Сабақ жоспары. Тексерілді


Кейбір оқушылар орындай алады



бет90/147
Дата09.02.2023
өлшемі4.62 Mb.
#469309
түріСабақ
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   147
9 сынып кыздар қмж

Кейбір оқушылар орындай алады: Торт, пирожныйларды әшекейлеу тәсілдерiн бiлeдi

Тілдік мақсат:




Ресурстар:

Нанға қатысты ырымдар мен тыйымдарды слайд арқылы көрсету, тәтті тағамдар буклеті пісірілген торт түрлері, асханалық ыдыс түрлері

Пәнаралық байланыс:




Алдыңғы оқу:




Сабақтың жоспары



Жоспарланған уақыт

Берілетін тапсырмалар

Бағалау критерийлері

Ұйымдастыру кезеңі
2 минут

Ұйымдастыру кезеңі(оқушылармен сәлемдесіп, кезекші арқылы оқушыларды түгендеу, сыныптың сабаққа дайындығын, сабаққа қажетті құрал – жабдықтардың барлығын анықтау)

Формативті



Үй тапсырмасын сұрау
4 минут

Сұрақ – жауап:
1. Қайнақты қамырды қандай азық-түліктерден дайындайды?
2. Бисквиттік қамырдан қайнақты қамырдың айырмашылығы қандай?
3. Қайнақты қамырдан қандай өнімдер дайындайды?
4. Бисквиттік қамырдың дайындау технологиясын айтып бер.

1. Сұрақтарға жауап берді
2. Сыни пікір білдірді
3.Өмірден мысал көрсетті

Жаңа сабақ
15 минут


15 минут

Крем өрнектері
Сызық пен толқын. Кондитер қапшығына ұшы тіке кесілген қалыпты салып, оны креммен толтырасыз. Кремнің көп салынып кетпегенін қадағалаңыз. Себебі крем мөлшерден тыс көбірек салынып кетсе, жұмыс уақытында қиындық тудыруы мүмкін. Оң қолмен қапшықты ұстап, қыса бастайсыз, ал сол қолмен қапшықтың бас жағын ұстаңыз.Бірыңғай түзу сызық түсіру үшін қапшықты біркелкі салмақпен қысып отырыңыз. Алдымен шамалы қолыңызды жаттықтырып, кейін торлар мен толқындарды сыза бастайсыз.
Шарлар. Одан кейін кондитер қапшығына ұшы кеңдеу қалыпты кигізіп, шар тәрізді домалақтар жасауға болады. Қапшыққа крем толтырғаннан кейін жақсылап ұстап, төмен қарай қысыңыз. Домалақ пайда болған кезде қысуды бірден тоқтатып, қолдағы қалып енгізілген қапшықты көтеріп алу керек. Міне, осымен домалақтар дайын болды.
Жапырақшалар. Пергамент немесе қатты қағазды орап, алдымен қапшық жасап аламыз. Қайшымен қапшықтың екі жағынан қиғаштап, кесіп тастау керек.Сосын оған крем толтырып қысып, жапырақша, толқын, ирек т.б. өрнектерін салып шығуға болады.
Жұлдызшалар. Бізге қапшыққа кигізу үшін ірі тістері бар қалып қажет. Қапшыққа 1/3 мөлшеріндей крем салып, оны тік ұстап тұрып, бір рет жылдам басып доғару керек. Сонда әдемі жұлдызшалар пайда болады.
Үтірлі сызықша. Үтір өрнегіне тік қиылған немесе тістері бар қалып керек. Қапшыққа салған кремді тәттіліктер бетіне үтір сияқты етіп түсіреді. Бастапқыда қапшықты тігінен ұстап қысамыз, одан кейін жайлап бұрылыс жасай отырып, қысуды тоқтатпаймыз. Бірінші үтірге екінші, сосын үшіншісі бір – біріне жалғап кете береміз. Үтірлерді керісінше бағытпен жүргізіп өтуге де болады.
Торттың шеттерін әдемі өрнектермен безендіру үшін үш қабатты үтірлер жасап өту керек. Ол үшін ұзынынан үтір салып, оның жанына керісінше бағытпен тағы үтірлерді жүргізіп өтіп, ал осы екі бағытта жүргізілген үтірлердің ортасынан үшінші қабатты жүргізсе болғаны, дайын болып шығады.


1. Өз ойын ашық жеткізе білді
2. Толық мәлімет берді
3.Өмірден байланыстыра алды



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   147




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет