Құрметті Delphi-қолданушылар!!



жүктеу 53.18 Kb.
Дата06.03.2016
өлшемі53.18 Kb.
Құрметті Delphi-қолданушылар!!

Қазіргі кезде заман талабына сай қандай да бір орта бойынша программа мүмкіндіктерін кеңейту немесе программа жұмысын қолданушыға ыңғайлы етіп баптау қызметтері үлкен сұранысқа ие болып отыр. Бұл қызметтерді іске асыру үшін қолданушыдан программалау саласы бойынша нақты бір білімнің болуын талап етеді. Оған қарапайым ғана мысал Microsoft Office пакеті программаларына макростар жазуды айтуға болады. Қазіргі таңда шығарылып жатқан программалардың көпшілігі мүмкіндіктері жағынан мейлінше кеңейтілген, жұмыс істеуге ыңғайлы, амалдарды орындау жылдамдығы мен сапасы ескерілген болып жасалынады. Осыған қарамастан кейбір қолданушылар программаның нақты бір қызметтерін ғана пайдаланатын болғандықтан немесе кейбір қызметтер мүлдем керек болмағандықтан сол программа қызметтерін баптауға тура келеді. Сол сияқты соңғы уақытта кеңінен қолдау тауып келе жатқан Web-программалау, яғни Интернет құжаттарына арналған программалау жүйесі қарқындап дамып келе жатыр. Программисттер өнімдері сапасы, қызмет көрсету саласы жағынан нашар, қанағаттанарлықсыз деп айтуға болмайды. Бұл дегеніміз әр сала бойынша программа мүмкіндіктерінің жекеленген қызметтерін ғана пайдалану қажеттілігінен туындайтын қызмет саласы деп түсіну қажет.

Соңғы онжылдықта программалау курсы мектеп курсы бойынша біршама көлеңкеде келе жатыр деуге болады. Оған әсер етуші факторлар мыналар:

1. Программалау мектеп информатика курсының қиын тақырыптарына жатады да, көптеген оқушылар бұл тақырыпты дұрыс меңгермей жатады.

2. Программалық жабдықтардың заманауи дамыған кезеңінде нақты бір сала бойынша маманға нақты программалау қызметі қажет болмайтын программалық жабдықтардың шығуы аталған мәселені толық шешеді деген көзқарастың қалыптасуы.

Мен бұл аргументтерге келісім бермеймін және программалау курсының қажеттілігін қолдауға негізделген өз аргументтерімді ұсынамын:

1. Программалау курсы шындығында да қиын материалдардың бірі. Бірақ бұл басқа материалдар бұған қарағанда жеңіл деген сөз емес. Программалау курсы нәтижесінде нақты аяқталған өнім алынатын тақырыптарға жатады. Оның ішінде дұрыс жұмыс істейтін болса ғана.

2. «Алгоритмдеу және программалау курсы» тақырыптарын зерттеу нәтижесінде алынатын дағдылар, олар жалпы-ғылыми болып келеді. Оқушы есепті дұрыс шешуі үшін ол келесі мәселелерді жетік түсінуі керек:

а) Есептің қойылымын нақты түсіну, есепті детальді және формальді түрде қарастыру;

ә) Есептің қиындығы жағынан қай деңгейге жататындығын анықтай алуы қажет, қандай әдістерді қолданып есепті шешуге болатындығын білуі керек;

б) Есепті шешу алгоритмін құра білуі қажет;

в) Құрылған алгоритмді іске асыратын программа құра білу қажет;

г) Программа жұмысына талдау жасай білуі қажет;

д) Қате табылған жағдайда алгоритмді анықталған қате қайталанбайтындай етіп құра білуі қажет.

Бейнежаттығулар неліктен Delphi ортасын зерттеуге негізделді? Неліктен Delphi? Оның себебі информатика курсынан 9-сыныпта оқушылар TurboPascal программалау тілін үйренеді. Паскаль тілі компьютер үшін де, қолданушы үшін де үйренуге ыңғайлы тіл болып келеді. Қарапайым программалармен қатар, күрделі ғылыми-өндірістік мәселелерді де шеше алатын құрылымдық тіл болып саналады. Программалауды жаңадан үйренетін қолданушыларға программа құру реттілігін алгоритмдік тәртіппен қарастыратын, қолданушыларды ұқыптылыққа, іс-әрекеттердің қатаң реттілігіне тәрбиелейтін тіл болып табылады. Құрылымы жағынан алгоритмдік тілге өте ұқсас болып келеді. Және бір жағынан қазіргі кезде әлемдегі көптеген мемлекеттердің оқу орындары программалау курсын меңгеруді осы тілді зерттеуден бастап отыр. Ал, Delphi тілі құрылымы жағынан TurboPascal программалау тіліне өте ұқсас болып келеді. Сондықтан бағдарлы оқыту курсы негізінде Delphi программалау ортасын зерттеу негізінде дайындалған бейнежаттығуларымды назарларыңызға ұсынамын. Бейнежаттығулар көмегімен қолданушылар ақпаратты бір мезгілде көру, есту мүшелері арқылы қабылдап, материалдарды меңгеру деңгейі жоғары болады.

Соңғы уақытта оқытудың қашықтықтан оқыту формасы кең қолдау тауып келе жатқаны белгілі, сондықтан оны тиімді түрде оқыту мәселесі алдыңғы кезекте тұрады. Заманауи ақпараттық технологиялар арқасында қашықтықтан оқыту формасын пайдаланып жүрген қолданушыларға мәтіндік форматта ғана жазылған электрондық оқулықтарды ұсынып қана қоймай, сонымен қатар бейнежаттығулар форматын да ұсынуға болады. Материалды көпшілікке ұсыну әдісі оның игерілу деңгейіне тікелей әсер етеді. Оқыту процесін белсендіруді қашықтықтан оқыту мақсатында бейнежаттығуларды мейлінше тиімді пайдалану керек. Олар аудио-визуальді контент, әр түрлі тұсаукесерлер, монитор экранында жүріп жатқан іс-әрекеттердің жазбасы болуы мүмкін. Бейнежаттығулар білімді өздігінен алуға көп көмектеседі. Кез келген материалды меңгеруде алдымен теория, содан соң практикалық материалдарға жүгінеміз. Ал бейнежаттығуды тыңдау барысында қолданушы бірмезгілде теориялық-практикалық ақпараттарды мысалдар жүзінде қабылдап, оны есте сақтау жеңіл болады, өйткені материалды үйрену процедурасы қадамдарға бөлінгендіктен түсінікті болады. Бейнежаттығулар көмегімен қолданушылар бұрын соңды көрмеген, болмаса сынақтан өткізбеген амалдардың орындалуын үйренеді. Көптеген бейнежаттығулар материалды меңгерудің авторлық әдістемесін ұсынады, олар алдын ала тәжірибеде сынақтан өткізіледі.

Назарларыңызға Windows ортасында дайындалған Delphi программалау ортасын үйренуге негізделген бейежаттығуларымды ұсынамын. Жаттығулар Delphi программалау ортасын жаңадан бастап үйреніп жүрген қолданушылардан бастап программалауды орта деңгейде меңгерген қолданушыларға да арналады. Бейнежаттығулар қазақ тілінде жұмыс істейтін қолданушыларға көмекші құрал ретінде септігін тигізері сөзсіз. Қазақ тіліндегі ақпарат қорының мөлшері Ғаламторда өте аз екендігін ескеру керек. Бейнежаттығулар мазмұны:

1-жаттығу. Delphi ортасымен алғашқы танысу.

2-жаттығу. Кез келген 2 санды қосу.

3-жаттығу. CheckBox компонентін пайдалану.

4-бейнежаттығу. RadioButton компонентін пайдалану.

5-бейнежаттығу. Кез келген 3 санның үлкенін табу.

6-бейнежаттығу. Квадрат теңдеуді шешу.

7-бейнежаттығу. Таңдау командасын ұйымдастыру.

8-бейнежаттығу. ComboBox компонентін пайдалану.

9-бейнежаттығу. Мәтіндік деректермен жұмыс.

10-бейнежаттығу. Сұхбат терезелерімен жұмыс.

11-бейнежаттығу. Файлдармен жұмыс.

12-бейнежаттығу. Бумалармен (католог) жұмыс.

13-бейнежаттығу. Қарапайым мәтіндік редактор.

14-бейнежаттығу. Көп терезелі қосымша құру.
Назарларыңызға 2-жаттығуды (Кез келген 2 санды қосу) орындаудың графиктік әдісін ұсынамын. Жаттығуды орындау үшін екі Edit компоненттері және бір Button, бір Label компоненттері қажет болады. Компоненттер формаға кірістірілген соң Button компонентінің процедурасына кіріп келесі командалар тізбегін енгізу керек:

a:=StrToFloat(Edit1.Text);

b:=StrToFloat(Edit2.Text);

c:=a+b;


Label1.Caption:=FloatToStr(c);

Программаны іске қоспас бұрын a,b,c айнымалылары айнамалыларды сипаттау бөлімінде сипатталуы керек:

var

a,b,c:real;



Болашақта бейнежаттығулар қоры үлкейеді, және ақпарат Интернет жүйесінде тіркеледі, нәтижесінде қолданушылар қашықтықтан оқыту форматы бойынша ақпараттарды еш кедергісіз ала алатын болады.

Құрметті Delphi-қолданушылар!! Заман талабына сай, көпшілік «қара жұмыстарды» компьютер өз мойнына алып жатқан кезеңде қандай да бір сала бойынша мамандық иесі болу қолданушылардан білімнің жан-жақты болуын талап етеді. Delphi программалау ортасы бойынша азғантай да біліміңіз болса, сол білімді пайдаланып, программалау саласы мамандарына жүгінбей-ақ өз мәселеңізді біршама жеңілдетуге мүмкіндігіңіздің бар екендігін есіңізге салғым келеді.



Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!!


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет