«Өзін-өзі тану» ПӘнін оқытудағы интерактивті әдіс-тәсілдер интерактивті оқытудың мәні “Баланың ынтасын арттыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек” Ж. Аймауытов Қазақстан Республикасының «Білім туралы»



бет1/6
Дата26.11.2023
өлшемі28.33 Kb.
#484479
  1   2   3   4   5   6
docx1582997633 (копия) (копия)




«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
1. Интерактивті оқытудың мәні
“Баланың ынтасын арттыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек”
Ж.Аймауытов
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11-бабының 9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған. 
Елде болып жатқан саяси, әлеуметтiк, экономикалық және т.б. өзгерiстер бiлiм беру жүйесiне де әсер етуде. Бұл өзгерiстер оқыту әдiстемесiнде жаңартулар ғана емес, мектептерде жаңа пәндер, ендiруге қажеттiлiк тудырды. Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруде нәтижеге бағдарлану, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағытталу, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық "жаңалық” ашуы шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек. Бiздiң ел дамудың демократиялық жолын таңдауына байланысты, бүгiнгi таңда қоғамды шешiм қабылдауға тартудың маңызы арта түстi. Осы бағытта оқушылардың белсендiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн әдiстемелiк тәсiлдер интер - активтi деп аталып жүр. Бұл әдiстердi қолдану сырттай өте жеңiл көрiнгенімен, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар.
Интерактив – ағылшын тiлiнен аударғандаinter – аралық, бiрнеше, action- әрекет, яғни "өзара әрекет” дегендi бiлдiредi. Өзара әрекеттестiк әдетте, белгiлi бiр мәселенi шешу, ол шешiмнiң тиiмдiлiгi туралы әңгiмелесу, талқылау түрiнде өтедi.. Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, "жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Оқытуды және бiлiм берудi, егер сабақ барысында мұғалiм мен оқушы арасында өзара әрекеттестiктiң жоғары деңгейiне қол жеткiзсе"интерактивтi” деп атаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет