, оның ар-ожданын сыйлау.
Алтыншы ереже. Оқушыларды проблема шешу барысында топқа бөлуге мұқият қарау .
Интерактивтік әдісті жүргізу кезеңдері:
Диагностика кезеңі- Жаңа тақырыпты түсіндірмес бұрын, қатысушы өзінің бұрыннан таныс білімдерін, тақырып туралы не білетіндерін, өзіне таныс мәліметтерді “миға шабуыл” әдісі арқылы ортаға салады, сонда қатысушының не білетіні, не білмейтіні анықталады.
Ізденіс тенденция кезеңі:
* Тыңдаушылар жұппен немесе топпен жұмыс істей отырып,”миға шабуыл” әдісі арқылы берілген тапсырмаларды кеңейтіп түсіндіру үшін, өз беттерінше оқулықпен немесе қосымша әдебиеттермен жұмыс істейді.
Презентация (тұсау кесер кезеңі):
* 10-15 минуттан кейін әр топ өз мәліметтерін қорғайды,осыдан кейін, оқытушы әлі де жеткіліксіз жатқан жағдайлардан қосымша ақпарат береді;
* Жаңа тақырып толық түсіндірілгеннен кейін пікір сайыс, рөлдік ойын, т.б. интерактивті әдістер арқылы жаңа тақырыпты бекітіп, пысықталады;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет