«Петропавл қаласының білім бөлімі» кмм «Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы» кмм



Pdf көрінісі
бет8/17
Дата28.03.2024
өлшемі1.29 Mb.
#496849
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Теректің құрамындағы полифенолды қосылыстар

3.Антиоксиданттар жайлы түсінік. 
Биологиялық мембраналардың липидтік қос қабатының тотығу процесі 
адам ағзасында әр түрлі патологияларға бастама болады. Қазіргі таңда осы 
зиянды реакциялар тізбегін тежеу үшін антиоксиданттық белсенділігі айқын 
байқалатын флавоноидтар класының қосылыстарын қолдану кеңінен етек 
алуда. Белсенділігі жоғары, өзіндік құны төмен болып келетін флаван 


12 
туындыларын республикамыздың фармацевтикалық өндіріске ендіру -
актуалды мәселелер қатарына жатады. 
Антоцианидтер көбінесе гүл жапырақтарында (антоцианидиндердің 
гликозидтері) кездеседі. Олар көп жағдайда гүлдердің қызыл, ал қызыл, 
қызғылт, ақшыл көк және көк түстерін береді [5]. 
3.1 Антиоксидантты қорғаныш 
Аталған 
заттар 
концентрациясын 
төмендететін 
қосылыстар 
антиоксиданттар функциясын атқарады. Антиоксиданттар эндогенді және 
экзогенді болып екіге бөлінеді. 
Антиоксиданттар 
Әсері 
Церрулоплазмин (қан плазмасы) 
Оттекпен Fe
2+
-ні Fe
3+
-ке тотықтырады 
СОД 
О
2—
-ні Н
2
О
2
-ге айналдырады 
Каталаза 
Н
2
О
2
-ні О

түзумен айырады 
Глутатион 
Пероксидтерді тотықсыздандырады 
Карнозин 
Fe
2+
-ні байлайды 
Кесте 1. Эндогенді антиоксиданттар 
Осыған байланысты ағзада қорғаныс қызметін атқаратын эндогенді 
антиоксиданттар да гидрофильді және гидрофобты болып бөлінеді. 
Гидрофильді эндогенді антиоксиданттар: 
СОД ферменті – О
2— 
концентрациясын азайтады, соның есебінен Fe
3+

катионы Fe
2+
- катионына тотықсыздануы азая түседі. 
Каталаза және глутатионпероксидаза ферменттері Н
2
О
2
-ні жояды. 
Комплексондар – Fe иондарын байлап қалатын қосылыстар. 
Гидрофобты эндогенді антиоксиданттар: 
Фосфолипаза және глутатионпероксидаза ферменттері мембранадағы 
липидтердің тотығу процесінің тармақталуын тоқтатады. 
«Липидті антиоксиданттар» - фенолдың туындылары (Витамин Е, 
убихинон, т.б.) 
Fe
2+
-пен полярлы комплекстер түзетін қосылыстар, олар полярлы 
болғандықтан май қабатына кірмей Fe
2+
-ті ұстап қалады. 
Ағзаның қорғаныштық қызметін атқарушы эндогенді антиоксиданттар 
патология терең етек алғанда тотығу процесіне әлсіз қарсылық білдіреді. 
Мұндай жағдайда ағза антиоксиданттардың көп мөлшерін қажет етеді. 
Антиоксиданттық қасиет көрсететін ағзада синтезделмейтін қосылыстар – 
экзогенді антиоксиданттар деп аталады. Липидтердің пероксидті тотығу 
процесі ашылып зерттелгеннен бері ғалымдар экзогенді антиоксиданттардың 
түр-түрін ашты. Белсенді зерттеуде экзогенді антиоксиданттарға келесі 
талаптар қойылады: 
● 
ағзаға улы әсері болмау; 
● 
өзіндік құны барынша төмен болу;


13 
● 
тотығу процесін тез арада тежеу. 
Фенолдар (гидроксибензолдар) – ерекше қасиетке ие органикалық заттар 
классы. Фенолдарға ароматты сақинамен байланысқан бір немесе бірнеше 
ОН- топтан тұратын қосылыстар жатады. Фенол және оның туындылары 
жануар мен өсімдік жасушаларында антиоксиданттық қасиет көрсетеді, тағам 
өндірісінде консерванттар ретінде қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет