Р. Қ. Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. Қ. Бектұрғанова, В. А. Донбаева, К. У. Тоғызбаев, Л. А. Байбосынова



бет25/63
Дата27.01.2023
өлшемі2.41 Mb.
#468817
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   63
Р. Қ. Ниязбекова метрология каз

Өлшеу жүйесі бақыланатын нысанның әртүрлі нүктелерінде орналастырылған, осы кеңістікке тән бір немесе бірнеше физикалық шамаларды өлшеу және әртүрлі мақсатта өлшеу белгілерін алу мақсатында жұмыс істеуге біріктірілген өлшемдер, өлшеу құрылғылары, ЭЕМ және басқа да техникалық құралдар болып табылады. Өлшеу жүйелері арналған мақсатына қарай өлшегіш-ақпараттық, өлшегіш-бақылаушы, өлшегіш-басқарушы жүйелер және басқалар болып бөлінеді. Өлшеу мақсатына қарай реттелетін өлшеу жүйелері икемді өлшеу жүйелері деп аталады.
Өлшеу түрлендіргіші - нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар, өлшенетін шаманы басқа шамаға немесе өлшеу белгісіне түрлендіруге, өңдеуге, сақтауға, одан арғы түрлендірулерге, индикация немесе беруге арналған ыңғайлы техникалық құрал. Өлшеу түрлендіргіштерінің мысалы - винт
Кіріс және шығыс белгілерінің сипаты бойынша аналогтік және сандық түрлендіргіштер, өлшеу тізбегінде алатын орнына байланысты біріншілік және аралық деп бөлінеді. Өлшеу аппаратының белгісін тепе-тең түрлендіретін түрлендіргіштерді масштабтық деп атайды.
Біріншілік өлшеу түрлендіргіші - өлшенетін шама тікелей эсер ететін өлшеу түрлендіргіші. Бір ӨҚ-да бірнеше біріншілік түрлендіргіш болуы мүмкін, мысалы, тоңазытқыш ыдыстың әр- түрлі нүктелеріндегі температураны өлшеуге арналған өлшеу қондырғысының термопарлары.
Датчик - өлшеу белгілерін шығаратын контруктивті түрде жекешеленген біріншілік түрлендіргіш.
Өлшеу құрылғысы (құрылғы) - өлшенетін физикалық шаманың мәнін берілген диапазонда алуға арналған өлшеу құралы. Өлшеу құралы өлшенетін физикалық шамадан өлшеу ақпаратын алуға, оны түрлендіруге және оператор тікелей қабылдай алатындай пішінде беруге арналған. Құрылғының құрылымына бір немесе бірнеше өлшеу түрлендіргіштері және оларға қосылған нұсқаушы шкала, нұсқаушы диаграммалық қағаз, сандық табло типіндегі өлшеу ақпаратын көрсететін құрылғы кіреді. Ақпаратты беру жүйесіне байланысты көрсетуші немесе тіркеуші кұрылғылар деп ажыратылады. Тіркеуші құрылғылар жазба немесе баспа құрылғылары деп бөлінеді. Шығыс белгісінің пішініне қарай аналогтік немесе дискреттік шығысы бар құрылғыларды ажыратады («дискретті» қүрылғыларды «сандық» деп жиі атайды).
Құрылғыларды тікелей әрекет ететін және салыстыру құрылғылары деп бөледі. Салыстыру құрылғыларын компаратор деп те атайды.
Компаратор - біртекті шамалардың өлшемдерін салыстыруға арналған салыстыру құрылғысы. Компаратордың мысалы - иінтірек таразы.
Индикатор - белгілі бір физикалық шаманың бар екендігін анықтау немесе оның мәнінің шегінен шығуын анықтауға арналған техникалық құрал немесе зат (химиялық). Химиялық реакциялар кезінде индикатор ретінде лакмус қағазын қолданады. Иондаушы сәулеленулерді өлшеу саласында индикатор радиация деңгейінің шегінен асып кеткендігі туралы жарық және (немесе) дыбыс белгісін береді. Кей жағдайларда индикатор ретінде өлшеу құрылғылары ппйдаланылуы мүмкін (көретін және дыбыстық белгілері бар шекті электрконтактілі өлшеу түрлендіргіші электр тізбегіндегі үзіліс омметр кезінде қолданылады).
Өлшеулердің күрделі құралын сызба ретінде көрсетуге бола- ды. Ол үшін сызбаның негізі ретінде өлшеу тізбегін алады. Тізбектің құрылымына біріншілік және аралық өлшеу түрлен- діргіштері, сонымен қатар өлшеу ақпаратын көрсетуші құрылғы кіреді. Өлшеу құрылғысының құрылымдық сызбасының мысалы 13-суретте көрсетілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет