Практическая работа по развитию способности к выразительному чтению через произведения разных жанров по «Литературному чтению»


Шөжек: Еңбек, білім, отан, дос туралы мақалдар жазу керек екен.  Ақтөс



Pdf көрінісі
бет71/100
Дата19.07.2023
өлшемі2.94 Mb.
#475729
түріПрактическая работа
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   100
4. Развитие навыков выразительного чтения

Шөжек: Еңбек, білім, отан, дос туралы мақалдар жазу керек екен. 
Ақтөс: Тіршіліктің өзі еңбек, білім, отан, достықтан тұрады емес пе? 
Тауық: Əрине, еңбексіз бола ма? Өз басым таңды елден бұрын қарсы 
алып, бүкіл ауланы оятудан бастаймын. 
Ақтөс: Иə, бұл нағыз еңбек, өйткені, сенің еңбегіңнің арқасында 
бəріміз тіршілігімізді бастаймыз. Ерте тұрған жігіттің бір ырысы артық. 
Шөжек: Көжек, сен жазып ал, тез. 
Көжек: Отан, білім, дос туралы да айтыңыздаршы. 
Тауық: Отан отбасынан басталады. 
Ақтөс: Білімді мыңды жығар. 
Шөжек: Білікті бірді жығар. Əне, Саққұлақ сияқты. 
Тауық: Достық алтыннан да қымбат. Достарым, біздің үйге түскі асқа 
келіңіздер, мен барып дайындалайын.
(Сахнадан тауық шығып кетеді, осы кезде сахнаға
мысықты қуып Саққұлақ шығады). 
Марғау: Маған тиіспеші, мен саған не істедім? 
Саққұлақ: Сенің сөмкеңде не бар? Жаныңның барында, қазір бəрін 
жай мына жерге, əйтпесе, мұрныңды бет қыламын. 
Марғау: Қазір маған анам ұрсады. Сөмкемде сенің нең бар? 
Шөжек: Саққұлақ сен неге өзіңнен кішкентайларға тиісесің?
Шөжек: Біз, мысалы, бүгін таңертең тұрып, еңбек еттік, жұртты 
ояттық, ал сен болсаң, біреудің тамағына, сөмкесіне жабысып, таласып 
жүрсің. Əне, Көжек сабақты білмегені үшін екі алыпты. 
Саққұлақ: Сенің таңатпай жұртты оятқаның еңбек пе? 
Шөжек: Иə, сен сияқты бірді жыққанша, білімді болып, еңбек етіп
мыңды жыққан жақсы. 
Ақтөс: Иə, Шөжек дұрыс айтады. Сен тəртібіңді жөндеуің керек, 
əйтпесе, сенімен ешкім дос болмайды. Міне, қазір бəріміз Тауықтың үйіне 
түскі асқа барамыз, ал сен қалай бармақсың? 
Көжек: Иə, сен бұзақы мінезіңмен бізге жақындама. 


121 
Ақтөс: Сен қазір бəрінен кешірім сұра. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   100




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет