Сельское хозяйство



бет3/108
Дата07.06.2022
өлшемі6.56 Mb.
#459006
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   108
Түркістан облысының өңірлері материал диссертация Турданова

Мазмұны Содержание






Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы Социально-экономическое развитие регионов ............................................................................

5










1.

Негізгі статистикалық көрсеткіштер Основные статистические показатели.................................................…........................................

18










2.

Әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштер Социально-демографические показатели ....................................................................................

21










3.

Халықтың тұрмыс деңғейі
Уровень жизни населения....……………….……………………….................................................................

34










4.

Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы Статистика труда и занятости.......................…..……........................................................................

39










5.

Баға Цены................................................................................................................................................

46










6.

Ұлттық экономика
Национальная экономика…………………..……………........................................………………….................

48










7.

Сауда
Торговля...................................................……………………………..............................………………............

62










8.

Экономиканың нақты секторы
Реальный сектор экономики……………………………………..………....................................…………............

66










9.

Қаржы жүйесі
Финансовая система ……………………………..………………………….........................................…………........

106










Глоссарий......……………………………….……………………………………………..............................................................

116












Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы
Социально-экономическое развитие регионов

Өңірлерді жалпы шолу
Общий обзор регионов

Түркістан облысы
2021 жылғы 1 қаңтарға облыс аумағы 116,1 мың шаршы км-ге тең.
Облыс халқы 2044,7 мың адамды құрады.
Халықтың орташа тығыздығы аумақтың 1 шаршы км-іне шаққанда 17,6 адамды құрайды.
Облыс Республиканың оңтүстік бөлігінде орналасқан, 2018 жылдың 19 маусымында құрылған. Бұл өзіндік ерекшелігі бар, екі мың жыл бойына отырықты және көшпелі мәдениеті ұштастырылған қазақтардың байырғы ата-бабаларының (сақтар, гүндер, үйсіндер, қаңлылар, түріктер) және қазақтың, төл халқының мекендеген ортаазиялық мемлекеттер мен Қазақстанның түйіскен қиылысында орналасқан аумақ.
Қазақстан аумағының 4,3% облыс үлесіне тиеді, және ол көлік (темір жол мен автомобиль жолы) қатынасы жағынан өте қолайлы да тиімді Өзбекстан Республикасымен, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік - батыс аймақтарымен шекаралас түйісіп жатқан аумаққа орналасқан.
Жер бедері негізінен жазық болып келеді. Солтүстігінде сазды топырақты, қуаң Бетпақдала жатыр. Шу өзенінің оңтүстігін ала қуаң дала Мойынқұм орналасқан. Оңтүстік батыста - Қызылқұм және Шардара даласы, қиыр оңтүстікте - Мырзашөл көлбеп жатыр. Орталық бөлікте - Қаратау жотасы (Бессаз тауы, 2176 м), оңтүстік Шығыста - Талас Алатауы, Қаржантау, Өгем жотасы (Сайрам тау-төбе, 4238 м) орналасқан.
Облыстың жер қойнауы пайдалы қазбаларға - полиметалды (кадмий, висмут және басқа) және темір рудаларына, қоңыр көмірге, гипске, әкке, мраморға, отқа төзімді және басқа құрылыс материалдарына өте бай.
Ауа-райы өте континенталды, қысы жұмсақ, қысқа, жылылық жиі қайталанып тұрады, жазы аптапты, ыстық, ұзаққа созылады. Орта температура қаңтар айында солтүстікте -9,60С, оңтүстікте –0,90С, шілдеде +20, +300С. Ылғалдың жылдық мөлшері солтүстікте 150-250 мм, биік таулы аудандарда 750 мм-ге дейінгі мөлшерге жетеді.
Облыстың су потенциалы - Сырдария өзені (жалпы ұзындығы 2219 км, Қазақстан шегінде 1400 км), Құркелес (98 км), Келес (241 км), Арыс (378 км), Бөген (164 км) өзендері және Қаратау жотасының оңтүстік баурайы жылғаларынан ағып келіп қосылатын сулар, сондай-ақ Шу өзені (1186 км, Қазақстан шегінде - 800 км) құяды. Көптеген таяз, негізінен тұзды көлдер бар. Оның ішіндегі ірілері - Ақжайқын (48,2 шаршы км), Ақжар (7,2 шаршы км), Қалдыкөл тағы басқалар.
Сырдария өзенінде Шардара (783 шаршы км, су көлемі 5200 млн. текше метр), Бөген өзенінде - Бөген (алаңы 65 шаршы км, су көлемі 377 млн. текше метр), Бадам өзенінде Бадам (алаңы 4,7 шаршы км, су көлемі 61,5 млн. текше метр) су қоймалары салынған.
Жазық дала бөлігінде жусан-дәнді өсімдіктер өсетін сұр-қоңыр топырақты жерлер басым. Құмды жерлерде қалың сексеуіл, Сырдария мен Шу бойындағы батпақты жерлерде қамыс-қоға өседі. Тау бауырындағы таулы-сарғыш топырақтарда далалық өсімдіктер өседі. Таудың жоғарырақ бөктерлерінде ағаш текті арша, жабайы алма, өрік, биік тау алқаптарында қалың көгалдар өседі. Облыстың Оңтүстік-Шығысында Ақсу-Жабағылы мемлекеттік қорығы орналасқан.
Облыста 13 аудан және 3 облыстық және 4 аудандық маңызы бар қалалар, 834 елді мекендер бар.
Қала халқының саны 417,7 мың адамды (20,4%), ауыл халқының саны 1627 мың адамды (79,6%) құрайды.
2020 жылы облыс кәсіпорындары (үй шаруашы-лығын қосқанда) 543,2 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірді, бұл Республикадағы өнім көлемінің 2% құрайды және 2019 жылғы деңгейден 3,9%-ға төмен.
ЖӨӨ-нің өндірісінде өнеркәсіп үлесі 16,4% алып отыр. Өнеркәсіп өнімдерінің 72,9% ірі және орта кәсіпорындарда шығарылады.
Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары облыстағы экономикалық реформалардың ерекше перспективалық бағыты болып табылады. Олардың үлесіне облыстағы барлық өнеркәсіп өндірісі көлемінің 49,9% тиесілі. Өңдеу өнеркәсібі көлемінің 33,3%-ын тамақ өнімдерінің өндірісі, 25,3% - металлургия өнеркәсібі, кокс және мұнай өнімдерінің өндірісі – 6,2%-ын, тоқыма бұйым-дар өндірісі – 6,8%, өзге металл емес минералдық өнімдерінің өндірісі – 9,1 % құрайды.
2020 жылы облыс кәсіпорындарымен 9,2 мың тонна – ет және тағамдық қосымша өнімдер, 74,5 мың тонна – мақта талшығы, 242,5 мың тонна – жалпы көлемдегі мұнай өнімдері өндірілді.
Бүгінгі күні шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасуы экономиканың негізгі индикаторларының бірі болып табылады. 2021 жылғы 1 қаңтарға облыс бойынша 145638 бірлік шағын және орта кәсіпкерлік субъекті тіркелген, одан шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындары – 11758 бірлік.
Ауыл шаруашылығының дамуын мына көрсеткіштерден көруге болады: 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста ауыл шаруашылығымен 3911 кәсіпорын (оның ішінде жұмыс істейтіндері – 3276), 68887 шаруа немесе фермер қожалықтары (оның ішінде жұмыс істейтіндері – 68727) шұғылданды. Сонымен қатар, облыста 257063 халықтың қосалқы шаруашылықтары.
Облыстың ауыл орман, аңшылық және балық шаруашылығы өнімінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 750,3 млрд. теңгені құрады. Оның Республика көлеміндегі үлес салмағы 11,8%.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының барлық егістік көлемі 847,9 мың гектарды құрап, 2019 жылмен салыстырғанда 2,3%-ға ұлғайды. Облыс Республика бойынша мақта өсіретін жалғыз өңір болып табылады. 2020 жылы мақтаның егіс көлемі 4%-ға кеміді, 126 мың гектарды құрады.
Облыс бойынша 239,9 мың тонна мал және құс еті (тірі салмақта) (2019 жылғы деңгейінен 4,3% артық), сиыр сүті – 748,3 мың тонна (3,6% артық), жұмыртқа – 217,9 млн. дана (14,7% артық), қой жүні – 7,7 мың тонна (2019 жылдың деңгейінен 2,4% артық) өндірілді.
2021 жылғы 1 қаңтарға облыс бойынша ірі қара мал – 1128,9 мың басты, оның ішінде сиыр – 524,2 мың, қой мен ешкі – 4606,6 мың, жылқы – 377,2 мың, түйе – 34,3 мың, шошқа – 5,5 мың басты және құстың барлық түрлері – 2220,1 мың басты құрады.
2020 жылы облыс экономикасын дамытуға 705722 млн. теңге немесе 2019 жылғы деңгейіне 159,9% негізгі капиталға бағытталған инвестициялары жұмылдырылды. 2020 жылы негізгі капиталға бағытталған инвестициялардың 25,9% өнеркәсіп саласын дамытуға жұмсалған, 17,8% – өнер, ойын-сауық және демалыс, 17,3% – көлік және қоймалауға бағытталған.
Құрылыстың үлесіне ЖӨӨ-нің 10%-ы келеді. 2020 жылы 735,5 мың шаршы метрлі тұрғын үйлер іске қосылған. Іске қосылған тұрғын үйлердің 64,6% жеке салушылардың үлесіне келеді. Одан басқа, 2020 жылы әлеуметтік-мәдени нысандардан 5000 оқушы орынды 9 орта мектеп, 550 орынды 4 мектепке дейінгі мекемелер, 90 келуші қабылдайтын 3 амбулаторлық-емханалық мекемелер іске қосылған.
Облыс бойынша 2020 жылы бөлшек сауданың жалпы көлемі 202339 млн. теңгені құрады немесе 2019 жылдың деңгейіне 96% құрады (тұрақты бағада).
Көтерме сауда айналымы 107517,9 млн. теңгені немесе 2019 жылдың деңгейіне 96,1% құрады.
2020 жылы облыстың сыртқы сауда айналымының көлемі 1186,6 млн. АҚШ долларын немесе 2019 жылғы деңгейге 103,5% құрады, оның ішінде экспорт, тиісінше – 611,2 млн. АҚШ доллары немесе 85,4%, импорт – 575,4 млн. АҚШ доллары немесе 133,5%. құрады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет