Сабақта қолданылатын Жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдері


, Сөздің өзін пайдаланбастан



бет10/32
Дата18.01.2023
өлшемі195.2 Kb.
#468503
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32
Саба та олданылатын Жа а технологияларды діс-т сілдері

50, Сөздің өзін пайдаланбастан
бүгінгі сабақтың әрбір негізгі сөзін
түсіндіру үшін сізде бір минут бар:

51, Конверт-сұрақ
2-3 сұрақ жазып, конвертке салыңыз (оқу мақсатына қарай). Әрбір оқушыда өзінікі болатындай етіп, бірнеше конверт дайындаңыз. Әрқайсысына екі минут беріңіз: оқушы стикерде атын және жауабын жазады; екі минут өткен соң конверт келесі оқушыға беріледі, осылай бұл 2-3 сұраққа барлығы жауап бергенше жүре береді. Стикерлерді жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқыңыз (аттарын атамастан); сынып белгілі бір сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды


52, 9-ромб
Қатысушыларға айтарлықтай маңыздысын анықтап, талқылау үшін тізім беріледі. Тізімнің әрбір тармағын үлкен ромбылы торға орналастыру қажет. Маңызды тармақтарды әдетте ромбының жоғарғы жағына, ал оншалықты маңызды еместерін төменгі бөлігіне орналастырады. Әр қатарда орналасқан тармақтардың маңызы бірдей. Кейбір топтар ең маңызды карточкаларын орталықта орналастыра алады (екі нұсқасы сәйкес келеді, себебі тапсырманың маңызды элементі топтағы талқылау үдерісі болып табылады). Ромбының нысаны топқа бірқатар басымдықтар мен перспективаларды қамтуға мүмкіндік береді.
53, Тақырыптық Теннис
3 адамнан топқа бөлініңіздер:
2 ойыншы және судья . Мен тақырыпты айтқан соң сіздер кезекпен берілген тақырыпқа қатысы бар сөздерді айта бастайсыздар, біреулеріңіз тоқтағанға дейін жалғаса береді. Топтың үшінші қатысушысы сөздерді жазады және есеп жүргізеді. есеп:
Теннистік ойындағы есеп-шот қолданылады (15 - 0, тең және т.б.)
немесе әрбір қатысушы сөз таба алмаған кезде 1 балл беріледі.
54. Бүгінгі негізгі сөзден барынша көп қысқа сөздерді құрастыру қажет.
Мысалы: Константинополь Сіздің нәтижеңіз қандай?
өте жақсы: 10 және одан да көп сөз
жақсы: 8 және одан да көп сөз
жаман емес: 6 және одан да көп сөз
55. Сөйлемді толықтыру
Мына сөйлемді толықтырыңыз:
Мен бүгін … жаттап алдым.
Сіз тақтаға шығып өзіңіздің сөйлеміңізді айтқанда, сіздің сыныптастарыңыз материалды қаншалықты меңгергендігіңізге наразылық білдіру үшін сізге бірқатар сұрақ қояды.
Білімін тексеруге арналған кейбір сұрақтар:
Неге....
Мұны қайдан білесіз....
… үшін сізде қандай дәлел бар.
Сіз неге олай ойлайсыз…
Сіз келісесіз бе…
Түсіндіре аласыз ба…
… үшін не істеу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет