Р. Б. Доскалиева


Өзіндік бақылау сұрақтары



Pdf көрінісі
бет9/114
Дата02.12.2022
өлшемі1.66 Mb.
#466315
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   114
Doskalieva R.B. Psihologiialyq diagnostika 2018

Өзіндік бақылау сұрақтары 
 
1. 
Психодиагностика қазіргі кезеңдегі психологиялық 
зерттеулерде қалай қарастырылады? 
2. 
Психологиялық түсініктерден қандай екі түрлі көзқарас 
туындады? 
3. 
Интраиндивидуалды байланыстар тұлға қасиетін қалай 
бейнелейді? 
4. 
Қасиеттердің интериндивидуалды вариациясы
5. 
Психодиагностикалық әдістемелер ерекшеліктері қалай 
сипатталады? 
6. 
XIХ-XX ғасырда психодиагностиканың негізгі даму 
кезеңі кімнің есімдерімен тығыз байланысты? 
7. 
Психодиагностика 
термині 
ең 
алғаш 
қашан 
қолданылды 
8. 
Г.Роршах еңбектерінің диагностикада маңызы
9. 
XIX ғасыр аяғы психологиялық экспериментте қалай 
сипатталды 
10. 
А.Н.Леотьев тезистері қалай аталады? 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


17 
2.ПСИХОДИАГНОСТИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ 
 
2.1. Алғашқы психологиялық болжамдар 
 
Қандай ғылым болмасын, оның ғасырлар бойғы өз тарихы, 
өзінің даму жолы, зерттеу пәні, әдіснамалық негізі мен 
заңдылығы болады. 
Психологиялық 
диагностиканың 
дамуы 
барысында 
психиканың биологиялық, әлеуметтік және өзіндік психологиялық 
көріністерін тұтас қарау идеясы психология әдіснамасының 
жүйелі дамуымен тығыз байланысты және сол жүйелер негізінен 
бастау 
алған. 
Психодиагностика 
мәселелерін 
зерттеуде 
психологиялық әдіснамалық негізге сүйенетініміз сондықтан. 
Қазіргі уақыттағы психология ғылымы алдында тұрған 
теориялық және тәжірибелік міндеттерге сай қарқынды дамуда. 
Психологиялық зерттеулер шеңбері айтарлықтай кеңіп, жаңа 
ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды, жаңа ой - пікірлер 
мен тұжырымдамалар үздіксіз дамып, психология жаңа 
эмпирикалық мәліметтермен толығуда. Қандай да бір тарихи 
кезеңдегі ғылымдар жүйесіндегі психологияның алатын орны 
психологиялық білімдердің даму деңгейінің жіктеу үлгісінің 
жалпы философиялық бағытын айқын көрсетті. Психологияның 
жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі негізгі қызметінің мәні 
мынада: ғылыми білімнің басқа аумақтарындағы нәтижелерін 
белгілі бір қатынаста талдай отырып, Б.Ф.Ломовтың пікірінше: 
«Зерттеудің негізгі объектісі–адам, ол барлық ғылыми пәндердің 
біріктірушісі болып саналады».
Б.М.Кедровтың пайымдауынша, психологияның ғылымдар 
үшбұрышымен байланысын сипаттаудағы негізгі міндеті – 
психикалық әрекеттердің даму барысындағы заңдылықтарын 
зерттеу. Бұл заңдылықтар адам миында объективті дүниенің 
бейнеленуін, осыған байланысты оның қалай реттелетінін
психикалық әрекет қалай дамитынын және тұлғаның психикалық 
қасиеттері қалай қалыптасатынын жүйелі түрде ашып көрсетеді.
Психика – объективті шындықтың бейнеленуі, сондықтан да 
психологиялық заңдылықтарды зерттеу, ең алдымен, психикалық 
құбылыстардың адам өмірі мен іс-әрекетінің объективті 
жағдайларына байланысты болатынын білдіреді. 


18 
Психологияда сана субъектісі (кім таниды) мен сана обьектісі 
(не танылады) бір-біріне сәйкес келеді. Кей жағдайларда тану 
үрдісінің өзі де ғылыми таным обьектісі болады. Бұл көптеген 
ғылым танушылардың, соның ішінде, Платон мен Аристотель 
сияқты әмбебап ойшылдардың пікірінше, ғылымның әр түрлі 
жіктелулерінде психологияға негізгі орын беруге негіз бола 
алады.
Психология жаратылыстану және гуманитарлық ғылым бола 
отырып, басқа ғылымдармен салыстырғанда, зерттеудің кең 
көлемді әдістері мен процедураларын қолданады. 
ХІХ ғасырдың аяғы мен Х ғасырдың басында психологтар 
басшылыққа табиғи ғылыми экспериментті алып, негізгі 
талаптарды психологиялық эксперименттік әдістерге ауыстырды.
ХХ ғасырдың ортасы мен аяғында ғылыми әдіснаманың 
дамуына К.Поппер, И.Лакотос, П.Фейерабенд, Р.Колотон сияқты 
белгілі философтар мен ғалымдар қажетті білімді дамытуда 
талдау мен зерттеушінің нақты іс-әрекетіне негіздеді. Олардың 
көзқарастарында 
математика, 
физика, 
химия, 
биология, 
психология және т.б. ғылымдар дамуына ерекше мән берілген. 
Әр теория тек жобалау ғана және ол экспериментпен 
анықталуы мүмкін. К.Поппер «Біз білмейміз – біз тек жобалай 
аламыз» деген қағиданы айтқан. Сыни рационализм тұрғысынан 
(Поппер мен оның шәкірттері өздерінің көзқарастарын осылай 
түсіндірген) эксперимент – бұл шындыққа сай келетін болжамды 
жоққа шығару әдісі. Сыни рационализм идеяларынан болжамды 
статистикалық тексеру теориясы мен экспериментті жоспарлау 
шығады. Ғылыми зерттеудің нормативтік үрдісі: болжамды 
ұсыну; зертеуді жоспарлау; зерттеуді жүргізу; мәліметтердің 
интерпретациясы; болжамды растау немесе жоққа шығару; ескіні 
жоққа шығарған жағдайда, жаңа болжам жасау. 
Жаңа білім мәліметтер интерпретациясы негізінде жасалатын 
ғылыми болжам гипотеза түрінде пайда болады. Ал, болжамды 
ұсыну, шындық үлгісін және теорияны құру – бұл интуитивтік 
және шығармашылық үрдістер. Олар ғылыми теориялар 
экспериментін қарастыру шегінде әрекет етеді. Бұл тұрғыдан 
қарастырылатын эксперимент тек бақылау, іріктеу әдісі ғана. 
Жаңа білім басқа жолдармен: эмпирикалық - бақылаумен, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет