Реферат Тақырыбы: «Халықаралық құқықтың субъектілері, тану және мемлекеттік құқық қабылдаушылық. Халықаралық шарттар құқығы.»



бет6/8
Дата15.09.2022
өлшемі25.81 Kb.
#460795
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
3 такырып ХЖК

Біртұтас мемлекетте біртұтас жоғары билік жүйесі болады. Біртұтас мемлекетте барлық аумаққа бір конституция тарайды және бір азаматтан бір құқық жүйесі болады. Біртұтас мемлекеттің аумағы әкімшілік аумақтық бөлшектерге бөлінеді оның өзіндік саясаты болмайды, бірақ кейде әкімшілік автономияға ие болады. Біртұтас мемлекет өзі халықаралық құқыққа субъект ретінде шығады. Біртұтас мемлекетке Ұлыбритания, Франция, Италия, Швеция, Норвегия, Финляндия елінің көпшілігі, Қазақстан және т.б жатады.
Конфедерация мен федерация күрделі мемлекеттерге жатады.
Конфедерация — бұл мемлекеттердің бірлігі.Бұл ме мемлекеттер бәріне ортақ мәселелерді шешу үшін жалпы заң қабылдайды және орган құрады. Конфедерацияның мүшелеріне — өз мемлекет басшылары кіреді.Конфедерация органдары соған кіретін мемлекеттердің өкілдерінен тұрады. Конфедерация мүшелері өздері халықаралық құқық субъектісі болып саналады. Егер де конфедерация мүшелері конфедерацияның өзіне халықаралық істерді, шарт жасасуды жүзеге асыруға құқық берсе, онда конфедерацияны өзі халықаралық құқық субъектілікке ие болады. Қазіргі жағдайда классикалық конфедеративтік мемлекет болып саналғанын, іс жүзінде олай емес, өйткені Швейцария әкімшілік-аумақтық бөліністерге (кантондарға)бөлінеді.
Федерация-бұл күрделі және тығыз мемлекеттік құрылым .Федерация бұл мемлекеттердің жай бірлігі емес,бұл бірлескен мемлекет (одақтық мемлекет). Бұл біртұтас мемлекет сияқты мемлекеттік құрылым болып табылады.Бұның конфедерациядан айырмашылығы,бұнда федералды билік барлық азаматтарға таралады. Орталық либералды биліктердің актілері федерацияның барлық шекарасында күшінде болады. Әрі бұнда федералды билікпен қатар әр елдің өз азаматтығы мен конституциясы болады. Бірақ бұл елдер халықаралық құқықтың субъектісі бола алмайды. Федеративтік мемлекеттерге Ресей Федерациясы, АҚШ, т.б мемлекеттер жатады.
Бейтарап мемлекеттер ұғымы. Бейтарап мемлекет – бұл осы мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігіне ешқашан, ешкімнің қол сұқпайтындығына ірі мемлекеттердің (державалардың) халықаралық келісімімен кепілдік беруі, яғни осындай кепілдік берілген мемлекетті айтамыз. Егер осы мемлекет, өзіне қарсы шабуыл жасалғанда өзін-өзі қорғауды қоспағанда, ешқашан басқа мемлекетке қарсы қару көтермеуге және қашан да жанама түрде болсын соғыстың болуына ықпал ететін қандай да бір әрекетер жасамауға міндеттенсе ғана мұндай кепілдік беріледі. Мемлекеттердің мұндай міндеттемелерді мойнына алуы,яғни бейтарап болуларының негізгі себеп-бұл мемлекеттер әлсіз,әлі жас болуы және халықаралық саясатқа белсенді қатыспай, өзінің бейбіт жолмен дамуын қалайтындығы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет