Психологиялыќ дау-дамай Конфликтологиялыќ идеяларѓа тарихи шолу


Дау-дамай және оны шешу жолдары



бет2/5
Дата29.11.2023
өлшемі133.5 Kb.
#484810
1   2   3   4   5
9 лек

Дау-дамай және оны шешу жолдары
  • Жер шарының қай жерінде болмасын, әрбір адам әр түрлі жағдайда “конфликт” (дау-дамай) деген құбылыспен кездеседі. Тіпті, біздің арамызда ешқашан дау-дамайға түспеген адам жоқ шығар.
  • ғылыми әдебиеттерде “конфликт” (дау-дамай) әр түрлі мағынада түсіндіріледі. Бұл терминнің анықтамасы өте көп.
  • Жалпы “конфликт” сөзі (conflіctus) латын тілінен енген, тікелей мағынасы – дау-дамай (қақтығыс). Адамның өмірі қақтығыссыз өте алмайды, өйткені адам болған соң өзінің пайымдауы, өз көзқарасы, өз түсінігі болады. Бір мәселеге екі адам екі жақты қарайды.
  • Дау-дамай дегеніміз - қарама-қарсы бағытталған мақсаттардың, қызығушылықтардың, ұстанымдардың, ой-пікірлердің, құндылықтардың қақтығысы.
  • Басқа сөзбен айтқанда, дау-дамай - екі не одан да көп индивидтің немесе топтың қарама-қарсы жақтың белгілі бір мақсатқа жетуіне, қызығушылығының қанағаттандырылуына әдейі бөгет жасау немесе оның көзқарасын, әлеуметтік ұстанымын өзгерту процесі.
  • Дау-дамайды тудыратын немесе өз еркінсіз осындай жағдайға тап болатын адамдар мәселені тез арада өзіне тиімді етіп шешкісі келеді. Осы жерде “дау-дамайды шешудің жолдары қандай?” деген сауал пайда болады.
  • °р адам өзінің өмірлік жинаған машығына байланысты, өз пайымдауына байланысты кездесіп жатқан конфликтіні өз көзқарасы тұрғысынан шешеді. Адамзат өз тарихында конфликті тудырып, сосын оны шешуден бірталай машық жинаған. Аталған мәселені зерттеп, оны жинақтау ХХ ғасырдың соңына қарай жаңа бір білімнің саласы - конфликтологияның пайда болуына ықпалын тигізеді.
  • Конфликтологияның басты міндеті - тек танымдық теориялық деңгейде ғана емес, тәжірибеде адамдарға конфликтілі жағдайлармен не істеу керектігін түсіндіріп беру.
  • “Егер сіздің өміріңізде конфликт болмаса, қан соғуыңыз бар ма - соны тексеріп көріңіз”, – дейді У.Диксон.
  • Адамның әлеуметтік ортада өмір сүруі, әр түрлі әрекет түрлерімен шұғылдануы үнемі қоғамдағы өзге адамдармен тығыз қарым-қатынаста болып отыратындығын көрсетеді.
  • Дау-дамай, бір-бірімен ренжісу әрбір адамның өзіндік кісілігін, талап-тілегін өзгелердің мойындауын, онымен санасуын талап етуін туады. Осы бағытта әрбір адам өзінің басқа адамдар алдындағы мұқтаждығын қанағаттандырып, өзгелерге бойындағы күш-қуаты мен қабілетін көрсеткісі келеді.
  • Адамдар арасындағы күнделікті қарым-қатынаста бір-бірінің кем-кетігі мен мінезіндегі жағымсыз қылықтарын бетіне айту, не бөтен адамдар арасында әшкерелеу оның наразылығы мен ренішін тудырады.
  • Дау-дамай субúектісіне оған қатысушы индивид, топ не ұйым жатқызылады. Дау-дамай затына нақты материалдық және рухани қорлар, қанағаттандырылмаған қажеттіліктер, тілектер, өзара әрекеттесу субúектілерінің қызығушылықтары жатады, яғни ол дау-дамайдың не үшін пайда болғанын көрсетеді. Дау-дамайлық қатынас деп субúектілер арасындағы өзара әрекеттесудің формасы мен мазмұнын және олардың (субúектілердің) дау-дамайдың аяқталуы мақсатында жасаған іс-әрекеттерін айтады.
  • Дау-дамайлық жағдаят - нақты уақыт мерзімінде дау-дамайдың дамуы.
  • Дау-дамайдың себептеріне қарама-қайшылықтың өрши түсуіне, дау-дамайдың пайда болуына әкелген шарттар, жағдайлар жатады.
  • °рбір дау-дамайдың уақытына және кеңістігіне байланысты сипаты бар. Дау-дамайдың кеңістіктік сипаты: дау-дамайдың пайда болу және көріну сферасы; пайда болу себебі мен жағдайы; көріністің нақты формасы; дау-дамайдың нәтижесі; әдістері мен әрекеттері (субúектілер қолданатын). Дау-дамайдың уақыттық сипаты: дау-дамайдың ұзақтығы, жиілігі, қайталануы, әр субúектінің дау-дамайға қатысу мерзімі және дау-дамайдың әр даму кезеңіндегі уақыт көрсеткіштері.
  • °р дау-дамайдың өзіндік даму динамикасы бар және ол мына кезеңдерден тұрады:
  • дау-дамайға дейінгі қарым-қатынастар, шешілмей жатқан мәселелердің жиналып көбеюі, қарым-қатынастың кернеуліктері;
  • қарама-қайшылықтың өрши түсуі, қарым-қатынаста тұрақты жағымсыз (негативті), кейде агрессивті психологиялық жағдайдың болуы;
  • дау-дамайлық жағдаят, оқиға, субúектілер арасындағы түсініспеушілік және ашық түрдегі дау-дамай;
  • дау-дамайдың шешілуі;
  • дау-дамайдан кейінгі кезең, дау-дамайға қатысушылар арасындағы қарым-қатынастың жаңа мазмұны мен сипатының пайда болуы.


  • Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет