СабақТЫҢ Әдістемелік талдамасы № Пәні: Мейіргер ісі негіздері


Бактериологиялық зерттеуге « Ашық нәжістен» нәжісті қоректі ортасы бар петри табақшасына алу



бет21/23
Дата03.09.2022
өлшемі257.61 Kb.
#460160
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
зертханалық зерттеулер

Бактериологиялық зерттеуге « Ашық нәжістен» нәжісті қоректі ортасы бар петри табақшасына алу.
Мақсаты: диагностикалық: жұқпалы ішек ауруларының қоздырғыштарын айқындау, арнайы топтағы адамдарды (реконвалесценттерді) зерттеу.
Қолдану көрсетілімдері: ішектің микрофлорасын анықтау, жедел ішек жұқпалы аурулары.
Дайындаңыз: қоректі ортасы бар Петри табақшасын, залалсыздандырылған пробирканы ішіндегі залалды тік ішектік ілгекті, судноны немесе горшокты, қолғапты, масканы, форма бойынша жазылған жолдаманы, стеклографты (шыны ыдысқа жазуды түсіріп жазатын карандашты), биксті, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшара барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндіріп, емшараға келісімін алыңыз.

  2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Халатты, масканы және қолғапты киіңіз.

  3. Бактериологиялық лабораторияға жолдаманыжазып, журналға тіркеңіз.

  4. Жолдаманөмеріне сәйкеснөмерді қоректі ортасы бар Петри табақшасына стеклографпенжазыңыз.

  5. Науқастыгоршокқа немесесудноға отырғызыңыз.

  6. Оңқолыңызбен пробиркадантік ішектік ілгекті алыңыз.

  7. Залалсыздандырылған тік ішектік ілгекпен «ашық нәжістен» жаңа бөлінген нәжістің 3-5 әртүрлі жерінен алыңыз (патологиялық қоспа).

  8. Петри табақшасының қақпағын жартылай ашыңыз.

  9. Петри табақшасының қоректі ортасының бетіне нәжісті келесі реттілікпен енгізіңіз: тік ішектік ілгекпен алынған нәжісті қоректі ортаның бетіне 5-2 см көлемді «тегістік жер» жасап, (ептеп, қоректі ортаны тырнамай) бір қалыпты жағыңыз.

  10. Залалсыздандырылған тік ішектік ілгекпен «тіп-тіке» қоректі ортаның барлық бетіне жиі қатар-қатар жіңішке сызықтармен егіңіз, тік ішектік ілгекті мезгіл-мезгіл өз-өзіне айналдырабұрыңыз, Петри табақшасыныңқақпағын жабыңыз.

  11. Петри табақшасынөсіндімен бірге 37°С температурасындағы термостатика немесебикске паралонмен тығыздап салыңыз.

  12. Биксті «кілтке» жабыңыз.

  13. Қолғапты, масканы шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  14. Бикстен алынған материалды жолдамасымен бірге бактериологиялық лабораторияларға апарыңыз.



Ескерту:
нәжісті жинау әртүрлі әдістермен жүргізіледі: унитаздан, горшоктан, суднодан, жаялықтан, «ашық нәжістен», тікелей тік ішектік ілгектің көмегімен;
өсінді жасау үшін шырышты, іріңді, фибринозды қабыршықтарды алады;
материалды лабораторияға апарғанға дейін тоңазытқышта t4-6°Ссақтайды;
антибиотиктер мен сульфаниламид препараттармен емдемес алдындаматериалдыалужүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет