Пікір жазғандар


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



бет65/99
Дата06.03.2023
өлшемі1.45 Mb.
#470440
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   99
арнайы кітап

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары

1. Инклюзивті білім беру жағдайындағы арнайы педагогтың құзіреттілігіне сипаттама беріңіз


2. Жалпы білім беру жүйесіндегі мұғалім мүмкіндігі шектеулі бала туралы не білуі қажет.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ ТАПСЫРМАЛАРЫ МЕН ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҮСҚАУЛАР

1 Арнайы педагогиканың жалпы сұрақтары


Мақсаты: арнаулы білім беру жүйесінің даму тарихы, қалыптасуы туралы білім жүйесін кеңейту, толықтыру. Талқылауға ұсынылған сұрақтар:
1. Арнаулы білім беру жүйесінің даму кезеңдері. ҚР-да арнайы білім берудің ерекшеліктері.
2. Арнайы педагогиканың мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдаңыз.
3. Арнайы педагогика жанама ғылымдармен байланысы.
4. Арнаулы білім беру жүйесінің мақсаты мен міндеттері, болжамдары.
5. Арнайы педагогиканың салалары.
6. Арнайы педагогика үшін аса маңызды. Л.С. Выготскийдің тұжырымдамалары
Тәжірибелік деңгейдегі тапсырмалар
1. Арнайы педагогиканың бір саласын (олигофренопедагогиканың, тифлопедагогиканың, сурдопедагогиканың, логопедияның) бір бөлімінің мазмүнын, мақсаттарын және міндеттерін ашыңыз. Олардың арнайы педагогика саласы ретіндегі арнайы педагогиканың басқа бөлімдерімен қалай байланысты екенін көрсетіңіз.
2. Арнайы педагогика мен психологияның өзара байланысын сипаттаңыз. Осы өзара байланысты нақты мысалмен түсіндіріңіз.
3. «Мүмкіндіктері шектеулі бала» үғымын түсіндіріңіз. Неліктен бір көзінен айырылған, бірақ басқа кемшіліктері жоқ бала қалыпты жағдайдан ауытқыған бала болып саналмайтынын түсіндіріңіз.
4. Арнайы педагогиканың қүрылымын білдіретін үғымдармен толтырыңыз, мысалы:
А) коррекция - бүл.....................................................
В) абилитация дегеніміз............................................
С) ерекше білім алуды қажет ететін бала -............
Шығармашылық деңгейдегі тапсырмалар
Л.С. Выготский және басқа да зерттеушілер анықтағандай, қалыпты және қалыпты жағдайдан ауытқып дамып келе жатқан балалар үшін психикалык дамудың негізгі заңдылықтары бірдей болып табылады. Осы заңдылыктарды атаңыз. Л.С.Выготскийдің осы қағидасын қалай түсінесіз? Жауап беру үшін «Арнайы педагогикалық сөздікті», «Психологиялық сөздікті» қолданыныз-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет