Өмірбаяны Қазақтың ұлы ақыны,бас ақыны Абай 1845 жылы 10-тамызда Семей өңірінің қазіргі Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Абай ата тегі,тәрбиеленіп шыққан ортасы Тобықтының шынжыр балақ,шұбар төс ауқатты отбасы болған



Дата17.05.2023
өлшемі14.68 Kb.
#473872
түріӨмірбаяны
Абай Құнанбаев


  • Өмірбаяны

Қазақтың ұлы ақыны,бас ақыны Абай 1845 жылы 10-тамызда Семей өңірінің қазіргі Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген.Абай ата тегі,тәрбиеленіп шыққан ортасы Тобықтының шынжыр балақ,шұбар төс ауқатты отбасы болған.Әкесі Құнанай аға сұлтан,болыс болса,аталары Өскенбай,Ырғызбай атақты,әйгілі билер болған.Абай жас кезінен-ақ ерекшеленіп,ауыз әдебиетін,ертегі,аңыздарды,ескі әңгімелерді,жыр-қиссаларды ерекше ден қойып тыңдайтын болған.Әжесі Зере мен анасы Ұлжан-жас Абайдың әдебиетке құмарлығын оятқан жандар.

  • «Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы»

Ақындық өнерді өзіне өмірлік зор мақсат етіп,өз өлеңдерін қағаз бетіне түсіруге Абай тек 80 жылдардың ортасында жұмыла кіріседі.Абай қазақ поэзиясының идеялық ауқымын,тақырыбын кеңейтті,әдебиетте жаңа жанрлық түрлер қалыптастырды.
Абай Құнанбаев-ұлы ақын,ағартушы ғалым,ойшыл-философ,қоғам қайраткері.
Абай шығармалары қазақ халқының ұлттық болмыс-бітіміне,дініне,дүниетанымына өнегелі құбылыс әкелді.Абай-көптеген лирикалық өлеңдердің,дастандар мен философиялық қарасөздердің авторы.

  • Қарасөздері

Абайға дейін қазақ әдебиетінде болмаған үлгі-ол Абайдың қарасөздері.Жалпы Абайдың 46 қарасөзі бар. Оның 46-қарасөзі аяқталмай қалған.Абайдың қарасөздері өзі кезі үшін де,бүгін де бағасы өте зор.

  • Поэмалары

Абайдың поэмалары үшеу: «Масғұт», «Ескендір», «Әзім».Бұл поэмалар қазақ өмірінен алынған емес,яғни шығыстық оқиғалар сарынында жазылған.

  • Аудармалары

Абай әдебиеттегі аударма жасаудың шебер үлгісін көрсеткен.Ол қаза тіліне Пушкиннің,Лермонтовтың,Гетенің ,Шиллердің,Мицкеевичтің және басқа да Еуропа классиктерінің өлеңдерін аударған. Алғаш Абай Пушкиннің «Евгений Онегинін»аударымен көрінді.

  • Дарынды композитор

Абай көптеген әндер жазған.Абайдың әндерінің бәрі бүгінгі таңда нотаға түскен.Орындалып жүрген әндерінің барлығы-классикалық туындылар:«Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем,Қаламқас». Абай әндерінің халыққа кең таралуына, біріншіден,ән табиғатының халыққа жақындығы, тыңдаушысын баурап алар тосын әуен мен терең мазмұн болса, екіншіден, сол әндерді үлкен сахна-сахарада нағыз күміс көмей әншілердің хас шеберлікпен орындауында.

  • Абай және әдебиет

Жазба әдебиетінің негізін салушы
Әдеби тілді дамытушы
Қазақ әдебиетінің реформаторы

  • Абайтанушылар

А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Әуезов,С.Мұқанов, М.Мырзахметов,З.Ахметов,Қ.Жұмәділов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет