Ситуациялық есептер:
1.«Миокартың жіті инфарктысы» диагнозбен науқас мониторлы бақылауда, ЭКГ – да бірең – сараң экстрасистолия кезінде жиілігі минутына 360 дейін майда тісшелер кенет пайда болды. Науқас ес – түссіз, ұйқы артериясында пульс анықталмайды, тынысы тоқтаған. Көз қарашығы жәймен кеңейді. Арефлексия.
Диагноз қойыңыз. Қажетті іс – шараларды және олардың кезектілігін анықтаңыз.
2. Қабылдау бөліміне 53 жастағы ер кісі төс артындағы және эпигастрий аймағындағы күйдіріп ауырсынуына, көңілінің айнуына, құсуға, басының айналуына, өлімнен қорқу үрейіне шағымданып қаралды. Анальгетиктерден және нитроглицериннен әсер болмаған. Науқас денесі мұздай тер басқан, боз, акроцианоз. Пульсы жіп тәрізді, жүрек тондары тұйықталған, ырғағы бұзылған экстрасистолия. Жүрек соғуынын жиілігі минутына 54 рет. АҚ 60/40 мм.сп.бб. Кенеттен науқас есін жоғалтты, бірден бозарды, тынысы тоқтады, ұйқы артериясында пульсы анықталмайды, көз қарашықтары кеңейген, фотореакциясы жоқ. Диагноз қойыңыз. Сіздің қолданатын шараларыңыз.
3. Госпитальға дейінгі кезеңде жүргізілген жүрек - өкпе реанимация шараларынан кейін: аппаратта Өкпені жасанды желдендіру , жүрекке тікелей емес массаж, медикаментозды және инфузиялы терапия барысында – науқаста жүрек қызметі жағынан Жүрек соғуынын жиілігі минутына 104 рет соға бастады, АҚ 145/80 мм.сп.бб,. Науқас әлі де ес – түссіз, өзі тыныс ала алмайды. Гипоксиялық комадан шығару бойынша (бақылау – диагностикалық және емдік) жүргізілетін реанимациялық іс – шаралардың жоспарын құрыңыз.
4. Электр тоғымен соққы алған ер кісінің денесі туысқандарына жеткізілді. Жалпы қарағанда – терісі мұздай, боз, арқасында және төменгі аяқ – қолдарының беткейінде көгілдір дақтар анықталды. Тыныс алуы және ұйқы артерияларында пульсациясы жоқ, көз қарашығы кеңейген, фотореакциясы жоқ. Белоглазов симптомы оң мәнді. Сіздің диагнозыңыз. Сіздің ары қарай жүргізетін іс – шараларыңыз.
5. Өзенге батып кетіп, жапа шеккен адамды «жедел жәрдем» бригадасы жеткізді. Бригада реанимациялық іс – шараларды сәтті жүргізген. Науқастың санасы анық қозғыш, қойылған сұрақтарға дұрыс жауап қайтарады. Тері қабаты бозарған. Тынысы терең, жиі, жөтел, шырышты қақырықтың бөлінуі. өкпеде қатаң тыныс, өкпенің барлық алаңында аз мөлшерде ылғалды және құрғақ сырылдар естіледі, ТАЖ минутына 28 рет. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия минутына 108 рет, АҚ 140/90 мм.сп.бб. Қан талдауында – гипонатрийемия және басқа да электролиттердің төмендегені анықталды, гипопротеинемия, бос гемоглобин, қан плазмасының осмостық қысымы төмендеген, ал несеп талдауында – гемоглобинурия. Сіздің диагнозыңыз? Қарқынды терапия бойынша сіздің шараларыңыз?
Достарыңызбен бөлісу: |