Сабақ 4-тапсырма. Оқылым



бет3/4
Дата27.09.2023
өлшемі27.31 Kb.
#478843
түріСабақ
1   2   3   4
Мәтіндер

9-модуль. Сын есім
4-тапсырма. Оқылым.
4.1. Мәтінді мұқият оқып шығыңыз.
Ақ түсті ұнатамын.
Біз үлкен үйде тұрамыз. Үйіміз түзу көшенің бойында орналасқан. Үйдің бөлмелері кең, төбесі биік. Ал үйдің едендері қоңыр, терезелері көк түске боялған.
Үйдің алдында қызыл, сары, қызғылт, сарғылтым және ақ түсті гүлдер жайқалып тұр. Олардың арам шөптері көрінбейді. Бұл әдемі гүлдерді анам еккен. Тазалығына да өзі қарайды.
Жазда үйдің алдындағы көгілдір бассейнге суға түсеміз. Оның жанына қара, сұрғылт, күрең қызыл домалақ тастар қойылған.
Өзім ақ түсті ұнатамын. Үйіміздің сырты ақ әкпен сырланған. Ақ түс – тазалық пен адалдықтың белгісі екен.


IX МОДУЛЬ
1-сабақ.
4-тапсырма. Оқылым.
4.1. Мәтінді оқып шығыңыз.
ТАМАҚ – ПИТАНИЕ
Айжанның тамақтану тәртібі
Айжан таңертеңгі, түскі, кешкі асты өз уақытында ішіп жүр. Демек, ол тамақтану ережесін сақтап сақтап отыр.
Айжанның анасы қызының құнарлы тағамдар ішуін бақылап отырады. Өйткені, ет-сүт, теңіз өнімдері адамның дене бітіміне де әсер ететінін жақсы біледі.
Сабақта биология пәнінің мұғалімі ұлттық сусындардың пайдасы жайлы ашық сабақ өтті. Содан бері Айжан ауылға барғанда қымыз, шұбат, айран ішіп жүр. Әрі әжесінің дайындаған қаймақ, ірімшік, женттерін алып қайтады.
Бүгін Айжан дүкеннен кәмпит, торт, қант, тосап секілді тәттілерді алып келе жатыр. Бірақ оны көп пайдаланбайды. Сондай-ақ, нан, бауырсақ, сарымай, шұжық адам денесіне артық салмақ жинайтынын да біледі. .
Айжан күнде кешкі ас кезінде дастарқанға майлық, қасық, шайқасық, шанышқы, пышақ, тәрелкелерді әкеп қояды. Олар кешкі асты ертерек ішеді. Себебі: тамақ бойға тарап, адам ағзасы асты тез қорытады деп ойлайды.
2-сабақ.
4-тапсырма. Оқылым.
4.1. Мәтінді мұқият қарап шығыңыз.
Немересін сағынған ата-әже
Арманның ата-әжесі Алматыға көшіп жатыр. Жақында зейнетке шықты. Енді немересінің жанына келгелі отыр. Бұл жолы ұзақ ойланған жоқ. Үйін сатуды жөн көрді.
Арманды сағынғанда көршілердің немерелеріне қызыға қарайтын. Әрең шыдап жүрді. Алматыда өз немересіне көңіл бөлетінін біліп отыр.
Бұдан былай оған қамқорлық білдіретінін ұғып отыр. Арманға алып беретін сыйлықтарды бір-біріне суреттеді. Сөйтіп немересін сағынған Арманның ата-әжесі көшетінініне қуанып, рақаттанып қалды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет