Жауап:
А) 1
Б) 2
В) 3
Г) 4
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
МЕЙІРБИКЕ ІСІ КАФЕДРАСЫ АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ ЖӘНЕ РЕАНИМАТОЛОГИЯ КУРСЫМЕН
Мамандығы : 051101 «Мейірбике ісі»
Пәні: Анестезиология және реаниматологиядағы мейірбике ісі
Пәннің коды:
Курс: 4
Кредит: № 4
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ
Шымкент – 2013.
Кафедра мәжілісінде талқыланды.
хаттама № ____«_____»______ 2013 ж.
Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Әлдешев А.Ә.
4 кредит
1 сабақ
1.Тақырыбы:Катастрофа және соғыс жағдайындағы реанимациялық көмектің ерекшеліктері.
2.Мақсаты:Төтенше жағдайлар кезіндегі реаниматологиялық көмекті ұйымдастыру және іске асыру бойынша білімі мен іскерлігін қалыптастыру,реаниматологиялық көмекті көрсетудің техникалық құралдарын дайындаудағы және мониторингті қамтамасыз етудегі соңғы жетістіктермен таныстыру.
3.Оқыту мақсаты:
Студент білуі тиіс:
Жаппай зақымдану кезіндегі реаниматологиялық көмекті ұйымдастырудың ерекшеліктері;
Медициналық эвакуацияның 3-дәрежелі жүйесін;
Жаппай зақымдану ошағында алғашқы медициналық көмек көрсетудің ерекшеліктерін;
Жарақат және жарақаттық шок кезіндегі реаниматологиялық көмектің қағидаларын;
Жеке таңғыш және химияға қарсы пакеттің және дәрілік қобдишаның құрамын;
Өрт және жарылыстар кезіндегі реаниматологиялық көмектің қағидаларын;
Санитарлы – гигиеналық іс – шаралар, эпидемиологиялық жағдайдың ерекшеліктерін;
Коматоздық күйдің сипаттамасын;
Зардап шеккендерді іріктеудің жалпы принциптері;
Студент істеу алуы тиіс:
Жарақаттың кез келген түрінде жедел реаниматологиялық көмекті ұйымдастыруды;
Реаниматологиялық көмекті бағалаудың анализін жүргізуді;
Зардап шеккендерді 4 іріктеу топтарына іріктеуді;
Жүрек – өкпе реанимациясын жүргізуді;
Кез келген емдік – диагностикалық манипуляцияларда дәрігерге көмектесуді;
Клиникалық көрсеткіштердің мониторингін жүргізуді және осы көрсеткіштерді бағалауды;
Оттегілік және ингаляциялық терапияны жүргізуді;
Инъекция және инфузияның барлық түрлерін жүргізуді;
Көрсеттілген реаниматологиялық көмекті тіркеу құжаттарын құрастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |