Сабақ Ортақ тақырып: Жанды табиғат Бөлімше: климат және ауа райы Табиғат жағдайлары және олардың әсері


Оқулықтағы «Бақытты өмір сүруге қажеттіліктерді өз түсінігіңе сай нөмірле?» деген тапсырманы орындау



бет100/113
Дата23.04.2024
өлшемі438.28 Kb.
#499660
түріСабақ
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   113
Дүниетанудан 3 сыныпқа ҚМЖ топтамасы

Оқулықтағы «Бақытты өмір сүруге қажеттіліктерді өз түсінігіңе сай нөмірле?» деген тапсырманы орындау.
Қараңдар, барлығың 1 және 2 деген нөмірде отбасы және бала сөздерін бірауыздан жазған екенсіңдер. Неліктен отбасы мен бақыт өзара байланысты? Неліктен отбасы адам үшін сонша маңызды? (жауаптардың нұсқасы)
Отбасы – қоғамның негізі. Себебі қоғам отбасыдан тұрады. Егер отбасылық құндылықтар маңызын жоғалтатын болса, адамгершілік қасиеттер жойылатын болса, онда бүкіл қоғам құрдымға кетеді. Өмір, заман өзгереді. Заман өзгерген сайын мызғымастай көрінген
құндылықтар да, өкінішке орай, өзгере бастайды. Егер де адамдар бірінші орынға отбасы мен балаларын емес, өзінің мансабы мен жеке басын ғана қойса, қалай болады? (оқушылардың пікірі тыңдалады).
Өкінішке орай, барлық отбасы махаббат пен түсіністікке құрылмаған. Кейде отбасы мүшелерінің арасында ұрыс-керістер орын алуы мүмкін. Қалай ойлайсыңдар, бір-біріне
жақын адамдар не үшін келіспей қалып жатады, оған не себеп болуы мүмкін? (оқушылардың пікірі)
Оқулықтағы суреттерге құрылған тапсырманы орындау
Оқушылар суретте бейнеленген жағдайларды талқылайды.
1-топ оқушылары мына сұраққа жауап іздейді: Ата-ана арасындағы ұрыс-керіске не себеп болды, қалай ойлайсыңдар?
2-топ оқушылары мына сұраққа жауап іздейді: Ата-анасы ұрысып жатқан кезде, бала қандай сезімде, қандай көңіл күйде болады?
3-топ оқушылары ата-ана арасында болған ұрыстың жолдарын қарастырады. Мәселелерді талқылап болған соң, әр топтан бір оқушыдан шығып, өз тобының пікірін қорғап шығады.
Мұғалім: – Ал қазір мына мәселе бойынша ойланып көріңдер. Отбасындағы ұрыс-керістер үнемі үлкендердің арасындағы мәселелерге байланысты туындай ма? Сендердің тәртіптерің, өздеріңді ұстауларың ата-ана арасындағы келіспеушілікке алып келуі мүмкін бе? Сендердің қай теріс қылықтарың ата-ананың ызасын келтіруі мүмкін? (балалардың жауабы)
Оқулықтағы «Топпен жұмыс жасау» тапсырмасын орындау.
Мұғалім: Қоғамда әртүрлі отбасылар кездеседі. Кейбір отбасыларда тек бір ғана ата-ана

Оқулық, слайдтар


Оқулық
А 3 парақтары, маркерлер


Оқулық Слайд







болуы (анасы немесе әкесі) мүмкін. Бірақ бұл жаман емес. Егер отбасы өзара түсіністікке құрылса және отбасы мүшелері бір-біріне қамқорлық танытса, мұндай отбасылар ең жақсы жанұяға айналады. Көп балалы отбасылар бар. Біздің елімізде көп балалы және өмірін сол балаларының өсіп-жетілуіне арнаған аналарға ерекше құрмет көрсетіледі. Оларға арналған арнайы марапаттар бар. Бұл медальдар «Алтын алқа» және «Күміс алқа» деп аталады.
Қазақстан Республикасының болашақ азаматын тәрбиелеу, оның бойына жақсы қасиеттерді сіңіру көп еңбекті талап етеді емес пе?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет