Шемонаиха ауданының қала, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің есептері. 2012 жыл. Шемонаиха қаласының Әкімі м. Е. Желдібаевтың есебі



бет2/4
Дата23.02.2016
өлшемі206 Kb.
#5277
1   2   3   4

Қоғамдық құрылымдар. Округтің өміріне тиесілі барлық негізгі мәселелер қоғамдық құрылымдар арқылы алқалы түрде шешіледі: әлеуметтік экономикалық даму Кеңесі, құқық бұзушылықтың әлеуметтік алдын алу Кеңесі, ардагерлер Кеңесі, селолық комитеттер, көшелік және үй комитеттері. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты кенттің ардагерлер Кеңесі «Жастарды патриоттық тәрбиелеу бойынша үздік алғашқы ардагерлер ұйымы» атты облыстық конкурсте бірінші орын алды. МХК жастар одағы «ШҚО бойынша үздік жастар ұйымы» номинациясында бірінші орын алды.

Қаржы-бюджеттік сала. 2011 жылы 9,38 млн. теңге жергілікті салықтар түсті. Бір жолғы талондар жыл басынан 185,0 мың. теңгеге сатылды.

2011 жылы Шемонаиха ауданы әкімінің есебінде қойылған тұрғындардың сұрақтары. Усть-Таловка кенті және округ ауылдарының автомобильдік жолдарын жөндеу жұмыстарын жүргізу; Усть-Таловка кенті Школьная көшесінің, Березовка ауылы Южная и Титов көшелерінің жол жабулары ағымдағы жөндеуден өткізілді. ТҚҚ полигонын орналастыру үшін рұқсат құжаттарын ресімдеу туралы: жер учаскесін таңдау актісі ресімделді, жоба-сметалық құжаттамалар жасау жұмыстары жүргізілуде.

2012 жылға арналған міндеттер. Советская және Комсомольская көшелеріне шұңқырлық жөндеу жүргізу. Усть-Таловка кенті көшелерін қиыршық таспен жабумен ағымдағы жөндеу. Березовка ауылында көшелерді жарықтандыруды орнату. Вокзальная және Школьная көшелері бойынша қоршаулар орнату. Усть-Таловка кенті көп қабатты үйлердің аулаларында 2 балалар ойын кешенін орнату.
Вавилон селолық округінің әкімі Н.В.Кузнецовтың есебі
Вавилон селолық округі 5 елді мекеннен тұрады, ондағы тұрғындардың жалпы саны 3010 адам: Камышинка селосында- 1157 адам; Пруггерово селосында-415 адам; Сугатовка селосында-765 адам; Кенюхово селосында- 414 адам; Горкуново селосында-259 адам. Округ орталығы- Камышинка селосы. Округтің аумағы-32064 га, соның ішінде елді мекенді жер-2338 га, ауыл шаруашылығының жер телімі- 28045 га, ондағы егістік-19820, жайылым-5900 га жерді құрайды.

Ауыл шаруашылығы. Ауылдық округ аумағында 11 ауыл шаруашылық құрылымы тіркелген, олардың ішінде егін шаруашылығы және мал шаруашылығымен айналысатын 2 ірі шаруа қожалықтары: «Камышинское» ш/қ, «Заря» ш/қ және 2 ЖШС: «Камышинское-2»ЖШС, «Сугатовка» ЖШС бар.

«Камышинское» ш/қ мен «Камышинское-2» ЖШС бойынша жалпы жұмысшы саны-502, егістігі-10416 га, астық өнімділігі: дәнді дақылдар-17,4 ц/га, күнбағыс-12,0 ц/га, ірі қара мал басы-5650 бас, мал жемді сиыр басынан алынатын сауын сүт мөлшері 6199 кг, бір күндік азық салмақ өсімі 740 гр.

«Заря» ш/қ: жұмысшы саны- 260 адам, егістігі-10781 га, астық өнімділігі-9,6 ц/га, күнбағыс-7,2 ц/га, ірі қара мал басының саны-1042, мал жемді сиыр басынан алынатын сауын сүт мөлшері 2484 кг, бір күндік азық салмақ өсімі 480 гр.

Жеке меншік секторы бойынша: ірі қара мал басы-1474, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 57 басқа артық; шошқа-2528 бас, 2010 жылмен салыстырғанда 17 бас артық; қой-522 бас, 2010 жылмен салыстырғанда 37 бас артық; жылқы-115 бас, 2010 жылмен салыстырғанда 3 бас артық, құстар:-10420 бас, 2010 жылмен салыстырғанда 21 бас артық.

Білім. Округ аумағында Кенюхово және Горкуново бастауыш мектептерін қайта ұйымдастару жүргізілген, қазіргі уақытта екі «Мектеп-бала бақша» ММ және бір «Камышинка мектеп-балабақша» кешені» ММ негізгі мектебі жұмыс жасайды. 2011 жылы онда 161 оқушы білім алып, мектеп бітірген 11 түлектің ЖОО тапсырғаны-4, соның ішінде 1-і мемлекеттік білім гранты бойынша білім алуда. Жалпы білім сапасы-49,6 % болса, ҰБТ қорытындысы бойынша -82,6 % құрайды.

«Сугатовка мектеп-балабақша» кешені» ММ: 2011 жылығы оқу жылындағы оқушы саны 173 болса, оның 9-ы мектеп түлегі. Мектеп бітірген түлектер арасында ЖОО тапсырғандар саны-4, мемлекеттік білім гранты бойынша оқуға түскендер саны-1, ал мектеп бойынша жалпы білім сапасы- 33% құраса, БҰТ нәтижиесі- 74,3 % көрсетті.

«Пруггерово негізгі мектебі» ММ 2011 жылғы жалпы оқушы саны -70, соның ішінде негізгі орта мектепті бітірген 8 түлектің 2-і колледжге тапсырып, жалпы білім сапасы мектеп бойынша-67 % көрсетті.

Округ мектептерінде дәрігерлік қызмет көрсету және оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету ұйымдастырылған. Мүмкіндігі шектеулі балаларды үйден оқыту да екі оқушы қамтылып, олардың сабақтары жеке арнайы үйде оқып білім алатын мүгедек балалардың жоспары негізінде жүргізіледі. Мектеп жасына дейінгі 101 бала арнайы балабақшада тәрбиеленуде.



Денсаулық сақтау. Вавилон селолық округі бойынша 4 (бірлік) дәрігерлік мекеме бар, олардың екеуі отбасылық дәрігерлік емхана болса, қалған екеуі фельдшерлік амбулаториялық пункт. Екі отбасылық дәрігерлік емхана санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етілген. Дәрігерлік қызметкерлер саны-9 адам, олардың 1-і дәрігер және қалған 8 адамы орта дәрігерлік қызметкер.

Мәдениет және спорт. Вавилон селолық округінде екі мәдениет үйі және үш ауылдық клуб жұмыс жасайды. Екі ауылдық кітапхана бар, олардың барлығы телефон, компьютермен жабдықталған. Селолық округтегі ауыл жастарының салауатты өмір салтын сақтауда мектептің дене шынықтыру және спорт пәнінің мұғалімінің ұйымдастыруымен спорттық секциялар (баскетбол, волейбол, жеңіл атлетика, күрес) жүргізіледі.

«Камышинское» ш/қ «20 қайырымды іс» акциясы шеңберінде Камышинка селосының мектеп оқушыларына жалпы сомасы бір миллион бес жүз теңгеге спорттық жабдықтар алып берді. Шаруа қожалығының жәрдемінің және мектеп оқушыларының көмегімен хоккей қорабы жасалды.



Инфрақұрылым. 2011 жылы бюджеттен 3 млн. 471 мың теңге бөлініп, оның 2 млн. 800 теңгесі көшені жарықтандыруды қалпына келтіруге жұмсалынса, 671 мың теңгесі оның жұмыс істеуіне пайдаланылды. Бөлінген қаражат толығымен игерілді.

Телефондандыру. Округ бойынша 678 телефон номері бар. Ұялы байланыс желісі бар.

Жол. 2011 жылы «Автокөлік жолдарын сақтау» бағдарламасы бойынша бюджеттен 2 млн. 173 мың теңге қаржы бөлініп, оның 2 млн ағымдағы жөндеу жұмыстарына, қалған 173 мың теңгесі қысқы мерзімдегі жолды жөндеуге жұмсалынды.

Округтегі қоғамдық-саяси ахуал қалыпты деңгейде. Округ аумағында учаскелік полиция инспекторларының жетекшілігімен қылмыстың алдын-алу, сонымен қатар әкімшілік жауапкершілік, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде көптеген жұмыстар атқарылуда. Есеп беру кезеңінде 32 шұғыл алдын-алу іс-шаралары жүргізілді. Бас бостандығынан айырылғандар ортасынан босап шыққан тұлғалар учаскелік полиция инспекторының бақылауына алынған. Қазіргі уақытта селолық округ аумағында бас бостандығынан айырылу орындарынан босап шыққан 3 адам жұмысқа қамтылды.



Шемонаиха ауданы әкімінің тұрғындар алдындағы есебінде қойылған сұрақтар:

  1. Камышинка отбасылық дәрігерлік емханасындағы бас дәрігердің бос орнына қабылдау туралы кадр мәселесін шешу. Мәселе бақылауда қалады.

  2. Округтегі елді мекендердегі электр желісінің апатты сөндірілу мәселесі жайлы. Жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мәселе бақылауға қалтырылды.

  3. Интернет жұмысы туралы. Кабель төселді, қажетті аппаратура орнатылды.

Қаржылық-бюджет саласы. 2011 жылы жергілікті салықтың жер салығы бойынша 472776 теңге, мүліктік салықтан-196276 теңге қаржы түсті. 2011 жылғы бюджеттің қоры қаржыландыру жоспарына сай игерілді.

Тұрғындарды әлеуметтік қорғау. Селолық округтегі селолардың әлеуметтік мәселелер туралы жағдайларын қалыптастыруда шаруа қожалықтарымен меморандумдар жасалынды, соның нәтижиесінде «Камышинское» ш/қ 14570 теңге, ал «Заря» ш/қ 4080 теңге сомасында қайтарымсыз көмек көрсетті. Осы меморандумдарға сәйкес шаруашылық есебінен: жеке секторларда мал жаю, тұрғындарды сумен қамтамасыз ету, жеке аулалардағы қоқысты шығару, бақша жырту, картопты калорад қоңызынан өңдеу, картоп отырғызуға жер телімін беру, қатты азық түрлерін тасымалдау, ескерткіштерге жөндеу жұмыстарын жүргізу ұйымдастырылды.

2012 жылы Вавилон селолық округі бойынша дамудың келелі мәселелері: 1. Округтегі Сугатовка, Кенюхово, Горкуново, Пруггерово селолық елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету. Мәселе бақылауда. 2. Шемонаиха-Сугатовка жолына жөндеу жүргізу. Мәселе бақылауда. 3. Ғаламтор жұмысы бойынша. Кабель жүргізіліп қажетті аппаратура орнатылды.

2012 жылдың міндеттері: Селолық округтің елді мекендеріндегі көгалдандыру мен абаттандыру, эстетикалық безендіру мен саниатарлық тазарту жұмыстарын жүргізуді жалғастыру. «Заря» ш/қ ірі қара мал басының санын арттыру. Округтегі ауыл шаруашылық құрылымдарындағы астық өнімділігін арттыру. Кіші ауыл шаруашылық құрылымдарын біріктіруді жетілдіру мәселесі. Селолық округтегі елді мекендердегі мал жерлеу зиратының құрылысы. Селолық округтегі көшелерді жарықтандыруды монтаждау. Кент жолдарын жөндеу.
ВЕРХ-УБА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ
Верх-Уба селолық округінің аумағы 2 елді мекеннен тұрады, тұрғындардың саны – 2373 адам, Верх-Уба с.- 2349 адам, Зауба с.- 25 адам. Селолық округтің орталығынан облыс орталығына дейінгі ара қашықтық -65 км, аудан орталығына дейін -43 км, темір жол станциясына дейін -43 км. Округтің аумағы- 108264 га, оның ішінде елді мекендердің жері -164 га, ауыл шаруашылық жерлері- 22894га, оның ішінде егістік- 11400 га, жайылым- 4780 га.

Ауылшаруашылық құрылымдардың саны - 37, соның ішінде ұсақ -31. Округ аумағында шағын бизнес субъектілерінен 35, соның ішінде -21 бірлік қызмет көрсету саласы, оның ішінде-16 дүкен, 1 нысан тұрмыстық қызмет көрсету, 1-қоғамдық тамақытандыру нысаны, 3 наубайхана (оның ішінде 2-і жабылған), 1 май зауыты, 1 тұшпара цехы. Шағын бизнеспен қамтылғандардың саны-68 адам. Малдың саны (бас) -986 ІҚМ, сиыр-400, жылқы-208 бас, шошқа-1383 бас, құс саны-4434. 1829 ц. ет, 13000 ц. сүт өндірілді, 1 сиырдан 3377 кг сүт шығады, 520 мың тал жұмыртқа өндірілді, жиналған дақылдар-11680 мың тонна –дәнді дақылдар және 807,5 мың тонна -күнбағыс, дақылдардың өнімділігі-12,5 ц/га құрады, күнбағыстыкі -6,1 ц/га.

Білім беру. Округ аумағында 1 орта мектеп бар. Балалардың саны -420 адам, 126 адам-мектепке дейінгі жаста, 296 оқушы, компьютерлендірілген және Ғаламтор жұмыс істейді. 2011 жылы оқушылардың білім сапасы -36%, ҰБТ бойынша орта балы -79. Мектептің түлектері-18, жоғары оқу орындарына түскендердің саны- 2 адам, оның ішінде тегін түскендер жоқ, колледжге түскендер-9 адам. Мұғалімдердің саны -33 адам.

Медициналық мекемелер-1 (бірлік), санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етілген-1, мед. персоналдың саны - 6 адам, оның ішінде - 1 дәрігер, 4 - медперсонал, басқа персонал- 1 адам.

Селолық округтің аумағында Верх-Уба селосында селолық клуб бар. Ғимараты «Защита –Уба» ЖШС теңгерімінде. Кітапхана -1 бірлік.



Округтегі қоғамдық-саяси жағдай тұрақты. 2011 жылы полицияның учаскелік инспекторларымен қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті қорғау мен қоғамдық қауіпсіздікті қорғау бойынша жұмыстар жүргізілді.

2011 жылы әкімнің есебінде тұрғындардың атап өткен мәселелері:

Телефонмен сөйлесудің басылмалары ұсынылмайды – басылмалар Ғаламтор арқылы электронды түрде немесе телефон номерінің иесінің сенімхаты бойынша ұсынылуы мүмкін.

- Верх-Уба селосының аумағында подстанцияның нашар жұмысынан 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап электроэнергия жиі сөніп қалады; Фестивальная көшесінде электроэнергияның қуаты өте төмен - Верх-Уба селосының подстанциясы мен КТП құралдарды жөндеу бойынша бірқатар ісшаралар жүргізілді

- Верх-Уба селосындағы «Қазпошта» АҚ үй-жайы бойынша қызмет көрсетілетін үй-жайын ұлғайту туралы немесе жаңа үй-жай сатып алу жөніндегі мәселені қарау ұсынылды – «Қазпошта» АҚ басшысы жауап берді:

- Қаржыландырудың азаюына байланысты жаңа үй-жайды салу құрылысы 2014-2015 жылдарға көшірілді.

2011 жылы жергілікті салық саны-2465 мың теңге, 2010 жылы салықтар 1769 мың теңге. Өткен жылы жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жүгінген 2 азамат жұмыспен қамтылды, есепке алынған жұмыссыздар саны-13 адам, құрылған жаңа жұмыс орындарының саны-2. Жыл басынан қоғамдық жұмыстарға жіберілгендер-13 адам, «Жол картасы» бағдарламасы бойынша оқуға жіберілгендер-3 адам. Табыстары күнкөріс шегінен төмен-137адам, жылына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушылар-17 отбасы, тұрғын үй көмегін алушы-17адам, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы- 15 отбасы.

Елді мекендердің ішінде жолдарды жөндеу бойынша-ауыл шаруашылық құрылымдарының өз күшімен жүргізіледі, қашықтығы-36 км. 30 км-ден астамы грунттық төсеніш және ол 2-3 маусым пайдаланылған соң тозады. 2011 жылы 3 км астам жол жөнделді, яғни, 180 машина шығарылып, көшелерге тас төселді, ол тегістеледі (Коллективная, Фестивальная, Центральная көшелері)

Верх-Уба селолық округте шаруашылық субъектілермен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды, оның аясында елді мекендерді жарықтандыру, санитарлық тазалау. 4,707 млн. теңге сомасына барлығы 24 меморандум жасалды, аз қамтамасыз етілгендерге көмек көрсету арқылы 5,558 млн.теңге орындалды - нағыз өнімдермен беруді қамтамасыз ету, көлікті бөлу және жұмысты орындау, халықты жеммен, көмірмен, отынмен қамтамасыз ету, ҰОС ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін марапаттау мен мерекелік ісшаралар өткізу. Бздің округтің көмекті қажет ететін барлық кәсіпкерлерге көрсетілген көмек үшін алғысымызды білдіреміз.



Ардагерлер кеңесі (төрағасы Полторак А.Ф.). 2011 жылы мынадай жұмыс жүргізілді: аз қамтамасыз етілген азаматтарға көмек, тыл еңбеккерлері мен ҰОС қатысушыларына әлеуметтік карталарды ресімдеуге көмек көрсету, қайырымдылық акцияларға қатысу, мемлекеттік және халық мерекелеріне, елді мекендерді абаттандыру бойынша акцияларға қатысу.

Жастар ұйымы. «Жастық» атты жастар ұйымының активі селолық округінің әкімімен, ҰОС ардагерлерімен, егіс еңбеккерлерімен кездесулер өткізіп тұрады, барлық ісшараларды дайындау мен өткізуге қатысады. Мектеп жастар мен балаларға арналған мәдени-ісшаралар дайындайды. Ардагерлер кеңесімен бірге ҰОС Жеңістің 66 жылдығын тойлау бойынша ісшаралар өткізілді, ауған әскерлерімен кездесу, тыл еңбеккерлерімен кездесу өткізілді. Ардагерлер кеңесімен бірге жалғыз тұратын қарт адамдарға көмек көрсету бойынша, мектеп аумағын абаттандыру бойынша «Мейірімділік» жасағы жұмыс істейді.

Кәсіпкерлер кеңесі. Округті абаттандыру және әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша негізгі жұмыс округ кәсіпкерлерінің кеңесінде шешімін тапты.

Отбасы істері және гендерлік саясат бойынша комиссия – бейберекет отбасылардағы әлеуметтік жағдай бойынша мәселелер, мектеп жасындағы балаларды оқумен қамту, жұмысқа орналастыру, мемлееттік жәрдемақылар алу және т.б. мәселелер шешіледі.

Проблемалар мен міндеттер-округ тұрғындарын сумен қаматамасыз ету қазіргі кезде шешімін таппай отырған мәселе болып отыр. Осы мәселені шешу үшін бұдан әрі ескіргенді күрделі жөндеу немесе 2013-2015 жылдары жаңасын салу.


Волчанка ауылдық округінің әкімі А.А.Гекктің есебі
Волчанка ауылдық округі 2094 адам жалпы санымен 6 елді мекеннен тұрады. Округ аумағы – 42 562 га, олардың елді мекен жерлері 14165 га.

Ауыл шаруашылығы. 01.12.2011 жылғы мал басы жағдайы бойынша – 1198 ІҚМ, сиыр – 530 бас, шошқа – 2995, жылқы – 122, қой басы – 535. Жеке меншік сектормен 300 тонна ет, 880 тонна сүт өндірілді; жалпы түсім: дақылдар – 17 965 тонна, күнбағыс – 3916 тонна, орта түсімділік: дақылдар – 16,3 га/ц, күнбағыс – 9 га/ц.

Округ аумағында шағын бизнес субъектілері жұмыс жасайды: 66 ШҚ, 14 қызмет көрсету саласындағы объектілер, олардың 13 дүкен, 1 тұрмыстық қызмет көрсету объектісі, 3 наубайхана, шағын бизнесте жұмыспен қамтылған саны 24 адам.



Білім беру. Округ аумағында 2 орта мектеп бар. Жалпы балалар саны – 342 адам, оның ішінде 61 мектепке дейінгі жастағы және 281 мектеп жасындағы балалар бар. 2 мектеп компьютерленген, мектептерде Интернет жұмыс жасайды. 2011 жылы оқушылардың білім сапасы – 48,75 пайызды құрады, ҰБТ бойынша орташа балл – 79. ЖОО тегін негізде түскен түлектер саны 2 адам.

Денсаулық сақтау. Округте 4 медициналық мекеме бар олардың ФАП – 3, АДА – 1, санитарлық автокөлікпен қамтамасыз ету – 1 машина, барлық медперсонал саны 7 адам, оның ішінде 2 дәрігер, 5- орта медперсонал. 2010 жылы аурухананың ағымдағы жөндеуі жүргізілді.

Мәдениет. Округ аумағында Волчанка а. клуб және кітапхана бар.

Қоғамдық-саяси жағдай – тұрақты. 2011 жылы қылмысқа, есірткіге қарсы күрес, құқықтық тәртіпті нығайту негізгі бағыттары бойынша ішкі істер органдарының қызметі белсендетілді. Округ аумағында 15-тен астам жедел-профилактикалық шаралар өткізілді. 2011 жылы полицияның учаскелік инспекторларымен қылмыстарды және әкімшілік құқық бұзушылықтарды жою, алдын алу және профилактикасы бойынша, қоғамдық тәртіпті қорғау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілді. Профилактикалық тіркеуге 60 адам қойылды, әкімшілік сотпен 48 адам, спирт ішімдіктерін пайдаланатын 71 тұлға жауапқа тартылды. АПЕМ 10 адам ресімделген, 10 бірлік заңсыз сақталған қару алынды, әкімшілік жауапкершілікке 313 адам тартылды.

2011 жылы Шемонаиха ауданы әкімінің есеп беру кездесуінде қойылған тұрғындардың сұрақтары. Волчанка а. су құбырын жөндеу – бақылауда тұр. Жарықтандыру – Волчанка а. 245,0 мың теңге сомасына 0,5 км қалпына келтірілді. Волчанка-Шемонаиха жолын жөндеу орындалды, Шемонаиха-Большая Речка жолы жартылай жөнделді.

Қаржылық-бюджеттік сала. 2011 жылы 989,0 мың теңге жергілікті салық түсті, 2009 жылы сәйкес көрсеткіш 998,0 мың теңгені құрады.

Халықты әлеуметтік қорғау. Өткен жылы жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша 39 адам өтініш білдірді, жұмыспен 34 азамат қамтылды, тіркеуде тұрған жұмыссыздар саны 5 адам. Ең төмен тұрғылықты кірістері бар округ халқы – 97 адамды құрайды – жалпы санынан 4,5 пайыз, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны – 28 адам, тұрғын үй көмегі – 54, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы алушылар саны – 27 адам.

Шаруашылық субъектілерімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды, меморандум аясында елді мекендерді жарықтандыру, санитарлық тазарту, әлеуметтік көмек көрсету проблемалары шешіледі. 1 млн. 680 мың теңге сомасына 7 меморандумға қол қойылды.



Округтің қоғамдық ұйымдары: Ардагерлер кеңесі – Н.Г.Файкова (Волчанка а.), З.И.Пичугина (Большая Речка а.). 2010 жылы аз қамтылған азаматтарға көмек көрсету, ҰОС қатысушыларға және тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік карталарды рәсімдеу бойынша жұмыс, қайырымдылық акцияларына, мемлекеттік және халықтық мерекелерге, елді мекендерді абаттандыру бойынша айлықтарға қатысу жалғастырылды.

Волчанка ауылдық округінің 2012 жылғы дамуы жөніндегі міндеттері: Округ ауылдарын абаттандыру және Березовка, Большая Речка, Волчанка ауылдарын жарықтандыру бойынша жұмысты жалғастыру. Большая Речка ауылының көшелерін құм себу жөніндегі жұмысты жалғастыру. Волчанка және Большая Речка ауылдарында ҚТҚ полигонына жер телімдерін рәсімдеу бойынша жұмысты жүргізу. Большая речка а. көпірді жөндеуге қаражат бөлу жөніндегі мәселені шешу.
ВЫДРИХА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ Л.Н.СТУПЕНЬКОНЫҢ ЕСЕБІ
2011 жыл көлемінде жүргізілген барлық жұмыстар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналды және ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталды. Бұл іс-шаралар легі жастарды келісім, қайырымдылық істеріне, қазақстандық патриотизмге баулуға көмегін тигізді.

Выдриха ауылдық округінің жалпы аумағы 57800 га, елді мекендердің жер аумағы 269 га, ауылшаруашылық себілім аумағы 37100га, егістік 17770га, жайылым 2484 га алып жатыр. Округтің орталығы- Выдриха ауылы. Округтің құрамына елді мекен, жалпы тұрғындардың саны 2522 адам, Выдриха ауылында 2314 адам, Межовка ауылында-208 адам. Тұрғындардың этникалық құрамы 15 ұлттан құралған.



Ауыл шаруашылығы. Округ тұрғындарының күн көрісі –ауыл шаруашылығымен айналысу, бұл мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы. Селолық округтің аумағында 91 ауылшаруашылық құрылымдары бар-оның 4-і ЖШС және 87 шаруа қожалықтары. Өз бетінше 22 ш/қ жұмыс істейді. Басқалары бірлесе жұмыс істеуге шарттары бар. Ауылшаруашылығын өндірушілерінде 29149 гектар а/ш жерлері бар, соның ішінде 17951 га егістік, 2310 шабындық және 7563 га жайылым жерлер. 2011 жылы дәнді дақылдарға 11441 га аумағы, жалпы өнім -19092 тонна, орташа өнімділік 16,7 ц/га, күнбағыс -4580 га жерге себілді, өнімділігі-6294 тонна, орташа өнімділік- гектарынан-13,7 центнерді құрады. Ауылдарда мал шаруашылығын дамыту тұрғындар мен «Выдрихинское» ЖШС негізінде құрылуда.

2011 жылы ауылдық округ аумағында ауылшаруашылық құрылымдарын дамытуға -61383,032 мың теңге қаражат құйылды. («Выдрихинское» ЖШС, «Э.В.Циглер» ш/қ) -24,786 мың теңге сомасына тыңайтшыштар сатылып алынды. («Выдрихинское» ЖШС)

Білім беру. Округ аумағында «Выдриха «А.Иванов атындағы мектеп-балабақша» кешені» ММ жұмыс істейді. Мектепте 1-11 сыныпқа дейін -288 оқушы, мектепке дейінгі біліммен -33 бала, балабақшада -43 бала қамтылған. ҰБТ бойынша орташа балл-75 %, оқушылардың білім деңгейінің сапасы-52% құрады. Мектепте балалардың денсаулығы бақылауға алынған. Үй жайында білім алатын балаларға қосымша сабақ ұйымдастырылып, 2 оқушы үй жағдайында жеке жоспар негізінде білім алуда. Оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастырылған.

Денсаулық сақтау. Округ аумағында бір медициналық мекеме- ауылдық дәрігерлік амбулатория тұрғындарға қызмет көрсетеді, автокөлік және медицина қызметкерлері, барлығы 8 адам, соның ішінде 2 дәрігер, 6 орта медицина қызметкерлері бар. 1 төсек орын стационар негізінде емделу орны ашылып, бұл жерде ОАА дәрігерлеріне жолдама алады, жоспарлы емдеу түрлерімен қызмет көрсетіледі, таблеткамен, тамырға және иньекциямен емдеу, терапевт дәрігер Н.П.Леонтьева қабылдайды. Қатты ауырған аурулар жедел түрде облыстық және орталық ауруханаларға жолданады.

Мәдениет және спорт. Ауылда бір кітапхана және Мәдениет үй бар. Кітапхана МҮ типтік имаратында орналасқан- компьютер, телефон, -25000 дана кітап қоры бар. МҮ сыртқы көрінісі тұрақты түрде әрленіп, жағдайға байланысты жөндеу жұмыстары жүргізіліп отырады, мәдениет ошағы ретінде этикалық нормаларға сәйкес келеді. Ғимарат «Выдрихинское» ЖШС теңгерімінде. Аумағында «Выдриха «А.Иванов атындағы мектеп-балабақша» кешені» ММ ғимаратында ұйымдастырылған.

Округ аумағында жеңіл атлетика, баскетбол, ат спорты түрлері дамып келеді. Округте ат спорты бойынша әдіскер-нұсқаушы Роман Владимирович Швенке (0,5 ставка) «ОФК және С» ММ жұмыс істейді. 2011 жылы «20 қайырымды іс» акциясы аясында хоккей қорабы салынды.



Инфрақұрылым.

Жарықтандыру. 2011 жылы 2321,0 мың теңге, Жол картасы аясында-1300,0 мың теңге есебінен қаржы Выдриха ауылының Центральная көшесінде жарықтандыруды қалпына келтіру үшін толықтай игерілді. (39 шам). Межовка ауылында жарық беруге (11 шам), төлемге барлығы 1021,0 мың теңге жұмсалды.



Телефонизация. Ұялы байланыс-630 (596,34) жұмыс істейді.

Жолдар. Выдриха ауылында 2 км жуық, Межовка ауылында 5 км жол төсемі жөнделді. 2011 жылы бюджеттен 45,0 мың теңге жолдарды ұстауға бөлінді.

Округтің қоғамдық-саяси жағдайы тұрақты. Округ аумағында 20-ға жуық шұғыл алдын алу іс-шаралары жүргізілді. Учаскелік полиция инспекторы қылмыстың алдын алу және әкімшілік құқық бұзу, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қорғау бойынша жұмыстарды жүргізіп отыр.

2011 жылы Шемонаиха ауданы әкімінің есеп беру кездесуі кезінде тұрғындардың түскен сұрақтары:

1. Выдриха ауылында күндізгі стационарға емделуга қосымша орын бөлу.- 1 орын ашылды.

2. Телефон желісі жүргізілді. Округте 630 телефон нүктесі жұмыс істейді, соның 182 желіссіз.

Қаржылық-бюджеттік саласы. 2011 жылы жергілікті салық түсімі: жер салығынан-519 мың теңге, мүлік салығы- 171,6 мың теңге, ал 2010 жылы барлық салық түсімі 588 мың теңге болды. 2011жылы бюджет қаржысы қаржыландыру жоспарына сәйкес игерілді.

Тұрғындарды әлеуметтік қорғау. Тіркелген жұмыссыздар саны -1 адам, 5 адам қоғамдық жұмысқа тартылды. Күн көрісі төмен отбасылары-16 адам. 2011 жылы атаулы әлеуметтік көмекті 16 адап, адрестік көмекті-19 адам, тұрғын-үй көмегін -72 адам алды. Ауылдық округтегі кәсіпорындарда және мекемелерде жалақы беру бойынша қарыз жоқ.

Әлеуметтік жағдайды тұрақтандыру үшін және әлеуметтің маңызы бар мәселелерді шешу мақсатында, бірлесе жұмыс істеуде 12 меморандумға қол қойылып, еңбек құқықтарын сақтау бойынша, бірінші кезектегі тауарлар мен азық-түлік бағасын өсірмеу туралы 11меморандумға қол қойылды. Дәрігерлік пункт «Н.А.Колмогорова» ш/к, сауда нүктелерінің иелері «Бежко» ш/к, «А.Р.Галяпина» ш/к, «З.Б.Каликулина»ш/к, «С.В.Батуев» ш/к, «В.А.Затула» ш/к әлеуметтік бөлімдер ашылды. 2011 жылы «Тәуелсіздіктің-20 жылдығына-2 қайырымды іс» акциясы аясында округтің ауылшаруашылық өндірушілерімен жауапты әлеуметтік бизнес туралы 27140,5 мың теңге, меморандумы жасалып, 24215,5 мың теңге игерілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет