Семинар Жас ерекшелік психологиясының негізгі міндеттері



Pdf көрінісі
бет11/31
Дата24.12.2023
өлшемі0.82 Mb.
#487818
түріСеминар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31
жасерекшелик сем

 
Л.С.Выготскийдің 
мәдени-тарихи 
концепциясы. 
Л.С.Выготскийдің 
тұжырымдамасында негізгі орын алатын ұғымдардың бірі-баланың психикалық 
дамуының мақсатын сипаттайтын әлеуметтану. Мәдени-тарихи теория адам «қоғамдық 
қатынастардың ансамблі» ретінде көрінетін маркстік философияға сүйенеді. Автор 
баланың психикалық дамуы әлеуметтік факторға бағынышты, мәдени тарихи жағдайларға 
негізделу ретінде қарастырылады. Л.С.Выготский адамның мәдени даму мәселесін 
талдады, дамудың мәні баланың өзіндік жүріс-тұрыс процестерімен сипатталады. Жеке 
тұлғаның толық дамуы барысында келесі функциялар дамиды: ақыл-ес, ойлау, көңіл күй, 
сөздік қор, елес, қабылдау. 
Даму баланың басқа адаммен ынтымақтастықта меңгеретін және нәтижесінде 
интериоизациялайтын жоғары психикалық функциялардың қалыптасу процесі ретінде 
түсіндіріледі. 
Л.С.Выготский баланың психикалық дамуын кезеңдерге бөлудің төмендегідей 
принциптерін бөліп көрсетті. Кезеңдерге бөлуге негіз болып даму процесінің өзіндегі ішкі 
өзгерістер, яғни әрбір жаста сапалық өзгерістер болуы тиіс. Осы тұжырымдамаға қарама- 
қарсы ұстаным, даму дегеніміз нышандарды іске асыру және қиыстыру, бастапқыда 
берілгеннің дами түсуі («өздігінен дамушы тұлға») деп көрсетеді, шын мәнісінде дамуды 
түсіндіру әлеуметтік немес биологиялық белгілерден емес, ішкі психикалық 
факторлардан тұруы тиіс. 
Баланың жас кезеңдерін анықтауға критерий болып аталмыш жастың, дәуірдің 
мәнін сипаттайтын жаңа құрылымдар жатады. 


«Жас кезеңдеріне сай жаңа құрылымдар деп аталмыш жас сатысында алғаш рет 
пайда болатын және негізінен баланың санасын, оның қоршаған ортаға қатынасын, оның 
ішкі және сыртқы өмірін, аталған кезеңдегі оның бүкіл даму деңгейін анықтайтын тұлға 
және оның іс-әрекеті құрылымының жаңа түрін, психикалық және әлеуметтік өзгерістерді 
түсіну керек». 
Жаңа құрылымдарға мыналар мысал бола алады: баланың сөз қорында жекелеген 
сөздердің пайда болуы; өзіндік «Меннің» бөлінуі; іштей сөйлеу: «обьектілердің 
тұрақтылығын» қабылдау, зейін мен басқа да психткалық функциялардың ырықтылығы. 
Бала дамуын кезеңдерге бөлу кезінде оның динамикасын ескеру қажет. 
П.П.Блонский бойынша, өзгерістер шұғыл, дағдарысты түрде және бірте бірте, литикалық 
түрде өтуі мүмкін. Бқл даму өткелдері мен сатыларын бөлуге негіз береді. Өткелдер мен 
сатылар бір-бірінен қатаң дағдарыстарға сәйкес ажыратылады. Мысалы, дәуір-ерте 
балалық шақ; сатылар- нәрестелік және орта балалық шақ; әр кезеңде екі фаза бар: 1 және 
2. Дәуірлік дағдарыс (айқын көрінетін) балалыққа (3жас) өту кезінде пайда болады, 
нәрестеліктен мектеп алды балалыққа өту кезеңіндегі дағдарыс онша байқалмайды. 
Белгілі бір жас кезеңдерінде өзгерістер болу, бірте бірте жүреді, маңызды қатаң 
өзгерістер жоқ. Өзгерістердің бірте бірте жинаөталуы нәтижесінде жастың жаңа 
құрылымдары пайда болады. Оларды мыналар сипаттайды: 1) қысқалық (маман 0.5-1жас); 
2) тәрбиелеудің қиындығы, үлгерімнің, жұмысқа қабілеттіліктің, оқуға деген 
қызығушылықтың жіне т.с.с. төмендеуі, бұл осы кезеңдердегі дамудың жағымсыз сипатын 
анықтайды. Әр түрлі балаларда дағдарыстардың өтуінде айтарлықтай индивидуалдық
түрленулер бар. Осының салдарынан дағдарыстар таза сыртқа жағымсыз ықпалдардың
өнімі емес пе екен деген сұрақ туындайды. Мысалы, М.Мид жабайы халықтарда 
жеткіншектік дағдарысы болмайтындығын анықтады. Л.С.Выготский бойынша, дағдарыс 
кезеңінде барлық бала «аралас тұрақты жас кезеңіндегімен салыстырғанда біршама 
тәрбиеленуі қиын болады». Барлық бала даму қарқынын тұрақты кезеңдегі қарқынмен 
салыстырғанда төмендетеді.Дағдарыс кезеңінде даму жағымсыз сипат алады. Мысалы, 
баланың іс әрекетін бағыттайтын қызығушылықтар, бұрын қалыптасқан қатынас 
формалары жойылады. Л.С.Выготскийдің пікірінше, дағдарыс баланың өзінде емес, 
олармен қатынасымызда пайда болатын құбылыс. Бұл әлеуметтік қатынастар дағдарысы, 
ал бұл оқыту мен тәрбмелеу әдістерінің баланың жас ерекшеліктеріне барабар болуы 
проблемасын туғызады. Дағдарыс кезеңдерде тәрбиелеудің қиындығы педагогикалық 
жүйе өзгерістерінің бала тұлғасының шұғыл өзгерістеріне сәйкестелмеуінің салдарынан 
пайда болады. 
Нәресте 1,3,7,13 жас дағдарыстары бөліп көрсетіледі. Дағдарыстық кезеңдер 
тұрақты кезеңдермен кезектесе алады. 
Дағдарыс кезеңдеріндегі жағымсыз даму қалыпты мөлшер болып табылады, өйткені 
ол дамудың жалпы процесі. Сондай –ақ даму дағдарыстарының жағымды сәттерін де 
бөліп көрсетуге болады. 
Дағдарыстық кезеңдердің жаңа құрылымдары өтпелі сипат алады, яғни олар 
дамудың жалпы құрылымына кірмейді, тұрақты кезеңге өтуде жоғалып кетеді немесе 
өзгеріске ұшырайды. 
Л.С.Выготский бойынша кезеңдерге бөлудің айрықша ерекшеліктері: 
1) кезеңдерге бөлуге дамудың дағдарысты кезеңдерін енгізу 
2) дамудың эмбрионалдық кезеңін алып тастау (өйткені баланың дамуы әлеуметтік 
тіршілік иесінің дамуы ретінде қарастырылады) 
3) жасөспірімдік кезеңді алып тастау (өйткені, ересектік кезде дамудың басқа 
заңдылықтары жүреді) 
4) жыныстық жетілу жасын дағдарысты емес, тұрақтылар қатарына енгзіу (өйткені 
бұл кезеңде психикалық функциялардың синтездері, үлкен өрлеу жүреді) 
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет