«Психология және коммуникация дағдыларының негіздері» пәні бойынша емтихан сұрақтары Мамандығы: 0912100 «Мейіргер Ісі» билет №1


Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері Қабылдаудың тұтастығы



бет6/14
Дата06.04.2024
өлшемі2.72 Mb.
#497829
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Экзамен психология жауап

Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері Қабылдаудың тұтастығы Қабылдаудың объектісі кейбір жеке қасиеттерден, жеке бөліктерден тұрғанымен, біз оларды бүтіндей, тұтастай қабылдаймыз. Кей кезде бұрынғы тәжірбиемізде ұшыраған кейбір объектілердің жеке бөліктері, шет жағасы, үзінділері ғана қабылданса да, біз бұларды тұтас зат формасында қабылдаймыз.
Қабылдаудың таңдамалылығы Толып жатқан объектілердің ішінен біреуін іріктеуіміз ( оның қасиетін, сапасын ) қабылдаудың таңдамалылығы делінеді. Мәселен, кітап оқығанда ондағы бірер сөз қате жазылған болса да байқамай оқып кете береміз. Егер кітапта «университет» деген сөз «унверситет» деп қате жазылса да біз мұны «университет» деп дұрыс оқимыз. Кітап оқығанда оның мазмұнына ерекше көңіл бөлінетіндіктен, мұндай қателер көзге түспей қалады. Ал жеке сөздерге, әріптерге шұқшия көз салған жағдайда ( мәселен корректорллар ) текстің мазмұны ұғылмай, күңгірт қалып қоятын кездері болады
Қабылдаудың тұрақтылығы (константтылығы ) Қабылдаудың константтылығы деп сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарамастан, заттардың кейбір қасиеттерінің бір қалыпты болып қабылдануын айтады. Мәселен, біздің алдымыздағы телеграф бағаналарының бір-бірінен қашықтығы көздің тор қабығында бірдей сәулеленбейді
Апперцепция ұғымы бір нәрсеге сананың шоғыр- ланып анық ерекше айқындайтын ахуалын білдіреді
2. Темперамент жөнiнде түсiнiк. Темперамент туралы теориялар. Темперамент түрлерi жəне олардың психологиялық сипаттамасы.
емперамент (лат. temperamentum - бөліктердің қажетті арасалмағы) адамның психикалық іс-әрекетінің динамикасын сипаттайтын тұрақы жеке ерекшеліктердің: психикалық процестер мен күйлер ағысы қарқындығының жылдамдығының ырғағының - жиынтығы. Темперамент дегеніміз психикалық процестердің өтуінің динамикалық ерекшеліктерін және адам мінез-құлқын,олардың күшін,жылдамдығын,пайда болуын,тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы.
* Холерик
* Флегматик
* Сангвиник
* Меланхолик
3. Қабiлет жөнiнде түсiнiк. Жалпы және арнайы қабілет. Қабілет және нышан.Қабiлеттердiң даралық сипаттары. Дарындылық, шеберлік, талант.

Белгілі бір істе үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр-түрлі жеке қасиеттерінің қиысып келуін, яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атаймыз . Қабілеттің дамуы оны қажет ететін қызмет саласында және әрекетке үйрену үстінде көрініп отырады. Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты болады.


(Адам қабілеттерінің жан-жақты жетілуі әсер етуші еңбекті екіге бөлеміз, яғни ой және дене еңбегі.

Құрастырған оқытушы: Мухамадиева Н.М.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет