Р. Қ. Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. Қ. Бектұрғанова, В. А. Донбаева, К. У. Тоғызбаев, Л. А. Байбосынова



бет23/63
Дата27.01.2023
өлшемі2.41 Mb.
#468817
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   63
Р. Қ. Ниязбекова метрология каз

Бақылау сұрақтары:

  1. Теориялық, заңнамалық және қолданбалы метрология бөлім- дерінің сипаттамасы.

  2. Метрологиядағы физикалық шамалардың өлшем бірліктері.

  3. Өлшем бірліктерінің халықаралық жүйесі.

  4. Өлшеудің классификациясы, өлшеу әдістері.

  5. Сынау және бақылау, өлшемдердің шекті мүмкіндіктері.

  6. Бұзбайтын бақылау әдістері мен түрлерінің классификациясы.\

  7. Бұзбайтын бақылау құралдарын метрологиялық қамтамасыз етудің рөлі.

  8. Ведомствалық метрологиялық қызметтің тексеріс бөлімдерін құру және ұйымдастыру.

  9. Бұзбайтын бақылаудың әдістері мен тәсілдерін сертификаттау.

  10. Бұзбайтын бақылау зертханаларын аттестаттау (аккредиттеу).

  1. - Б Ө ЛІМ.

ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ

    1. Өлшеу құралдары туралы ұғым, классификация.

Қарапайым және кешенді өлшеу құралдары
Өлшеу техникасы құралдары (өлшеу техникасы) - өлшеуге арналған техникалық құралдарды қамтитын жалпы түсінік. Өлшеу техникасы құралдарына өлшеу құралдары және олардың жиынтықтары (өлшеу жүйелері, өлшеу қондырғылары), өлшеу заттары, өлшеу құрылғылары жатады.
Өлшеу ақпаратын алу және өзгертуге қатысатын өлшеу техникасының құралдарына өлшеу құралдары жатады.
Өлшеу құралы - анықталған уақыт аралығында өлшемі тұрақты болатын, физикалық шама бірлігін өндіруші және сақтаушы метрологиялық нормаланған сипаттамалары бар өлшеулерге арналған техникалық құрал.
Атқаратын қызметі мен конструктивті орындауына бай- ланысты өлшеу құралдарын келесідей жіктейді: шамалар, өлшеуші өзгерткіштер, өлшеуші заттар, индикаторлар, өл- шеуші құрылғылар, өлшеуші жүйелері, өшеуші-есептеуіш ке- шендер.
Өлшеу құралдарында, біріншіден, нормаланған метроло- гиялық сипаттамалары болуы керек. Нормаланған метроло- гиялық сипаттамалар - нормативтік құжаттармен белгіле- нетін белгілі типті өлшеу құралдарының метрологиялық сипат- тамаларының жиынтығы.
Екіншіден, өлшеу құралы шама бірлігін сақтайды және жаңғыртады. Үшіншіден, сақталатын шама бірлігінің өлшемі болмайды.
Бұл факторлар өлшемдердің орындауға мүмкіндік жасайды, яғни техникалық құралды өлшеу құралдарына айналдырады.
Өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамасы - өлшеу нәтижесіне және оның қателігіне эсер ететін өлшем құралдарының қасиеттерінің бірінің сипаттамасы.
Өлшем құралдарының нормаланған метрологиялық си­паттамасы - нормативтік құжаттармен тағайындалған метрологиялық сипаттамалар.
Тәжірибелік түрде анықталатын метрологиялық сипаттама- лар өлшем құралдарының шынайы метрологиялық сипат- тамасы деп аталады.
Әдетте, өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамалары өлшем құралдарын пайдаланудың қалыпты және жұмыстық жағдайлары үшін нормаланады.
Өлшеудің қалыпты жағдайлары - өлшеу нәтижелерінің өзгерісі өте аздығынан болғандықтан, әсерін ескермеуге бола- тын эсер етуші шамалар мәндерінің жиынтығымен сипатта- латын өлшем шарттары.
Эсер етуші шаманың мәндер облысы - өлшем құралдары- ның көрсеткіштерінің өзгерістері мен қосымша қателіктерін нормалайтын эсер етуші шамалар мәндерінің облысы болып табылады.
Өлшеулердің жұмыстық жағдайлары - эсер етуші ша- малардың мәндері жұмыстық облыстар шегінде жататын өлшемдер жағдайы.
Өлшемдердің шекті жағдайлары - өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамалары бұзылу мен нашарлаусыз бо- латын өлшенетін шаманың экстремалды мәндері мен эсер ету- ші шамалардың экстремалды мәндерімен сипатталады. Шекті жағдайларда өлшем құралдары ұзақ уақыт бойы бола алмайды.
Өлшем құралдарының метрологиялық қасиеттері мен клас­сификациям 12-суретте көрсетілген.
Өлшеу құралдары стандартталған және стандартталмаған өлшеу құралдары деп бөлінеді.
Стандартталған өлшеу құралдары - стандарттар талабына сай жасалған және қолданылатын өлшеу құралдары.
Стандартталмаған өлшеу құралдары - оларға қатысты талаптарды стандарттау жөнсіз болып табылатын өлшеу құ- ралдары.
Әрекет ету ұстанымы бойынша өлшеу құралдары келесідей бөлінеді:

  • Механикалық; -

  • Физикалық-химиялық;

-Электрлік;
-Оптикалық.
Түрлері бойынша өлшеу құралдары былай бөлінеді:

  • өлшемдер;

  • өлшеу құралдары;

  • өлшеу қондырғылары;

  • өлшеу машиналары;

  • өлшеу жүйелері;

  • өлшеу түрлендіргіштері;

- стандартты үлгілер.
Өлшеу құралдары - өлшеуге арналған және нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құралдар.






12-сурет. Өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамалары, түрлері және классификациясы

Электрлік

Оптикалық



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет