Реферат Тақырыбы: «Халықаралық құқықтың субъектілері, тану және мемлекеттік құқық қабылдаушылық. Халықаралық шарттар құқығы.»



бет2/8
Дата15.09.2022
өлшемі25.81 Kb.
#460795
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
3 такырып ХЖК

Унитарлы мемлекетте біртұтас жоғары билік жүйесі болады. Унитарлы мемлекетте барлық территорияға бір конституция тарайды және бір азаматтың, бір құқық жүйесі болады. Унитарлы мемлекеттің территориясы әкімшілік-территориялық бөлшектерге бөлінеді. Оның өзіндік саясаты болмайды, бірақ кейде әкімшілік автономияға ие болады. Унитарлы мемлекет өзі халықаралық құқыққа субъект ретінде шығады. Унитарлы мемлекетке Ұлыбритания, Франция, Италия, Швеция, Норвегия, Финляндия елінің көпшілігі, Қазақстан және тағы басқалар жатады.
Күрделі мемлекеттерге конфедерация және федерация жатады.
Конфедерация– бұл мемлекеттердің бірлігі. Бұл мемлекеттер бәріне ортақ мәселелерді шешу үшін жалпы заң кезелушілік орган құрады. Конфедерацияның мүшелері-өз мемлекет басшылары кіреді. Конфедерация органдары соған кіретін мемлекеттердің өкілдерінен тұрады. Конфедерация мүшелері өздері халықаралық құқық субъектісі болып саналады. Егер де конфедерация мүшелері конфедерацияның өзіне халықаралық істерді, шарт таласуда түзеле асыруға құқық берсе,онда конфедерацияның өзі халықаралық құқық субъектілікке ие болады.Қазіргі жағдайда классикалық конфедеративтік мемлекет жоқ деп айтуға болады. Мысалы, Швейцария конфедеративтік мемлекет болып саналғанымен де, бірақ, шынында олай емес, өйткені Швейцария әкімшілік-аумақтық бөліністерге (кантондарға) бөлінеді.
Федерация –бұлкүрделі және тығыз мемлекеттік құрылым. Федерация-бұл мемлекеттердің жай бірлігі емес, бұл бірлескен мемлекет(союзное государство). Бұл унитарлы мемлекет сияқты мемлекеттік құрылым нысаны болып табылады. Бұның конфедерациядан айырмашылығы, бұнда федералды билік барлық азаматтарға таралады. Орталық федералда биліктердің актілері федерацияның барлық шекарасында күшінде болады. Сонымен қатар бұнда федералды билікпен қатар әр елдің өзінің заң шығарушы, атқарушы және сот билігі болады. Әр елдің өз азаматтығы мен конституциясы болады. Бірақ бұл елдер халықаралық құқықтың субъектісі бола алмайды, яғни олар өздерінің сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды. Федеративтік мемлекеттерге Ресей Федерациясы, АҚШ,т.б мемлекеттер жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет