Сабақ Ортақ тақырып: Жанды табиғат Бөлімше: климат және ауа райы Табиғат жағдайлары және олардың әсері



бет101/113
Дата23.04.2024
өлшемі438.28 Kb.
#499660
түріСабақ
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   113
Дүниетанудан 3 сыныпқа ҚМЖ топтамасы

(Ж) Берілген тапсыраны орындау.
Ерте заманда бір шаңырақ астында тұратын отбасы мүшелері өте көп болған. Атасы, әжесі, анасы, әкесі, балалары, немерелері, шөберелері – барлығы бірге тұрған. Бірігіп еңбек еткен,
балаларды тәрбиелеген, үлкендерге құрмет көрсетіп, бір-біріне қамқор болған. Барлығы тату- тәтті өмір сүрген. Осы сөзімізге дәлелді біз мақал-мәтелдерден таба аламыз. Кәне, мақал- мәтелдерді құрастырып көрейікші.
(Ө) Тапсырманы орындау.
«Мені түсін» шығармашылық ойыны
Мұғалім: Жақын адамдар бір-бірін сөзсіз түсінетіні анық.
Тапсырма: Ым, ишараның көмегімен келесі тапсырмаларды орындау керек. Карточкалар

  • Қызы анасына: «Маған биік өкшелі туфли сатып алып беріңізші».

  • Әкем анама: «Маған кешкі сегізде қоңырау соқ».

  • Ағам әпкеме: «Кеттік, бутербродпен шай ішіп алайық».

  • Немересі әжесіне: «Өтінемін, құймақ пісіріп беріңізші!».

  • Анам әкеме: «Майшабақты тазалап берші».

  • Әкесі балаларына: «Мен келмейінше компьютерді қоспаңдар».

Мұғалім: Тапсырманы ойдағыдай орындағандарыңа қуаныштымын.
(Т) Оқулықтағы жоспар бойынша «Сиқырлы сөз» тақырыбында әңгіме құра тапсырмасын орындау.
Мұғалім: Балалар, біз тағы бір отбасы туралы айтуды ұмытып барамыз. Ол отбасы – біздің сыныбымыз. Сынып – сендердің екінші отбасыларың. Мұнда біз көп уақытымызды бірге өткіземіз, бірге еңбектенеміз, білім аламыз, пайдалы істермен айналысамыз, бірге көңіл көтереміз, демаламыз. Біздің сыныбымыз - өте ұйымшыл.
– Балалар, кез келген отбасы бақытты да баянды өмір сүруі үшін оның әрбір мүшесі белгілі бір жақсы қасиеттерге ие болуы керек. Бір-бірін жақсы түсініп, қамқорлық танытып, барлық
нәрсені ұйымдасып істесе ғана әрбір отбасы бақытты болады.

Дәптер

Жеке карточкалар


Оқулық Дәптер, тақта,
«Үйімізде бақыт» суреті, үйге апарар жолдар




Рефлексия

Ақ көгершін, көгершін, Қолқанат құс сен едің. Бар, кезіп қайт, ел үшін, Кең дүниенің көлемін... Тыныш-бейбіт өмірдің Белгісі боп қанат қақ... Ел тілегін алып ұш,
Адамзаттың бағына... (Нығмет Баймұхамедов)

  • Жай ғана көгершін емес, ақ көгершін. Неліктен, білесіңдер ме?

Сендердің парталарыңда көгершіндер жатыр. Кәне, осы ақ көгершіндерді ашық аспанымызға ұшырайықшы. Біздің көгершіндеріміз, сонымен қоса, сиқырлы күшке де ие. Өз отбасыларыңа қандай тілек тілейсіңдер? Сол арман-тілектеріңді көгершіндерге жазыңдар. Олар сендердің
жазған тілектеріңді таратады, сосын барлық тілектерің орындалады.

Көгершіннің суреттері

Үй тапсырмасы

«Мені түсін»
Ол өте қайырымды, балаларды жақсы көреді. Балалар нені қаласа, сатып алып береді. Ол өте қамқор, ешқашан дауыс көтермейді. Оның ең жақын адамы – ол атамыз. Кім жайында айтып жатырмыз? (Әже) Өз әжелерің жайында хабар жүргіз.
Ата-аналарыңмен біріге отырып, «Отбасылық бақыттың құпиясы» жобасын жасаңдар.

Оқулық Дәптер




Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні: Сынып:

Пән: Дүниетану № 32 сабақ
Ортақ тақырып: Демалыс мәдениеті. Мейрамдар. Бөлімше: 1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы.

Күні:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Тақырып:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет