Педиатрия-2 кафедрасы Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі



бет5/6
Дата26.01.2024
өлшемі1.43 Mb.
#489918
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6
БАН 5СРС9 Сейіт А. Ә В-ЖМҚБ-09-19

Коронарлық артериялардың тарылуы
Эндотелий жасушаларының қызметтері бұзылуы

ЖИА кезіндегі компенсациялық механизмдердің іске қосылуы

Коронарлық перфузияның төмендеуі миокард ишемиясы зат алмасу бұзылыстары аденозин, азот тотығы (NО), простагландин, сутек иондары мен калийдің жиналуы тарылған жерден алшақта артериолдардың кеңеюі және коллатеральдық тамырлардың ашылуы қан ағуына кедергінің төмендеуі тыныштық жағдайында жеткілікті қан көлемімен тіндерді қанықтыру.

Коронарлық артериялардың саңылауы 30-45%-ға тарылғанда ол артериялар арқылы қан ағудың ең жоғарғы мөлшері шектеледі. Сол жақ коронарлық артерияның саңылауы 50%-ға тарылғанда жүрек қыспасының ұстамалары пайда болады. ИШЕМИЯ ҰСТАМАЛАРЫ

  • Гибернацияланған н/е “маужыраған миокард” – бұл кардиомиоциттердің тіршілігінің жойылуына әкелмейтін, созылмалы коронарлық гипоперфузия кезіндегі миокард қызметінің тұрақты әлсіреуі. Жүректе қан айналым қалпына келгенде миокард қызметі де қайта қалпына келеді, бірақ бұндай жағдай ЖИА ауырлатып, қолайсыз жағдайлар (қол жұмысын атқару, стресс-реакция) кезінде миокард инфаркты дамуына әкеледі.
  • Принцметал стенокардиясы – бұл альфа-адренорецепторларды ынталандырудан туындайтын вазоспазмдық стенокардия. Бұндай спазмдар жан күйзелістер кездерінде тікелей ми орталықтарынан немесе ішкі ағзалардан түсетін импульстарға рефлекстік түрде дамиды.

Станнинг немесе “есеңгіреген” миокард – бұл қысқа мерзімді коронароспазмнан кейінгі коронарлық қан айналымның қалпына келуіне қарамастан, жүректің жиырылу-босаңсу қызметінің бастапқы қалпына келуінің баяулауы. Патогенезі: постишемиялық “реперфузия” кардиомиоцит мембрана липидтерінің асқын тотығуы бос радикалдардың жиналуы жасушалардың мембранаға байланысты қызметтерінің бұзылуы саркоплазмада Са2+-иондарының тым көп жиналуы миокардтың диастолалық босаңсуының бұзылуы жүректің жиырылу-босаңсу қызметінің тежелуі.

  • Станнинг немесе “есеңгіреген” миокард – бұл қысқа мерзімді коронароспазмнан кейінгі коронарлық қан айналымның қалпына келуіне қарамастан, жүректің жиырылу-босаңсу қызметінің бастапқы қалпына келуінің баяулауы. Патогенезі: постишемиялық “реперфузия” кардиомиоцит мембрана липидтерінің асқын тотығуы бос радикалдардың жиналуы жасушалардың мембранаға байланысты қызметтерінің бұзылуы саркоплазмада Са2+-иондарының тым көп жиналуы миокардтың диастолалық босаңсуының бұзылуы жүректің жиырылу-босаңсу қызметінің тежелуі.
  • Ишемияға жаттықтыру немесе үзілісті ишемия феномені – бұл қысқа мерзімді бірнеше рет қайталанатын ишемияға ұшыраудың нәтижесінде кейінгі болатын ауыр ұзақ ишемияға организмнің төзімділігінің артып, миокард инфаркты мөлшерінің азаюы. Патогенезі: қысқа уақытты ишемия стресті шектейтін жүйелердің белсенуі антиоксиданттық жүйе белсенділігінің артуы кейінгі ишемияның дамуы кезінде оған жауап ретінде мембрана липидтерінің асқын тотығу қарқынының шектелуі энергия түзілуінің белгілі мөлшерде сақталуы некроз даму қарқының азаюы.
  • Х синдромы – бұл коронарлық тамырларда атеросклероздық өзгерістердің болмауына қарамастан дамитын және қосымша функциялық күш түсірулер арқылы анықталатын стенокардия ұстамалары (Kemp H.E., 1973 ‘’angina microvascularis’’).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет