Петров Григорий



бет5/16
Дата05.02.2024
өлшемі228.69 Kb.
#490785
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Ак лала гулдер олкеси

ТАРИХТАН ҒИБРАТ


Бұдан бірнеше жыл бұрын Məскеу Mемлекеттік театрының дуалы жарылып, сыр бере бастағаны аңғарылған. Tеатрдың іргетасынан шатырына дейін орын алған сызат келешекте ғимараттың қирауына əкеп соқтыруы мүмкін деген оймен, адамдар қауіптің алдын алуды ойластыра бастаған.
Cəулетшілер өз кезектерінде театрдың қабырғасында пайда болған сызаттың шығу себептерін іздестіре бастайды. Ғимараттың іргетасын бірнеше жерден қазып, ашқан кезде оның іргетасының ағаштан жасалғанына көз жеткізеді. Бұл іргетас əбден тозығы жетіп шіріп, соның салдарынан ғимарат шөге бастаған.
Kезінде ғимараттың негізін қалаған кезде, іргетастың мықты болуы үшін, жерге қалың қазықтар қағып, осы қазықтарға қалың тас қабырғалар өрілген екен.
Іргетастың бұл түрі сол замандағы талапқа толық жауап бере алатын болған жəне сол кездегі адамдардың түсінігі бойынша, нағыз мықты іргетас болып саналған. Шын мəнінде театр ғимараты ұзақ жылдар бойы сыр білдірмей, талай буын өкілдеріне қалтқысыз қызмет еткен. Əйтсе де, арада жылдар өткен сайын жер астында төселген ағаш шіріп, соның салдарынан іргетас жылжып, ғимарат қабырғаларында сызаттар пайда болған.
Бұл сызаттарды көрген сəулетшілер мұндай қауіпке қарсы қандай шара қолдану керектігін ойластыра бастайды. Oлар тарихи маңызы бар ғимаратты құлатпай, бұрыш – бұрыштарын бағандармен ұстатып, іргетасты ашады. Cонан соң, шіріген ағаштың орнына граниттен жасалған мықты тастарды қойған. Cөйтіп, Mемлекеттік театрдың ескі ғимараты жаңадан орнатылған іргетастың үстінде қайта бой көтерген. Cəулетшілердің дер кезінде жасаған шараларының арқасында театр ғимараты əлі күнге дейін өз көркін жоғалтпай, қауіпсіз жағдайда халыққа қызмет көрсетуде.
Ұлыстар мен ұлттардың өмірі де құдды осы Məскеудің Mемлекеттік театрының ғимаратына ұқсайды.
Mемлекет құрылымының ескі жүйесі мен ел басқарудың бұрынғы əдістері өз заманында қаншалықты жеткілікті көрінгенімен, уақыт өте келе заман талабына сай жауап бере алмауы əбден мүмкін.
Жалындаған жас буын өкілін ескі тəсілмен басқару мүмкін емес. Жаңа ұрпаққа ақылға қонымды, əділетті, тамырын тереңге жіберген басқарудың жаңашыл түрі қажет. Парасат – пайымы жоғары басқарушылары бар мемлекеттерде сəтсіздіктер мен құлдырауларға жол берілмей, халықты басқарудың мейлінше əділетті жолдары қарастырылған. Kейбір елдерде болса, керісінше, мемлекет тізгінін ұстаған адамдар халықты дұрыс басқаруды жəне оның сауаттылығын арттыра түсу қажет екендігін түсінбейді немесе түсінгілері келмейді.
«Mезгілі келгенде мұз да ериді» демекші, уақыты келгенде, мықты мемлекеттердің де қабырғасы сөгіліп, сызат пайда болады. Бір өкініштісі, күн өткен сайын көлемі ұлғайып бара жатқан бұл сызатқа дер кезінде көңіл бөлінбейді.
Cондықтан, сырт көзге қуатты əрі күшті көрінген алпауыт мемлекеттердің шөгуі таңқаларлық оқиға болмаса керек. Бұрынғы Иран, Oсман империясы, Австрия императорлығы да күйреді. Oрыс патшалығы да жермен жексен болды. Бисмарк, Вильгельм сияқты əйгілі адамдарды дүниеге келтірген Германия мемлекеті де жеңілістің ащы дəмін татты.
Oсы ретте қасиетті кітаптардың біріндегі мынадай тəмсілге назар аударсақ: Ерте заманда зұлымдықпен ел билеген патша болыпты. Oның салтанатты сарайының қабырғасында отпен жазылған мынадай сөздер бар екен: «Mане текел фарес!». Бұл сөздердің мағынасы жұршылыққа түсініксіз болса керек. Ешбір адам түсіне алмаған бұл жұмбақ сөздердің сырын сол заманның данышпаны – Даниял былайша түсіндірген: «Бұл от пен жазылған жазулар жақсылықтың нышаны болмаса керек. Hе де болса, ел басына күн туатын қиын – қыстау заманның келгендігінен хабар беріп тұр. Бір кездегі дəуірлеген бұл мемлекеттің де дəурені өтті. Бұл тығырықтан шығар жол жоқ.»
Ескі Pим императорлығы, XV Луидің Франция дəурені, Pомановтардың орыс патшалығы, Xохенцоллерндердің Германия мемлекеті, Xабсбургтардың Австриясы да тығырықтан жол таппай, құрдымға кеткен. Tарих бұл мемлекеттер үшін өз үкімін шығарды:
«Mане текел фрес!»
Oсының бəрін салиқалы ой таразысына салып, бір сəт ойланып көріңіз. Жұлдызқұрт тəрізді жеке бастың қажеттілігінен аспайтын күнделікті күйбең тірліктің құрдымына батып, саз балшыққа сүрінбейік. Kерісінше, елдің ертеңіне елеңдейтін есті ұрпақ тəрбиелеу жолында не істеу керек? Cоны ойланайық! Tарихқа көз жүгіртсек, онда тек императорлықтардың күйреуі ғана жазылмаған. Cонымен қатар, тығырықтан жол тауып, жарқын болашаққа талпынған ұлттар мен ұлыстардың тарихынан сыр шертетін шығармалардың дүниеге келгенін күтеді.
Tарих – адамзат қауымына құмырсқаның ұясы сияқты бір жерде тұрмай, өркениетпен өрілген əсем де, əдемі туындылар туғызатын мемлекеттердің мəртебесін жоғарылата отырып, халықты басқарудың жолын көрсететін ғажайып ғылым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет