Сабақ Ортақ тақырып: Жанды табиғат Бөлімше: климат және ауа райы Табиғат жағдайлары және олардың әсері



бет111/113
Дата23.04.2024
өлшемі438.28 Kb.
#499660
түріСабақ
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   113
Дүниетанудан 3 сыныпқа ҚМЖ топтамасы

«Блиц жарыс»







Әр топ сұрақ алып, оның жауабын сыныптың әр шетіне ілінетін нөмірленген парақтарға өз маркерінің түсімен жазады.

А 3 парақтары, түрлі түсті маркерлер




Мұғалім белгі бергеннен кейін топтар сағат тілінің бағытымен орындарын (сұрақтарын)










ауыстырып, жауапты толықтырады.

Топтың берген барлық жауабын талқылау және барлық топтың пікірін есепке алып, нақты жауапты ұсыну.




Пәтерақыдан қалай үнемдеуге болады? Оның қандай бөлігінен үнемдеуге болады? (Суды үнемдеу! Қандай жолмен? Үйде электр жарығының бостан босқа жанып тұрмауын, судың ағып тұрмауын қадағалап жүру керек. Өз бөлмелеріңнен шығып, онда қосулы тұрған теледидар мен шамды қалдырып кететін жағдайлар өте көп кездеседі. Сендер ас бөлмеде шәй ішіп отырғанда, бөлмелеріңдегі электр босқа жанып тұрады. Шығар алдында оны өшіріп кетсеңдер, ақша үнемдеген болар едіңдер).


Азық-түліктен үнемдеуге бола ма? (Адам күнделікті өзінің тағам мөлшерінен көгөністер мен жемістерді, жармаларды, ет, балық және сүтті шығармауы керек. Ағза өзіне қажетті толыққанда қоректі алуы қажет. Тәттілерден, атап айтсақ, кәмпит, балмұздақ, чупа-чупс, қытырлақ картоп, пішінайдан үнемдеуге болады. Бұл азық-түліктерді жемесек те, біздің ағзамызға зиян келмейді).


Киімнен және аяқкиімнен қалай үнемдеуге болады? (Өзіңде бар киім-кешектерді ұқыпты, кірлетпей, жыртпай ұстау керек. Мысалы, саған ата-анаң күз мезгілінде екі джинс алып берді, сен екеуін де ұқыпты ұстамай, жыртып алдың, енді ата-анаң саған үшінші джинс сатып алып беруге мәжбүр. Осы жағдайда жаңа жемпір (немесе кроссовка) алуды ұзақ уақытқа ұмытуға тура келеді).


Қоғамдық көліктен үнемдеуге бола ма? (Егер сен еріншек болмасаң және жол қозғалысы ережелерін жақсы білсең, онда алыс емес жерге жаяу баруға болады, бір жағынан серуендеп қайтасың).
Жауаптарыңның барлығы дұрыс, бірақ отбасының бюджеті отбасының шығындарынан артық болуы үшін ... еңбектену керек. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», – деп Абай атамыз бекер айтпаса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет