Пән бойынша студенттердің біліміне арналған материалдар кқТ 2216 «Кәсіби қазақ тілі»


Аудиторлік тексеріс және аудиттің түрлері



бет4/24
Дата03.01.2022
өлшемі55.83 Kb.
#451257
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Уи А - КҚТ-ІVсем.-1

5 Аудиторлік тексеріс және аудиттің түрлері

Аудиттің түрлерін зерттеудің зор әдістемелік маңызы бар. Аудиттің түрлері субъект ретінде ішкі және сыртқы аудит болып бөлінеді. Заңдылық тұрғыдан ерікті және міндетті болып, ал жұмыс көлеміне қарай толық және бөлікті тексеру болып, ал техникалық орындалу тұрғысынан қол жұмысты түрінде және компьютерді пайдалану болып бөлінеді.


Ерікті (инициативалық) аудит кәсіпорын тарапынан өз еркімен жүргізіледі. Бұл жағдайда аудит тексеруінің көлемін және қойылатын талапты кәсіпорын шешеді. Міндетті аудит мемлекет құрылымының арнайы анықтаған шешімі бойынша аудит тексеруін жүргізуді талап етеді. Шаруашылық субъектісінің кәсіпкершілігінің көрсеткіштерін тексеруді заң орындары анықтайды. Тексеру жүргізу тәртібін; жұмыс көлемін заң орны тапсырады.
Нарықты қатынастың даму кезеңінде жалпы аудиттің атқаратын қызметі де, тапсырушылар талабына сәйкес олардың аудит қызметінің даму барысында алатын орны да ерекше.Жалпы аудит туралы, оның ішінде сыртқы аудит туралы осыған дейін көптеген түсініктер қарастырылды. Енді сол сыртқы аудиттің ерекшеліктеріне тоқталамыз. Біріншіден, сыртқы аудит фирмалары немесе жеке аудиторлар мен тапсырушылармен келісім-шарт жасау арқылы жүргізіледі. Оның негізгі мақсаты бухгалтерлік қаржы ақпаратын тексеріп және оның табыстылық көрсеткіштерінің дұрыс анықталғандығын, шығарылғандығын дәлелдеп, оның қаржылық жағдайына түсініктеме беру.
Осындай тиянақты тексеру жүргізілгеннен кейін аудиторлар шаруашылық субъектілеріне, олардың қаржылық жағдайына экономикалық талдау жасап олардың экономикасының даму бағытын көрсетіп, оның қаржылық жағдайын нығайту жолдарын айтып, қаржы қолданудың тиімді, пайдалы қолдануына түсініктеме береді. Осы орайда аудитор сол кәсіпорынның қаржы жағдайының және төлем жасау тұрақтылығын, қандай даму, қаржы қорларының бар екеніне толық түсініктеме береді.Сыртқы аудиттің объектісі - ол, шаруашылық субъектілері. Сыртқы аудиттің мақсаты тапсырушының талабына сәйкес анықталады. Тапсырушылар - кәсіпорын, мемлекеттік құрылым және қаржы, мүлік егелері. Мемлекеттік құрылымның тапсыруымен аудит тексеруі жүргізілген жағдайда әлеуметтік-экономикалық мәселелер көтеріледі де, аудитор кәсіпорынның немесе кәсіпкерлердің, меншік егелерінің шаруашылығының тиімді жүргізілуіне қатты көңіл бөлінеді. Оған себеп, олар шаруашылығын пайда табуға тиімді жолмен жүргізсе, мемлекетке салық төлемі көбейеді, әрине ол өз кезегінде мемлекеттің әлеуметтік қаржысын, бюджетін толықтыруда өз үлесін қосады.Шаруашылық субъектілеріне аудит тексеруін жүргізгенде, оның негізгі мақсаты бухгалтерлік есеп жұмысының жүргізілуі жағдайы, оның көрсеткіштерінің нақты дұрыстығын анықтау, содан кейін тапсырушы талабына сәйкес өз ойын айту және меншік иесінің мүддесін қорғау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет