Психологияның дербес ғылыми пән ретінде



бет10/12
Дата18.01.2024
өлшемі39.14 Kb.
#489335
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Психологияның дербес ғылыми пән ретінде қалыптасуы

Қиял туралы жалпы ұғым.
Қиял дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік бейнелерін қайтадан жаңғыртып, өңдеп, өзгертіп бір-біріне қосып бейнелейтін, адамға тән процесс. Қиял сондай-ақ өмірде бар, бірақ адамның жеке тәжірибесінде кездеспеген обьектінің бейнесін жасау.
Қиял түрлері.
Қиял актив және пассив болып екіге бөлінеді.
Пассив қиялға түс көру жатады. Пассив қиялдың ырықсыз түрі адамның ояу кезінде де болып отырады. Адам алдына ешбір мақсат қоймаса да, оның көз алдынан елестер тізбектеліп өтіп жатады.
Қиялдың екінші түрі актив қиял деп аталынады. Ол актив қиял қайта жасау, творчестволық қиял, арман болып үшке бөлінеді.
Қайта жасау қиялын тәрбиелеудің екінші жолы - географиялық карталарды оқып үйрену. Картаның бетінде саяхат жасау бала қиялына планетаның түрлі түпкірлерін елестетеді, балаға талай алыс жерлерді көргізіп отырады.
Қиялдың ең жоғары түрі - творчестволық қиял. Творчестволық қиял деп өзіндік жаңа образдар жасау арқылы әрекетте, жаңа продуктылар беруде көрінетін қиялды айтады.
Актив қиялдың ерекше бір түрі - арман. Арман дегеніміз өз қалауымызша жаңа образдар жасау. Адам армандағанда алдына мақсат қояды, тілегіме жетсем екен деп ойлайды. Арман адамға күш қуат беріп алға итермелейді.
Қабілеттердің даму деңгейі және даралық айырмашылықтар.
Қабілет - іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Қабілеттілік күнбе-күнгі тәжірибеде жиі кездеседі. Мәселен, оқуға бар ықыласымен берілетін оқушыларды біз «мынау оқушы қабілетті оқушы екен» дейміз, не болмаса оның кейбір пәндерді жақсы үлгеруіне байланысты бір оқушының математикаға, екіншісінің әдебиетке, үшіншісінің географияға қабілеті бар екен дейміз.
Қабілеттердің дамып қалыптасуы әр түрлі деңгейде жүріп отырады.
Қабілет жалпы, арнаулы болып бөлінеді. Жалпы қабілет бұл адамның ақыл-ой қабілеті.
Арнаулы қабілет - іс-әрекеттің, мәселен, әдебиет, сурет өнері, музыка, сахна өнері т.б. арнаулы салаларда, жоғары нәтижеге жетуге жәрдемдесетін жеке адам қасиеттерінің жүйесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет